Мұғалімнің сөзі. Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты

Бұл сабақ оқушыларға мамандықтар әлемін таныстырып, олардың қоғамдағы рөлін түсіндіруге, жаңа сөздерді меңгертуге және еңбекке құрметпен қарауға бағытталған.

Білімділік

Өткен тақырыптармен байланыстыра отырып, мамандық иелерінің не істейтінін және қайда жұмыс істейтінін ұғындыру.

Дамытушылық

Сөздік қорды байыту, жаңа сөздермен сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыруға үйрету; мәнерлеп оқуға және сауатты жазуға жетелеу.

Тәрбиелік

Барлық мамандық иелерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері

  • Баяндау, мәнерлеп оқу
  • Сөздік жұмысы, суреттермен жұмыс
  • Әңгіме құрастыру, тірек-сызбалар

Көрнекіліктер

Суреттер Сызбалар Кесте Интербелсенді тақта

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Жұмыс ырғағын қалыптастыру
  • Кезекшімен сұхбаттасу, оқушыларды түгендеу.
  • Оқушылардың көңіл күйін бақылау, сабаққа бағыттау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Қайталау және бекіту

1) «Бұл кімдер?» өлеңін мәнерлеп оқу

Мақсаты: өлең мазмұны арқылы мамандық иелерін анықтау.

Алып жатқан жан-жақты
Үйлерді кім тұрғызды?
Жарқыратып жан-жақты
Жердегі көп жұлдызды.
Балалар, не білдіңдер,
Білгеніңді айт, бұл кімдер?...

Үстіндегі киімді кімдер тігіп береді?
Газет-журнал үйіңді
Қалай тауып келеді?
Бұл жайлы не білдіңдер,
Білгеніңді айт, бұл кімдер?

2) Тірек-сызба құрастыру

Өлең жауабына сүйене отырып, «Мамандық» тақырыбы бойынша тірек-сызба жасалады.

жүргізуші ғарышкер заңгер пошташы құрылысшы шекарашы тігінші

Тапсырма: әр мамандықтың қызметін және жұмыс орнын атау.

3) Суреттер бойынша сөйлем құрастыру

Интербелсенді тақтада дәрігер, мұғалім, бағдарламашы, ұшқыш, заңгер суреттері көрсетіледі. Оқушылар сол суреттерге сүйеніп жазбаша сөйлем құрайды.

Мысал

Дәрігер не істейді? Дәрігер емдейді. Ол емханада жұмыс істейді.

4) Еңбек туралы мақал-мәтелдер

Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.

Сүйіп істеген іс шаршатпайды.
Еңбек — адамның көркі,
Адам — заманның көркі.

Қорытынды: мақал-мәтелдің мағынасын қысқаша түсіндіру.

III. Жаңа сабақ

Тақырыппен танысу

Кіріспе сөз

Ата-ананың тілегі —
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тірегі —
Адал болып өскенің.
Отаныңның арманы —
Жақсы маман болғаның.

IV. Жаңа сөздермен жұмыс

Сөздік қор

Шыдамды — терпеливый

Жауапты — ответственный

Салмақты — серьезный

Қызмет ету — служить

Мейірімді — добрый

Еңбек ету — трудиться

Ұстамды — сдержанный

Орындау тәртібі

  1. 1 Мұғалім жаңа сөздерді дауыстап оқиды.
  2. 2 Екі оқушы кезекпен оқиды.
  3. 3 Бүкіл сынып қайталайды.
  4. 4 Тақтада және дәптерде жаңа сөздермен сөз тіркестері құрастырылады.
жауапты маман мейірімді дәрігер салмақты заңгер

V. «Кім болғым келеді?» — шағын әңгіме

Тірек-сызба

Үлгі құрылым

  • Мен … болғым келеді.
  • Мен … туралы армандаймын.
  • … болғанды ұнатамын. Өйткені …
  • Ол үшін білім керек.
  • Білім алу үшін еңбек ету керек.

Жұмыс форматы

3–4 оқушының әңгімесі тыңдалады. Сынып пікір айтып, ең сәтті сөйлем үлгілерін атап өтеді.

Бағалау өлшемі: ойдың анықтығы, жаңа сөздерді қолдану, сөйлемнің сауаттылығы, мәнерлеп айту.

VI. Оқулықпен жұмыс

Диалог

Диалогты толықтырып, жұппен өзара сөйлесу ұйымдастырылады.

VII. Сабақты қорытындылау

Сұрақ-жауап

Көз не үшін керек?

Көру, бақылау, оқу және тану үшін.

Қол не үшін керек?

Еңбек ету, жасау, көмектесу үшін.

Мамандық не үшін керек?

Қоғамға қызмет ету, пайда келтіру және өз орныңды табу үшін.

VIII. Өлең тыңдау

Мәнерлеп оқу

Дәрігер туралы

Іш ауырса, тіс ауырса
Дәрігер дәрі береді.
Барлық бала, барлық адам
Оны жақсы көреді.

Аспаз туралы

Тоқтықтың бар тарқалуы,
Ас — адамның арқауы.
Аспаз бола алмайды
Адамдардың жалқауы.

IX. Бағалау

Нәтиже

Оқушылардың қатысуы, сөйлеу дағдысы, тапсырмаларды орындауы және жаңа сөздерді қолдануы ескеріле отырып бағаланады.

X. Үй тапсырмасы

Жеке жұмыс
  • Мәтінді оқып, аудару.
  • Сұрақтарға жауап беру.