Адам бойындағы жақсы қасиеттерді таныстыру
Тақырыптар
- 1 Күздің кереметі
- 2 «Шегіртке мен құмырсқа» (А. Құнанбаев, И. Крылов)
- 3 «Егінші мен қасқыр» (литва ертегісі)
- 4 Күзгі орман көріністері (Елемес Салықов)
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға мысал жанры туралы толық мағлұмат беру, ойлау қабілетін дамыту және сыни тұрғыдан ойлауға баулу.
Негізгі идея
Мысалдар арқылы оқушыларды жауапкершілікке және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық ахуал: «Мен — күнмін» тренингі
Мақсаты — оқушылардың бойындағы жақсы қасиеттерді таныту және өз-өзіне сенімділігін арттыру.
Мұғалімнің нұсқауы
- Параққа күннің бейнесін салыңыз.
- Күннің ортасына өз есіміңізді жазыңыз.
- Әрбір шуаққа өзіңіздегі ең жақсы қасиеттерді белгілеңіз.
Оқушының іс-әрекеті
Оқушылар сабаққа жинақталып, тапсырманы орындайды: күн сызбасын салып, ішіне аты-жөнін жазады, ал шуағына өз бойындағы жақсы қасиеттерін тізеді.
Өткен сабақты қорытындылау
«Жасырынбақ» ойыны
Ойын шарты: оқушылар көздерін жұмады. Мұғалім өлең жолдарын оқиды.
Көзім, көзім, көз, Көзімде бар шоңайна. Шоңайнасы кіреді — Көзіңді жұм, абайла!
Тапсырмалар (топтық жұмыс)
1-топ
Тиінге мінездеме беріңіз.
2-топ
Қоянға мінездеме беріңіз.
3-топ
Борсыққа мінездеме беріңіз.
4-топ
«Орман — біздің байлығымыз» деп неліктен айтылады?
Жаңа сабақ
Ой шақыру әдісі: жұмбақ шешу
Жұмбақ 1
Қылдай белі бүгілген, Өзінен де жүгі үлкен.
Жауабы: Құмырсқа
Жұмбақ 2
Өзі қара, шелкілдек, Секіреді селкілдеп.
Жауабы: Шегіртке
I. Хронологиялық кестемен жұмыс
Оқиғалардың реті мен байланысын анықтау үшін хронологиялық кесте толтырылады.
| Кезең | Оқиға | Қорытынды |
|---|---|---|
| Басы | ... | ... |
| Дамуы | ... | ... |
| Шарықтау шегі | ... | ... |
| Соңы | ... | ... |
II. Мағынаны тану
1) Суретпен жұмыс
Кейіпкерлер мен оқиға желісін суреттер арқылы талдау, негізгі ойды анықтау.
2) Мысалды үнтаспадан тыңдау
Мысалды тыңдап, интонация мен мағыналық екпінді байқау, мазмұнын қысқаша баяндау.
Назарға
Талқылау барысында дәлел келтіру, пікірді негіздеу және бір-бірін тыңдау дағдыларына мән беріледі.