Ардақты аталар мен аналар
Мақсаты
- Оқушылардың сауат ашу пәні бойынша оқу барысында алған білімдерін тиянақтау.
- Өз өнерлерін ата-аналарға көрсету, эстетикалық талғамын тереңдете түсу.
- Өзін-өзі басқаруға баулу және ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі
Барысы
Кіріспе (перденің артынан, микрофонмен)
Бәрің бері қараңдар, бүгін бізде болмақ қандай шара?
Тағзым етем, тақсырым, айтайын мен жан сырын.
Естідім «ұзын құлақтан» — 1 «В» сыныбынан.
Келеді бүгін ертекке: ән салып, би билемекке.
Қоштаспақшы отыр екен сүйікті кітап — Әліппемен.
Жүргізушілер диалогы
1-жүргізуші:
Жандос, мен бір түрлі жүрексініп тұрғандаймын.
2-жүргізуші:
Балжан, неге жүрексінесің?
1-жүргізуші:
Қонақтар өте көп. Сөздерімді ұмытып қалатындаймын.
2-жүргізуші:
Келген қонақтар — өзіміздің ата-аналарымыз бен құрметті ұстаздарымыз. Қорықпа, қасыңда мен бармын. Бастай бер!
Құттықтау
1-жүргізуші: Ардақты аталар мен аналар!
2-жүргізуші: Құрметті аналар мен әкелер!
1-жүргізуші: Бізге қарап отырған іні-қарындастар!
2-жүргізуші: Баршамызға мереке құтты болсын!
1-жүргізуші: Қазақ тілінің 42 әрпімен таныстық.
2-жүргізуші: Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білдік.
1-жүргізуші: Буынды меңгерген біздер Әліппе оқулығымен қоштасамыз.
Бәрі бірге: Қош бол, Әліппе! Ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Сахналық бағдарлама
Ән
«Мектебім»
Ән
«Әліппе»
Би
Қазақ биі
Көрініс
«Дос іздеген Жалқаубек»
Ән
«Туған жер»
Би
Шығыс биі
Би
Өзбек биі
Хор
«Қазақстан»
Би
Вальс
Ресми сөздер мен құттықтаулар
Мектеп басшылығы
1-жүргізуші: Мектебіміздің директорына сөз береміз.
2-жүргізуші:
Өсті міне бойларың, өсті ақыл-ойларың.
Қуанышқа ортақпын, құтты болсын тойларың!
1-жүргізуші: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына сөз беріледі.
1-жүргізуші: Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына сөз беріледі.
Сұрақ-жауап
1-жүргізуші:
Балалар, сұраққа жауап беріңдерші: іші толған әріпке, білімдегі жарық не?
Оқушылар (хормен):
Болашаққа жол ашқан — ол сүйікті Әліппе!
2-жүргізуші:
Ендеше, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық!
Хормен:
Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе — сахнада
Әліппенің сөзі
Әліппе: Менің атым — Әліппе. Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен ағаң да, әпкең де.
Армысыңдар, жас достар! Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар Әліппең келді ортаға.
Мерекелеріңмен құттықтаймын, бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік — кәне, ортаға салайық!
Оқушылардың таныстыруы
1-оқушы: Талабымыз биік таудай. Мың бұралған бишіміз. Біз шеберміз, ақылдымыз. Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз. Көп оқимыз.
Барлығы (хормен):
Біз — қазақ елінің болашағымыз!
Көрініс: «Дос іздеген Жалқаубек»
Жалқаубектің келуі
Жалқаубек: Ой, мұнда неге көп балалар жиналған? Өздері шетінен әдемі екен. Бұл жерде не болып жатыр өзі?
Оқушы: Біз бүгін Әліппемен қоштасып жатырмыз.
Жалқаубек: «Әліппе» деген не?
Оқушы:
Іші толған әріпке — мынау әйбат Әліппе.
Барлық ілім-білімнің әжесі — осы Әліппе.
Жалқаубек: Сонда сендер барлық әріпті білесіңдер ме?
Оқушылар (хормен): Әрине!
Жалқаубек: Ал мен білмеймін!
Әріптер әлемі: шағын таныстырылым
3-оқушы (Арманай): Алфавитті жаттадық. Онда жүйе, қалып бар. Біздің қазақ тілінде 42 әріп бар.
4-оқушы (Әлмахан): Сан әріпті үйрендік, бүгін бізге сеніңдер. Әріптер әлеміне саяхаттап көріңдер.
Әріптердің атаманы қай әріп?
A
5-оқушы (Айгерім): А әрпінен есімім. Айтсам сөздің кесімін. Айгерім мен боламын, айдай өсіп толамын.
Ә
6-оқушы (Әлмахан): Әлмаханды білесіз, көңілге мені түйесіз. Ә әрпі де атымда — оқып-біліп жүресіз.
Ж
7-оқушы (Ислам): Ж дегенің — Жаныбеков. Ислам деген мен бала. Жақсы оқысам сабақты, одан артық жоқ шара.
Х
8-оқушы (Айбек): Х дегенің — Хабаров. Айбекпін. Достарыма тілейтінім алдымен — денсаулық пен зор байлық әрдайым.
О
9-оқушы (Ару): Ораз барды орманға, оншақты оған бала ерді. Омарташы оларға ожау-ожаумен бал берді.
Т
10-оқушы (Арманай): Таңданысты есіткен түлкі тәсіл тауыпты: төбедегі тесіктен тағы әкетті тауықты.
Н
11-оқушы (Дильназ): Нағыз малсақ Нұркенже нарға барып нан берді. Нар нанды жегенше, ноқталап та үлгерді.
М
12-оқушы (Ислам): Мүсінші болар Мүсілім маралдың жасап мүсінін. Мұражайға мектебінің мұны тарту етпекші.
К
13-оқушы (Ханзада): Келер көктем көңілді, көкпен бояп өңірді. Көкжиектен кешкісін кемпірқосақ көрінді.
З
14-оқушы (Аида): Зау-зау заңғарлар, замандар бар, заңдар бар. «З»-да барлық заңдылық: заңда «з» бен заң болар!
Е
15-оқушы (Анель): Есейіп кішкентай балғындар елге қызмет жасайды. Ертең сенің алдыңнан есігін мектеп ашады.
С
16-оқушы (Жанқозы): Жағасында Ертістің Семей деген қала бар. Туған мұнда атақты Абай, Мұхтар — бабалар.
16-оқушы (Анель):
Қолыңа тұңғыш қалам ап, «А» әрпін алғаш жазарсың.
Біліп ап «А»-ны саралап, «Б»-сына көзді саларсың.
Әліппе деген — алтын жол!
Апарар сені алысқа. Жеңіл емес, ауыр жол — тырысып бақ намысқа.
Ұшына жетсең тырмысып, озып бәйгені аларсың.
Көгінде жарық жұлдыз боп, жұртыңа нұр боп жанарсың.
Тәрбиелік түйін
Әдептілік, ар-ұят — адамдықтың белгісі.
Тұрпайы мінез, тағы жат — надандықтың белгісі.
Жақсы әдеттен үйрен, жаман әдеттен жирен!
Жалқаубек: Мен өз қатемді түсіндім. Мен де сендер сияқты ақылды да тәртіпті болғым келеді. Енді атымды Ақылбекке ауыстырып, келесі жылы Әліппені меңгеріп келемін.
Оқушылар (хормен): Біз саған сенеміз! Қош сау бол!
Әліппеден — Ана тіліне
Әліппенің ақ батасы
Әліппе: Кір шалмасын беттерің, таза болсын оқулық пен дәптерің.
Оқығандарың есте болсын, күнделіктерің бестікке толсын!
Жүргізушілер:
Бәрімізді сүйіп өткен, балаларға үйреткен Әліппе мен ұстазға бас иеміз.
Әліппе: Балалар, рақмет! Енді менен алған білімдеріңді «Ана тілімен» ұштайсыңдар. Міне, менің досым да келіп қалды — қарсы алыңдар!
Ана тілінің үндеуі
Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Туған елдің тілімін, ақылыммен танылам. Түсіндірер бәріне — ана тілі мен болам.
Өсиет:
Ана тілің — арың бұл, ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте.
Енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар. Мен сендерге қызықты ертегілер мен әңгімелер арнаймын. Тек ынта қойып, ұқыпты оқысаңдар — көп нәрсені үйренесіңдер.
Оқушылардың тіл туралы жыр жолдары
17-оқушы (Әлмахан):
Ана тілің — арың бұл, ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте.
18-оқушы (Ханзада):
Ана тілін ақтаңдар, ана тілін сақтаңдар. Ана тілмен безеніп, ата берсін ақ таңдар.
19-оқушы (Дильназ):
Иә, өз тіліңмен ер жетіп, қол созасың күнге сен. Өз тіліңмен еліңе пайдалысың күнде сен!
Ата-аналарға сөз
Жүргізушінің кіріспесі
Мұнда біреу жымияды қызына, мұнда біреу ақыл айтар ұлына.
Мұнда біреу сөз сөйлейді жараса, мұнда біреу елтіп отыр жырыма.
Ол кім десең — қуаныштан езулерін жымиған, ол — ата-ана, әлемдегі сыйлы адам.
Келесі сөз кезегін ата-аналарға береміз.
Қорытынды
1-жүргізуші: Осымен «Қош бол, Әліппем!» атты ертеңгілігіміз аяқталды.
1 және 2-жүргізуші (хормен): Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!