Таласпай бөліссе табиғат байлығын, Қара жер тойғызар адамның барлығын
Бостандық таңы атты, қазағым, көріңдер,
Арға ие басшының соңынан еріңдер.
Таң артынан хақиқат күн шығады,
Еріншек, жалқаулық әдеттен безіңдер.
Арамдық, аразды түбімен жойыңдар
Өтірік, өсекті біржола қойыңдар.
Намыс, жігер, бойыңа жиып қайрат,
Қажымай адалдық жағында болыңдар.
Бірлік пен талапты еңбекке салыңдар,
Өнерлі елдерден өнеге алыңдар.
Күндестіктің өзімшіл көзін құртып,
Ұмтылып, ерікті ел болып қалыңдар.
Ар түзер адамның адамдық санасын,
Ақ жеңіп шығады арамның қарасын.
Адал еңбек, ақ жүрек берер шешіп,
Таза ақыл қосылса, әлемнің таласын.
Адамның бәрі бір, болмайды аласы,
Оларды бұзатын нәпсінің таласы.
Ар билейтін заманда нәпсі өліп,
Бірігер еңбекте барша адам баласы.
Адалдың жері жоқ ақырда жеңбейтін,
Тарихта әрқашан адал жан өлмейтін.
Ақ иіліп сынбақ жоқ деген рас,
Нәпсі өлсе өзімшіл, бұған кім сенбейтін?
Таласпай бөліссе табиғат байлығын,
Қара жер тойғызар адамның барлығын.
Махаббатпен бірлесіп еңбек қылған
Өмірдің көреді бақытты сайлығын.
Бұл өмір таусылмас, жаңарар адамзат,
Арам ой мұтылып, зорлықшыл болар мат.
Адал етсең, енбектің жемісін жеп,
Шалқыған ел-жұртым, боларсың көңілің шат.
Мен өлсем, ұрпағым, артымда қаларсың,
Тілеген мақсұтты өмірден аларсың.
Есіңе алып келгенде қабіріме,
Шаттықпен шалқытып, әніме саларсың!
Шәкәрім поэзиясының еуропа, орыс әдебиетімен байланысы
Оқушылар білімін көтеруде ұлттық салт- дәстүрлердің ролі
ЕРТЕГІЛЕРДІ ОҚУ
Географияны оқыту әдістері
Шәкәрім және Гете: поэзиядағы көркемдік пен таным үндестігі
Шәкәрім лирикасындағы тілдік-бейнелілік аспектілер
ПОЭЗИЯ - СӨЗ ӨНЕРІНІҢ АЛТЫН ТӘЖІ
Қазақ мақал - мәтелдері
Сәбит Дөнентаев. Өмірі мен шығармашылығы
Мақал - мәтелдердің тәрбиелік мәні туралы
ҚАРАШАҰЛЫ БӘЙДІБЕК
ӘБДІКӘРІМ САТҰҚ ҚАРАХАН
ҚАРАБУРА
Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастардағы орны
АЛТЫНАЙҰЛЫ ҚАРАСАЙ
Социум және әлеуметтік қатынастарды әлеуметтік жұмыс өрісінің объектісі ретінде қарастыру
Экранды басқаратын процедуралар мен функциялар
Халықаралық кедендiк ынтымақтастық және мемлекеттiк экономикалық қауiпсiздiк