Балалар енді мен сендермен қоштасайын

Ақтөбе қаласы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы

«Жұлдыз» балабақшасы, ортаңғы топ

Тәрбиеші: Жумабаева Венера Мирамбекқызы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Білім беру саласы
Шығармашылық
ҰОІӘ
Жапсыру
Тақырыбы
Күзгі көрініс

Мақсаты

  • Табиғи материалдардың түрлерін таныстырып, дәстүрден тыс әдістерді қолдана отырып жапсыруға үйрету.
  • Балалардың табиғат әлеміне қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • Сұрақтарға жауап беруді, эмоциялық-еркін сөйлеуді қолдау.
  • Ұжымдық жұмыс кезінде бір-біріне кедергі жасамауға, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру Көрсету Ойын Сергіту Сұрақ-жауап Қызықты сәт Мадақтау Қайталау

Көрнекіліктер мен құралдар

  • Ватман
  • Губка
  • Ағаш бұтақтары
  • Жаңқалар
  • Жапырақтар
  • Желім
  • Қайшы

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Күндей жадырап, айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық.

Балалар, бүгін бізде ерекше күн: топқа қонақтар келді. Қане, амандасайық!

Арайлы таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Жарқырайды қаламыз.
Қайырлы күн, қонақтар!
Қайырлы күн, достарым!
Достарымды көргенде
Қуана қарсы аламын.
Сәлем, сәлем, сәлем!

Бойымызды тік ұстап, әдемі тұрамыз. Жарайсыңдар, балалар!

ІІ. Саяхатқа шақыру: «Орманға барайық»

Балалар, орманға саяхатқа барғыларың келе ме? Табиғат аясына бірге аттанайық.

Орман қандай тамаша! Ауасы қандай таза! Кәне, бәріміз терең дем алып көрейік.

Сұрақ-жауап

  • Мұнда нені көріп тұрмыз?

    Қарды, жапырақтарды, талдарды.

  • Қазір жылдың қай мезгілі басталды?

    Қыс мезгілі.

  • Ал жылдың қай мезгілі аяқталды?

    Күз мезгілі.

  • Қыс мезгілінде неше ай бар? Қандай айлар?

    Үш ай: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

  • Қыс мезгілі несімен қызық?

    Ойын ойнаймыз, қар лақтырамыз, аққала жасаймыз, шанамен сырғанаймыз.

  • Қыс мезгілінде қандай мереке болады?

    Жаңа жыл мерекесі.

ІІІ. Тосын сәт: Күз ханшайымы

Кенет жылаған дыбыс естіледі.

Балалар, бұл қандай дыбыс? Қане, қайдан шығып жатқанын қарайық.

Балалар қардың және жапырақтың астын ашып көмектеседі. Сол жерден жылап жатқан Күз ханшайымы көрінеді.

Аруна: Сіз кімсіз? Неге жылап отырсыз?

Күз ханшайымы: Мен — Күз ханшайымымын.

Балалар: Сәлематсыз ба, Күз ханшайымы!

Күз ханшайымы: Қыс келіп қалды, мен қардың астында қалып қойдым. Сендермен қоштасқым келмейді.

Көңіл-күйді көтерейік: күз туралы тақпақтар

Бапибаян

Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ салыпты,
Ел егінін орыпты.

Иманғали

Сарғайды тоғай, сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып, құс кетті қайтып.
Айнала жым-жырт, көк аспан сұрғылт.
Жер жыртқан тыңда трактор қырда.

Жүзім

Жапырақ ұшты, суық та түсті.
Сонда да бізге қызық көп күзде.

Даяна

Таза жездей жайнаған,
Сары бояу айналам.
Енді сары бояумен,
Күз суретін салам мен.

Тәрбиеші: Күз ханшайымы, мұңайма. Бұл — табиғаттың заңы: қыстан кейін көктем келеді, одан кейін жаз келеді. Сен де қайтадан ортамызға ораласың.

Балалар, Күз ханшайымының көңілін қалай көтереміз?

Жапырақ биін билеп, көңілін көтерейік.

IV. Шығармашылық жұмыс: «Күзгі көрініс» жапсыру

Күз ханшайымы сары түске боялған жапырақтарын қимайтынын айтады. Сол сәтте балаларға күз көрінісі бейнеленген сурет қатты ұнайды. Бүгінгі жапсыру сабағында осы идеяны іске асырамыз: табиғи материалдар мен дәстүрден тыс тәсілді қолданып, ұжымдық жұмыс жасаймыз.

Қысқаша еске түсіру

  • Жапсыру сабағында не істейміз?

    Қағазды, шүберекті, моншақты және басқа да материалдарды жапсырамыз.

  • Өткен сабақта нені жапсырдық?

    Саңырауқұлақ жапсырдық.

  • Қандай құралдарды пайдаландық?

    Желім, түрлі-түсті қағаз, қайшы.

Тапсырма

Мынау не? Ағаш және ағаш бұталары.

Бұл қай мезгілдің көрінісі? Қыс мезгілі.

Ал күзгі көрініс жасау үшін не қажет? Жапырақтар.

Күзде жапырақтар сарғаяды. Ендеше, бәріміз бірігіп күзгі көріністі жапсырып жасайық.

Жұмыс барысы (нұсқаулық)

  1. 1

    Орнымызға жайғасамыз да, құралдарды қауіпсіз қолдану ережесін еске түсіреміз.

  2. 2

    Губкадан жапырақ пішіндерін мұқият қиып аламыз (қайшымен жұмыс — тек тәрбиеші бақылауымен).

  3. 3

    Ватманға ағаш бұтақтарын орналастырып, жапырақтарды ретімен жапсырамыз.

  4. 4

    Ұжымдық жұмыста бір-бірімізге кедергі жасамай, ұқыпты әрі таза жұмыс жасаймыз.

Балалардың жұмыстары өте әдемі шығып жатыр. Жарайсыңдар!

V. Сергіту сәті

Биік болып өсеміз,
Жапырақтай жайқалып.
Шетімізден шеберміз,
Әсем сурет жапсырып.
Біз тынығып аламыз.

Тамаша! Енді орнымызға отырып, жұмысымызды жалғастырамыз.

VI. Нәтиже: сыйлық тапсыру және ойын

Балалар жасаған күзгі суреттерін Күз ханшайымына естелік ретінде табыс етеді. Күз ханшайымы қуанып, алғысын білдіреді.

Ойын

«Күз ханшайымының сиқырлы жапырағын тап»

Күз ханшайымы: Балалар, енді мен сендермен қоштасайын. Сыйлықтарыңа, өнерлеріңе көп-көп рақмет! Сендер ұйымшыл, ұқыпты, таза жұмыс жасайды екенсіңдер. Өнерлі әрі білімді балаларсыңдар. Мен сендерге өзімнің күзгі байлығымнан жеміс-жидек сыйлаймын. Сау болыңдар!

VII. Қорытынды

  • Сұрақ-жауап

    Бекіту сұрақтары арқылы қорытындылау.

  • Мадақтау

    Ұқыптылық пен ұйымшылдықты атап өту.

  • Қоштасу

    Қонақтарға алғыс айту.

Қол ұстасып тұрайық,
Шеңбер жасап құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық!