Олимпиадалық есептерді шешу барысында алған білімдерін практикалық түрде пайдалана білу
Түсінік хат
Таңдау курсының тақырыбы — «Қызықты математика». Бағдарлама математика саласы бойынша оқушының білімін тереңдетуге бағытталған. Математика бастауыш сыныпта негізгі әрі маңызды пәндердің бірі болып саналады: ол қарым-қатынас жасау мен дүниені танудың құралы, баланың ақыл-ойы мен шығармашылығын дамытудың басты арнасы.
Неге бұл курс маңызды?
- Оқушы қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті сезіне бастайды.
- Санау машығында баланың жеке ерекшелігі айқынырақ көрінеді.
- Алғашқы есептеу дағдылары қалыптасып, ойлау және сөйлеу қабілеті жетіледі.
Курс аталған міндеттерді жүйелі жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мазмұнда құрастырылған. Ол оқушының талабын шыңдап, шығармашылық және тұлғалық дамуына жағдай жасап, ой-өрісін кеңейтеді.
Математика — сандарды және оларға қолданылатын амалдарды, шамаларды, есептерді, алгебра мен геометрия элементтерін біріктіретін кіріктірілген оқу пәні. Бұл бөлімдердің өзара байланысы мен ықпалдасуын түсіну оқушының математикалық сауаттылығын нығайтады.
Курстың мақсаты
Қоғам дамыған сайын адамның білім деңгейіне, жалпы мәдениетіне және ойлау сапасына қойылатын талап арта түседі. Қоғамдық өмірдегі үдерістер кең ойлау, талдау және терең пайымдау қажеттілігін күшейтеді. Осы тұрғыдан алғанда логикаға ерекше мән беріледі.
Негізгі бағыт
Оқушыларды математикалық логикаға саналы түрде баулу және ғылым, өнер, техника салаларында бағыт таңдауға дайындық қалыптастыру.
Практикалық мән
Логикалық есептердің өмірмен байланысын көрсету, тұрмыстық жағдайларда конструктивті ойлай алатын оқушыларды анықтау және қолдау.
Олимпиадалық есептермен жұмыс барысында алған білімді тәжірибеде қолдану дағдылары дамытылады. Сонымен қатар пәнді оқытуға мамандандыру элементтері енгізіліп, пәнаралық байланыстар арқылы математика туралы тұтас түсінік қалыптастырылады.
Оқыту форматы
Әлеуметтік дағдылар
Топтық және жұптық жұмыс арқылы оқушылардың еркін қарым-қатынас жасауына, өз ойын сенімді айтуына мүмкіндік беріледі.
Белсенді тәжірибе
Кейбір тапсырмалар математикалық ойындар, командалық жарыстар және сайыс түрінде ұйымдастырылады.
Орталықтармен жұмыс
Бір орталықта бірнеше оқушы жұмыс істейді. 7–8 минуттан кейін топ келесі орталыққа ауысады. Бұл тәсіл командалық әрекетті, жауапкершілікті және тапсырманы жылдам бағдарлауды дамытады.
Курс мазмұны мен құралдары
- Конструкторлар
- Электронды математикалық ойындар (компьютермен жұмыс)
- Математикалық басқатырғыштар
- Шығармашылық есептер
Міндеттері
Білім, білік, дағды
- Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде білім, білік және дағдыларды меңгерту.
- Мектептің негізгі сатысында оқуға және меңгерген математикалық білімді өмірде қолдануға жан-жақты дайындау.
- Математиканың нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым екенін ұғындыру.
Тұлғалық және коммуникативтік даму
- Танымдық және коммуникативтік іс-әрекетке, өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу.
- Ата-дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана құндылықтарын жалпыадамзаттық мәдени мұралармен ұштастыра отырып, тұлға қалыптастыру.
- Оқушының ойын дамыту, кеңес бере отырып бағыттап оқыту.
Зерттеушілік және кәсіби бағдар
- Ізденушілік және зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру.
- Ғылыми, техникалық және кәсіпшілік қызығушылықтарын дамытуға жағдай жасау.
- Бейін таңдауда өз тағдырын өзі шешуге саналы мүмкіндік беру.
Логикалық ойлау мәдениеті
- Стандартты логикалық операцияларды жылдам әрі дұрыс орындау іскерлігін дамыту.
- Салмақты шешім қабылдауға және өзінің, өзгенің ойлау әрекеті туралы дұрыс пікір айтуға үйрету.
- Қарсы тараптың ой қорытуындағы қателерді таба білуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже
Курсты меңгеру нәтижесінде математикалық білімі дамыған, логикалық ойлау қабілеті жоғары, ізденімпаз, өз ойын еркін жеткізе алатын, топпен жұмыс барысында пікір бөлісетін, математикалық терминдерді дұрыс қолданатын, тәрбиелі тұлға қалыптасады.
Автор және мәлімет
- Бағдарлама авторы
- А. Орынбаева
- Елді мекен
- Боралдай ауылы