Мектептің жүрегі, Бала жанының бағбаны

Ұстазға құрмет — ұрпаққа құрмет

Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз әр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне мейірім шуағын төгуде.

Тілек

Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз.

Мағына

Мұғалімнен өнеге, білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған әр шәкірт өз ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі, бала жанының бағбаны» — ұстазға лайық теңеулер.

Өлең жолдары

Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты, ол болмаса, кім береді парасатты.

Асылын беріп шәкірт бойларына, ағартқан сол үшін де қара шашты.

Ұстазға әркім басын ию керек, кемеңгер, ақылшым деп білу керек.

Сен бүгін керемет боп кетсең дағы, жеткізген сол ұстаз деп білу керек.

Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын, ойлайды — олар сонымен ұшталғанын.

Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз, шәкіртінің биікке шыққандарын.

Салтанатты кештің жүргізілуі

Бүгінгі кешіміздің шымылдығын ашу үшін мектебіміздің директоры, ұлағатты ұстаз Мукашева Күлшат Қалиқызына сөз береміз. Кеш бойы сіздердің көңілдеріңізді көтеріп отыруға тырысамыз.

Жүргізушілер

  • Кабдешова Нұргүл
  • Серикова Марина Анатольевна

Бағыт

Ойын профессоры, доценті

Өнер

Би доценті

Сондай-ақ Н. Островский атындағы мектеп-лицейінің жастары өнер көрсетеді.

Қонақтарға сөз кезегі

Келесі сөз кезегін мерекеміздің мерейлі қонақтары — еңбек ардагері ұстаздарға ұсынамыз.

«Екі жұлдыз» додасы

Жұлдыздардай өрнекті аспандағы — ұстаздарым жарқырай бастайды. Жұлдызды жұп болып сахнадағы, додамыз да қыза түседі.

Доданың ашылуы

Ендеше мұғалімдер арасында «Екі жұлдыз» додасын ашық деп жариялаймыз. Жұптарымызбен танысайық.

Шақыру сөзі

«Құлақтан кіріп бойды алар әсем ән мен тәтті күй… Әнді сүйсең, менше сүй» — деп сахнаға бірінші жұпты шақырамыз.

Құттықтау лебі

Әр үстел бойынша құттықтау сөз беріледі.

Ұстазым менің, ұстазым, өзіңмен өткен қыс-жазым. Қалдырған ізің мәңгілік, жадымда тұрар жаңғырып.

Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар — төл мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге арнап сахнаға екінші жұп шақырылады.

Ұстаз еңбегінің биіктігі

Ұстаз — ұлағатты есім. Шәкіртін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар берудегі еңбегі орасан. Сондықтан да ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін алға жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрметіміз әрқашан жоғары.

Көңіл көтерер сәт

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Енді өз әзілдерін ала келген мектебіміздің «Жігер» КВН командасын ортаға шақырайық.

Бауыржан Момышұлының сөзі

«Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз».

Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші тұлға — мұғалім. Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуді мақсат ететін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

Абай атамыз «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, ұстаз еңбегі — қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.

Қорытынды

Мерекелеріңіз құтты болсын! Ұстаздар мерекесіне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!