Өтірік өлеңді оқу
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Ертегінің мазмұнын ашу және талдау.
Дамытушылық
Ойлау мен пайымдау қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігі мен ой ұшқырлығын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Көркем әдебиетті сүйіп оқуға тәрбиелеу, жамандықтан аулақ болуға баулу және адамгершілік құндылықтарды орнықтыру.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақтың түрі
Дәстүрлі сабақ.
Әдіс-тәсілдері
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Әңгімелеу
Көрнекілігі
- Суреттер
- Таратпа парақшалар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу
- Түгендеу
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын тексеру
Тақырып: «Мен егер батыр болсам…» — ертегі құрастыру.
III. Жаңа сабақ
Ертегі оқиғасы проза түрінде де, өлең түрінде де берілуі мүмкін. «Қырық өтірік» ертегісі — соның жарқын мысалы.
Бұл ертегінің басқа ертегілерден ерекшелігі — айтушыдан аса таланттылықты талап етуі. Ертегінің басты шарты: бір түйір шындық қоспау. Сондықтан оның сюжеттік желісі тартымды әрі қызықты болып келеді.
Ал өлеңмен баяндауда автор оқиғаны жеткізіп қана қоймай, өлең сөздің талаптарын да (ұйқас, ырғақ және т.б.) сақтауы тиіс.
IV. Бекіту
«Автор орындығы» әдісі
Ертегінің мазмұнын сұрақтар арқылы талдатып, оқушылардың ой қорытындысын тыңдау.
Сөздік жұмысы
- Ділмәр
- Тілге шешен, сөзге бай адам.
- Сүймен
- Құрал түрі.
- Кездік
- Кішкентай пышақ.
- Абжылан
- Үлкен жылан, қан ішер.
Топтық жұмыс
- Тазша балаға хат жазу
- Өтірік өлең құрастыру
- Өтірік әңгіме құрастыру
Тазша бала (ерекшелігі)
- Өзі 40 өтірік әңгіме мен өлең шығарды
- Хан алдына өзі келді
- Қиялшыл
Аяз би (ерекшелігі)
- Ханның сұрақтарына тапқырлықпен жауап берді
- Ханның алдына уәзірлері алып келді
- Сыншы
Ұқсастығы
- Екеуі де хан бұйрығын орындады
- Екеуі де тапқыр
- Екеуі де ақылды, шешен, батыл
Шығармашылық тапсырма: сурет салу
Ертегі желісі бойынша төмендегі көріністерді бейнелеу:
- Инеліктерге жүк артып, көшіп бара жатқан көрініс.
- Шегірткенің мұртына атты арқандау.
- Ақсақ қоңызға мініп, қоянды қуған адамның бейнесі (және т.б.).
Кейіпкерлерге мінездеме беру
Оқиға кейіпкерлерінің іс-әрекеті мен тілдік ерекшелігіне сүйене отырып, мінездеме жазу.
Тест
1. «Қырық өтірік» ертегісі ертегінің қай жанрына жатады?
- а) шыншыл
- ә) қиял-ғажайып
- б) аңыз
- в) хайуанаттар туралы
2. Ертегінің басты кейіпкері кім?
- а) хан
- ә) Тазша бала
- б) инелік
- в) халық
3. «Жаным-ай, жас бала көрінесің! ... Тілімді ал да, қайта ғой!» — кімнің сөзі?
- а) хан
- ә) Тазша бала
- б) инелік
- в) халық
4. «Құрығым аласа болған шығар…» — деп, құрықтың басына не жалғадым?
- а) қынымды
- ә) тебенді
- б) пышағымды
- в) қамшымды
V. Үй тапсырмасы
- «Қырық өтірік» ертегісіне жоспар жазу.
- Өтірік өлеңді оқу.
VI. Бағалау
Оқушылардың бағасы үй тапсырмасын орындауы және сабаққа белсенді қатысуы бойынша қойылады.