Қатысушылар:ЖүргізушіЖаңа жылЕскі жылҚыдыр атаМыстан кемпірАлдар көсеЛақҚозыҚоянҚарғаБалаларНаурыз тойы

Қатысушылар

  • Жүргізуші
  • Жаңа жыл
  • Ескі жыл
  • Қыдыр ата
  • Мыстан кемпір
  • Алдар көсе
  • Лақ
  • Қозы
  • Қоян
  • Қарға
  • Балалар
  • Наурыз тойы

Сахна көрінісі

Сахнада ақ отау тігіледі. Алтыбақан құрылады. Бір бұрышта қара қазан қойылған. Қазақы киім киген жүргізуші ортаға шығады.

Ақ отау Алтыбақан Қара қазан Қазақы киім

Диалог және ән-жыр

Жүргізушінің құттықтауы

Жүргізуші

Наурыз тойы құтты болсын! Дендерің сау, мықты болсын! Аман-есен болайық, баршаңызға тілегім осы, халайық.

Жиналғандар

  • Айтқаның келсін!
  • Пәле-жала жерге енсін.
  • Барлық бала бақты болсын!
  • Төрт түлік ақты болсын!

Жүргізуші

Еліміздің несібесі көп болсын, сиыр желіні толатұғын сүт болсын. Жауын жауып, жер бетіне көк толсын, даламызға бұл жаңа жыл құт болсын!

Хордың әні

Хор

Құт болып азат күн Наурызы,

Шырқалсын қазақтың ән-жыры.

Жасына жас қосып баланың,

Алақай, келеді Жаңа жыл.

Әдемі би билеп, ән шырқап,

Кел, достар, бастайық жаңа жыр.

Ескі жылмен сұхбат

Жүргізуші

Ескі жыл, атағың жаңғырған, өтіп сен келіпсің бар қырдан. Жасырмай айтшы, балалар: болды ма көңіліңді қалдырған?

Ескі жыл

Жауабымды айтайын: олардың көбіне өкпем жоқ. Үш жүз алпыс бес күнімді де босқа өткізгенім жоқ.