ҮІІ Жаңа білімді бекіту
Сабақ туралы мәлімет
Білім беру саласы
Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Сауат ашу
Тақырып
Ү дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Ү әрпін танып, оқуға жаттықтыру.
- Дыбысты дұрыс айтуға дағдыландыру.
Тәрбиелік
- Оқушыларды байқағыштыққа тәрбиелеу.
- Қоғамдық мүлікті сақтауға, ұқыптылыққа баулу.
Дамытушылық
- Өткен сабақта алған білімді бекітіп, жүйелеу.
Көрнекілік және әдіс-тәсілдер
Сабақтың көрнекілігі
Мазмұнды сурет.
Оқыту әдістері
- Көрсету
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Сабаққа зейінін аудару, психологиялық дайындық.
II. Өткен сабақты қайталау
Көру диктанты жаздырылады.
Жаттығу
Үү (бір жолға)
Үзік, үкі, үстел, үлпілдек, үшкір.
Үкі түнде ұшады.
III. Білімді тексеру
- Тізбектей оқыту.
- Жеке оқыту.
IV. Мақсат қою
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
V. Жаңа сабақ
- Кезекші туралы кіріспе әңгіме жүргізу.
- Сынып ішінің тазалығына назар аударту.
- «Кім кінәлі?» мәтінін рөлге бөліп оқыту.
- «Күй атасы» Құрманғазы туралы қысқаша мәлімет беру.
VI. Жаңа білімді тексеру
Сұрақтар
- Ү дыбысы қандай дыбыс?
- Қай буында жазылады?
- Ү дыбысына сөз ойлап айт.
Сергіту және ойын
Сергіту сәті өткізіледі. «Шынжыр» ойыны ойнатылады.
Үлгі сөздер тізбегі
Үміт, текемет, телефон, нан, нар, радио, орман, т.б.
VII. Жаңа білімді бекіту
Тақтамен жұмыс
Жеке сөздер жаздырылады:
Қолғанат
дүние
Үсенбек
Үміт
Елемес
күміс
ұйқы
үйреткен
сүңгуір
аққу
түлкі
темір
мұз
құмырсқа
күшті
мерген
мектеп
жүрек
күрек
түйме
үйшік
Дәптермен жұмыс
Үлгі бойынша берілген тапсырманы жазу.
Жазу барысында әріптің дұрыс байланысуына, жолдан шықпауына және тазалыққа мән беріледі.
VIII. Сабақты қорытындылау
Қорытынды сұрақ: «Бүгін сабақта нені үйрендік?»
- Ү дыбысы мен әрпін тану және дұрыс айту.
- Ү дыбысы бар сөздерді оқу және жазу.
- Ұқыптылық пен жауапкершілікке дағдылану.