Тәрбие ошағы мектеп

«Біз таңдаған Президент»

Бұл тәрбие сағатының мақсаты — жас ұрпаққа Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сан қырлы тұлға екенін таныту, ел тәуелсіздігі мен бірлігі жолындағы еңбегін түсіндіру, азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштік құндылықтарын дәріптеу.

Мақсаты

Жас ұрпаққа Елбасының ел дамуына қосқан үлесін таныту, ұлт абыройын асқақтатқан тарихи кезеңдерді зерделету.

Міндеті

Елін сүйген тұлғадан үлгі алып, білімге ұмтылуға, бірлік пен ынтымақты қадірлеуге тәрбиелеу.

Форматы

Тәрбие сағаты: әңгіме, өлең оқу, нақыл сөздер, жұмбақтар, тілек айту, ән-күй және би.

Тәрбиеші сөзі: Тәуелсіздік пен Президент күні

1991 жылы тәуелсіздігін алған жас мемлекет — Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. 1 желтоқсан — Президент күні ретінде белгіленді. Бүгінгі тәрбие сағатында әділеттілікті ту еткен, ел егемендігін ойлаған, ынтымақ пен тұтастықты, бірлік пен бейбітшілікті нығайтқан ірі қоғам қайраткері — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы кеңірек мағлұмат береміз.

Өмірбаяннан бір үзік

Балалық шағы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысындағы Шамалған ауылында дүниеге келді. Балалық шағы таршылық кезеңге тұспа-тұс келіп, ол ерте есейіп, үлкендерге мал бағуға, бау-бақшаға көмектесті. Өз естеліктерінде аз-маз өнімді сатып, үйге қажетті зат алу үшін есек жеккен арбамен теміржол стансасына барудың өзі мереке болғанын айтады.

Бірнеше шақырым жердегі мектепке қыстың боранына қарамастан қатынап оқыды. Оқуға зерек болып, білімге ұмтылды, ата-анасын ерекше құрмет тұтты.

Еңбек жолы

Мектепті бітірген соң Қарағанды металлургия комбинатының ірі құрылысына аттанып, еңбек жолын жұмысшы ретінде бастады. Кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып, металлург мамандығын меңгерді.

Шойын құюшы болып, домна пешіндегі көмекші жұмыстарды атқарды, уақыт өте инженерлік деңгейге көтерілді. Осы кезеңде ұйымдастырушылық және көшбасшылық қасиеттері айқын көріне бастады.

Көрнекілік

  • Елбасының суреттері
  • Жүрек пішінді шар
  • Астана қаласының көріністері

Өнер бөлімі: ән және оқушылардың өлеңдері

Ән

«Өз елім» (орындаушылар: Альбина, Айжан)

Оқушылар оқыған тақпақтар

  1. Назерке

    Болашағым — Қазақстанның алдағы,
    Орындалсын қазағымның арманы.
    Елбасымыз — Нұрсұлтан Назарбаев,
    Халқымыздың сенім артқан таңдауы.

  2. Жақсымұрат

    Асқақ болсын еліміздің жалауы,
    Мәңгі жасасын тәуелсіздік алауы.
    Еңбек, достық, бейбітшілік, береке —
    Қазақстанның биік қалауы.

  3. Саяжан

    Міне осындай егеменді еліміз,
    Кең жазира ұлан-байтақ жеріміз.
    Туған елін, туған жерін сүйетін —
    Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.

  4. Олжас

    Еліміздің тыныштығын ойлайтын,
    Халқым, Елбасын әрдайым қолдайық.
    Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған,
    Жасай берсін Нұр ағам!

  5. Альбина

    Биіктей бер, Нұр аға,
    Қыран қанат талмасын.
    Қадірлемей тұра ма?
    Халық сіздей тұлғасын.

  6. Бекжан

    Қиялы ұшқыр, ойлы адам,
    Әлемге болған аты аңыз.
    Ұрпақтың қамын ойлаған,
    Аман-сау жүрші, атамыз.

Нақыл сөздер: білім мен тәрбие туралы

Тәрбиеші: «Балалар, Елбасымыздың нақыл сөздерін білеміз бе?»

  • Әсем

    «Жақсыдан — бақ қалады.»

  • Жазира

    «Тәрбие ошағы — мектеп.»

  • Дильназ

    «Ұлт болашағы — білімді ұрпақ қолында.»

  • Гүлжайнар

    «Қазақ қазақпен қазақша сөйлесейік.»

Танымдық бөлім: фильмдер мен әндер

Қазіргі таңда Президент туралы көптеген іс-шаралар өткізіліп келеді. Соның бірі — «Елбасы жолы» фильмдер топтамасы. Ол үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімі «Балалық шағымның аспаны» атауымен экранға шықты.

Сонымен қатар Елбасы бірнеше әннің мәтінін жазуға қатысқан:

  • «Сарыарқа» (орындайтын: «Бәйтерек» тобы)
  • «Үш қоңыр» (орындайтын: «МузАРТ» тобы)
  • Қазақстан Республикасының Әнұраны — «Менің Қазақстаным»

Тақпақтар (жалғасы)

  1. Арсен

    Серпілгенде бодандықтың тұманы,
    Жеті әлемге ұран болған жыр-әнім.
    Өзің болдың көшбасшысы елімнің,
    Өзің болдың қырандайын қиялым.

  2. Айдана

    Гүлдене бер, Отаным!
    Көтерген туың — Нұр ағам.
    Көбейткен достың қатарын —
    Нұр аға, біздің ұлы адам!

  3. Аяулым

    Отаным дейміз кең-байтақ Астананы,
    Жасыл жайлау, жасыл жол, жас қаланы.
    Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
    Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

  4. Мереке

    Қазақ елі, желбіре көк байрағың,
    Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
    Нұрсұлтан биіктерге бастады,
    Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.

  5. Нұрзат

    Естімейік енді елдің жылағанын,
    Қайта-қайта бостандық сұрағанын.
    Абылайдың жолымен алға басқан,
    Құтты болсын Нұр ағаның нұрлы жолы!

Жұмбақтар

Тәрбиеші: «Мен сендерге жұмбақ жасырамын. Кім жауабын табады?»

  1. Келген емес жайдан-жай,
    Жеңдік барлық езгіні.
    Тәуелсіздік алған ай —
    Жылдың қай мезгілі?

    Жауабы: қыс (желтоқсан)

  2. Тәуелсіздік жолында
    Тапқан жолдың шешімін.
    Президенті қазақтың —
    Айтшы, кәне, есімін.

    Жауабы: Н. Назарбаев

  3. Туымыздан күн қарап,
    Күлімдейді әлемге.
    Күн астында қандай құс
    Қанат қаққан бар елге?

    Жауабы: қыран

  4. Көк аспанның түсі бар,
    Ортасында күні бар.
    Қыран ұшқан қалықтап,
    Кімнің туы — біліп ал!

    Жауабы: Қазақстан

Шынайы тілек: «Жүрек шар» сәті

Тәрбиеші: «Балалар, мына жүрек шарды алып, шын жүректен Елбасымызға тілек тілейік.»

  • Дильназ

    Нұрлы күн болсын!

  • Ерболат

    Елімізде бейбітшілік болсын!

  • Саяжан

    Елбасымыз аман болсын!

  • Әсем

    Қазақстан гүлдене берсін!

  • Биби

    Ана тілімізді құрметтейік!

  • Назерке

    Рәміздерімізді құрметтейік!

  • Темірлан

    Тәртіпті болайық!

  • Гүлжайна

    Сабағымызды жақсы оқиық!

  • Нұрбек

    Еліміз, жеріміз бай болсын!

Би

Бекжан мен Нұрзат — «Жорға» биі

Қорытынды

Тәрбиеші: «Сөзімді жас ұрпаққа, яғни сендерге арнасам деймін. Сендер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатырсыңдар. Сондықтан алдарыңда болашақты өз қолдарыңмен құруға мол мүмкіндік бар. Білім алып, еңбек етіп, бірлікті сақтап, елге қызмет ету — әрқайсымыздың абыройлы міндетіміз.»

Хормен

Әнұран орындалады.

Бүгінгі «Біз таңдаған Президент» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.