Қоян қорқақ
Сабақ жоспары
Жабайы аңдар
Бұл сабақта балалар жабайы аңдар туралы білімдерін бекітіп, сөздік қорын байытады, жұмбақтар шешіп, ертегі тыңдап, ойын арқылы алған дағдыларын қолданады.
Сабақтың барысы
Сабақ шеңберге тұрып амандасудан басталады, күз туралы өлеңмен жалғасып, жұмбақтар, ойын, сергіту сәті және кукольный театр арқылы бекітіледі.
I. Ұйымдастыру кезеңі
Балалар шеңберге тұрып, мұғаліммен және қонақтармен амандасады: «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қалдарың қалай? Көңіл күйлерің қалай?»
Шаттық шеңбері
Шеңберді біз құрайық, Алақанды ашайық. Күннің нұрын алайық, Қонақтарға шашайық.
Күз туралы өлең және әңгімелесу
Өлең
Қараңдар, балалар, күз келді, Ағаштар бір түрлі күйге енді. Жаңбыры сіркіреп жауғанда, Тоңдырып жібереді біздерді.
Сұрақ-жауап
- Өлеңде жылдың қай мезгілі суреттелген? Күз.
- Күз қандай? Жаңбырлы, суық.
- Күзде аңдар не істей бастайды? Қысқа дайындалады.
Қостілділік: «Все звери осенью готовятся к зиме».
Жұмбақтар: жабайы аңдарды танимыз
Балалар мұқият тыңдап, жұмбақтардың жауабын табады. Әр аңның сипаты сөз тіркесімен бекітіледі.
1-жұмбақ
Өзі қу, айлакер, жүрген жүрісі бұлғаң-бұлғаң.
Дыбыстау: «Кі-кі-кі — бұл қу түлкі».
2-жұмбақ
Үлкен, маймақ. Жазда ұйықтайды, қыста оянады.
Дыбыстау: «Ю-ю-ю-ю — мынау маймақ аю».
3-жұмбақ
Түсі сұр, өзі жыртқыш. Бұл не?
Дыбыстау: «Қыр-қыр-қыр-қыр — өзі жыртқыш қасқыр».
4-жұмбақ
Өзі кішкентай, құлағы ұзын, өзі қорқақ.
Дыбыстау: «Ян-ян-ян-ян — өзі қорқақ қоян».
Қорытынды сұрақ: Бұлар жабайы ма, әлде үй жануарлары ма? Балалардың жауабы: жабайы аңдар.
Қостілділік: «Это дикие или домашние животные?» — «Дикие».
Дидактикалық ойын: «Путаница»
Мұғалім жануарларды атайды. Егер дұрыс аталса — балалар «иә» деп қол шапалақтайды, ал қате болса — «жоқ» деп аяқтарымен топылдатады.
Шеңберге шақыру
Қане, қане тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. «Алақай!» деп айтамыз, Үлкен шеңбер құрамыз.
Сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды. Ойлы-қырлы жерлермен, Ытқып-ытқып жүгірді.
Кукольный театр
Ертегі: «Қорқақ қоян және күзгі орман»
Ерте, ерте, ертеде күзгі орманда қорқақ қоян өмір сүріпті. Құлағы ұзын, өзі кішкентай қоян әрбір сыбдырдан қорқатын болыпты. Бір күні ол қыста азық жинау үшін бақшаға бармақ болады.
1-көрініс: Жаңбырдың дыбысы
Кенет аспаннан тамшылар тама бастайды (жаңбыр дыбысы). Қоян шошып кетіп, түбірдің астына тығылады. Сол кезде түлкі өтіп бара жатады.
Түлкі
Қорықпа, қоян. Бұл жай ғана жаңбыр.
Қоян
Рахмет саған, түлкі.
2-көрініс: Желдің гуілі
Қоян әрі қарай жүреді. Бір кезде біртүрлі шу естіледі (жел дыбысы). Қоян қайта қорқып, бұтаның түбіне тығылады. Сол сәтте қасқыр жортып келеді.
Қасқыр
Қорықпа, қоян. Бұл тек жел соғып тұр.
Қоян
Рахмет саған, қасқыр.
3-көрініс: Жапырақ сыбдыры
Қоян енді алма термек болады. Кенет жапырақтар сыбдырлайды. Қоян қатты қорқып, үйіне қарай қаша жөнеледі. Үйіне келсе, аш отыр екен де жылап қоя береді.
Қайырымды аяқталу
Қоянның аш отырғанын түлкі, қасқыр және аю естіп, оны аяп, әрқайсысы өз үлесімен дәм әкеледі. Жиналған азық қоянға қыс бойы жететін болады. Қоян қуанып, бәрін қонаққа шақырып, олар бірге би билейді.
«Осымен ертегі бітті, кім тыңдады — сол мықты!»
Талқылау сұрақтары
- Қоян неден қорықты? Жаңбырдан, желден, жапырақтардың сыбдырынан.
- Қандай жабайы аңдар қоянға көмектесті? Түлкі, қасқыр, аю.
- Қоян оларды қалай алғыстады? «Рахмет!»
Қостілділік: «От чего испугался зайчик?» — «Какие животные помогли?»
Қорытынды: қимылды ойын (хоровод)
Балалар жануарлардың жүрісін қимылмен көрсетіп, әндетіп қайталайды.
Ей, балалар, балалар, Қоян қалай жүреді? Қоян былай, қоян былай, Дәл осылай жүреді. Ей, балалар, балалар, Аю қалай жүреді? Аю былай, аю былай, Дәл осылай жүреді. Ей, балалар, балалар, Қасқыр қалай жүреді? Қасқыр былай, қасқыр былай, Дәл осылай жүреді. Ей, балалар, балалар, Түлкі қалай жүреді? Түлкі былай, түлкі былай, Дәл осылай жүреді.
Сабақты бекіту
- Біз қандай жабайы аңдар туралы айттық? Түлкі, аю, қасқыр, қоян.
- Ойын ұнады ма? Ұнаса — «иә» деп қол шапалақтаймыз, ұнамаса — «жоқ» деп топылдатамыз.
Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар!