Жаттығу жұмыстарын орындау
Сабақтың тақырыбы
Дауыссыз дыбыстар
Сабақтың мақсаты
Жаттығу жұмыстары мен қосымша мәліметтер арқылы оқушыларға дауыссыз дыбыстардың жасалу жолын жан-жақты меңгерту.
Күтілетін нәтиже
- Дауысты және дауыссыз дыбыстардың айырмашылығы мен ерекшеліктерін ажыратады.
- Дауыссыз дыбыстардың жасалу жолын меңгереді.
- Жаттығу орындау барысында дауыссыз дыбыстарды еркін табады.
Сабақтың сипаттамасы
- Сабақтың түрі
- Ізденіс-танымдық сабақ
- Әдіс-тәсілдер
- Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, жаттығу жұмыстары
- Көрнекіліктер
- Тақырыпқа қатысты кесте, үлестірмелі парақшалар
Қолданылатын стратегиялар
«Ойлан, жұптас, талқыла»
Білімді өзара бөлісу және ойды нақтылау үшін.
ББҮ (Білемін – Білгім келеді – Үйрендім)
Алдын ала білімді анықтап, жаңа ақпаратты жүйелеу үшін.
Венн диаграммасы
Дауысты мен дауыссыз дыбыстарды салыстырып, айырмашылығын көрсету үшін.
Сабақтың барысы
I. Қызығушылықты ояту
Уақыты: 2 минут«Ойлан, жұптас, талқыла» стратегиясы қолданылады. Оқушылар дауыссыз дыбыстар туралы білетіндерін көршісімен бөлісіп, пікір алмасады.
II. Мағынаны тану
Уақыты: 7 минут1) ББҮ стратегиясы
- Оқушылар дәптерлеріне ББҮ кестесін сызып, «Білемін» және «Білгім келеді» бөлімдерін толтырады.
- Берілген мәтінді оқи отырып, сұрақтарға жауап тауып, «Үйрендім» бөлігін толықтырады.
«Білемін» бөліміне үлгі ойлар
- Өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырайды.
- Дауыссыз дыбыстарды айтқанда созылыңқы айтылмайды.
«Білгім келеді» бөліміне үлгі сұрақтар
- Қазақ тілінде қанша дауыссыз дыбыс бар?
- Дауыссыз дыбыстар қалай жасалады?
Мәтін: Дауыссыз дыбыстар туралы негізгі түсінік
Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.
Дауыссыз дыбыстар:
б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, п, р, с, т, ф, х, ч, ш, щ, һ, у
Қазақ тілінде барлығы 25 дауыссыз дыбыс бар. Щ — дыбыс емес, әріп; ол созылыңқы (қос) ш дыбысының таңбасы.
Дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктері
- Айтқанда өкпеден шыққан ауа міндетті түрде белгілі бір кедергіге ұшырайды.
- Үн бәсең, солғын болады.
- Буын құрай алмайды.
- Айтқанда дауыс шымылдығы баяу дірілдейді.
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығысып, салдыр пайда болады. Сондықтан дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе өте аз болады.
2) Жаттығу жұмыстары
261-жаттығу (ауызша)
Мәтінді оқып, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратыңдар.
262-жаттығу
Берілген сөздерге көрсетілген жұп дауыссыздардың тиістісін жазыңдар.
263-жаттығу
Жұмбақтардың шешуіндегі өзгешелікті түсіндіріңдер.
III. Толғаныс
1) Венн диаграммасы
Дауысты және дауыссыз дыбыстардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырып, диаграммаға түсіріңдер.
2) Үй тапсырмасы
- Дауыссыз дыбыстар туралы түсінікті қайталау.
- 270-жаттығу.
3) Бағалау
Оқушылардың талқылауға қатысуы, ББҮ кестесін толықтыруы және жаттығуларды орындау сапасы бойынша бағаланады.