Комбайншы авторы кім

Мұғалім

Бисенгалиева Сара

Сабақтың тақырыбы

М. Шаханов — «Достық өлкесінің заңы»

Сабақтың типі

Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың мақсаты

Білімділік

М. Шахановтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру; өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету; ізгі қасиеттерді танып, оларды өз бойына сіңіруге баулу.

Дамытушылық

Оқушылардың мәнерлеп оқу және байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру; достық туралы түсініктерін кеңейту.

Тәрбиелік

Оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

  • көрнекілік
  • түсіндіру
  • проблемалық әдіс
  • сұрақ-жауап
  • шығармашылық жұмыс

Психологиялық ахуал

Оқушылар шеңберге жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Қызығушылықты ояту

1-кезең. Бағдарлау-мотивациялық кезең

Жаңа сабаққа шығу үшін «Ой қозғау» ұйымдастырылады: сөзжұмбақ шешу арқылы негізгі ұғым ашылады.

Кілт сөз

Д О С Т Ы Қ

  1. 1. «Қырдан келген жас қазақ» шығармасының авторы кім? (Дулатов)
  2. 2. «Үшінші бақыт» дегеніміз не? (Отан)
  3. 3. «Рәсім» шығармасының авторы кім? (Сәрсеке)
  4. 4. «Күздің кереметі» шығармасының авторы кім? (Табылды)
  5. 5. «Кім жүйрік?» шығармасының авторы кім? (Ысқақов)
  6. 6. «Комбайншы» шығармасының авторы кім? (Қайырбеков)

Талқылау сұрақтары

  • «Достық» сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?
  • Сөздің түбірін анықтаңдар.
  • Өздеріңнің достарың бар ма?
  • «Заң» дегеніміз не?

Тірек анықтама

Заң — барлық адам орындауға тиісті ережелер жиынтығы. Заңның түрлері көп: білім заңы, еңбек заңы, ата заң және т.б.

Автор туралы: «Білгенге маржан»

Мұхтар Шаханов

Мұхтар Шаханов 1942 жылғы 2 шілдеде Отырар ауданының Шілік ауылында дүниеге келген. Анасы — Ұмсын, әкесі — Шахан.

Анасы 13 баланы өмірге әкелгенімен, тірі қалған жалғыз баласы — Мұхтар. Мұхтар 9 жасқа келгенде әкесі қайтыс болады. Ол нағашысының қолында тәрбиеленіп, бірнеше сыныпты бітіргеннен кейін колхоз жұмысына араласады.

Шымкент педагогикалық институтын сырттай тәмамдаған. 2004 жылдан бастап Мемлекеттік тіл қоғамдық ұйымының төрағасы болды. Қазіргі таңда «Жалын» журналының бас редакторы.

Сөздікпен жұмыс

Сәбилік шақ
бала кез
Сүттей аппақ
таза
Аңдаусызда
байқамай
Дүлей
қатты ашулы
Көңіліміздің айдынында күн жүзді
қуану
Күйгелек
қатты ренжу
Артық білім
кітапта

Оқулықпен жұмыс

1) Мәтінді оқу

  • Тізбектей оқыту.
  • Түсініп оқу және мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.

2) Сұрақ-жауап

  • Өлең кімнің атынан баяндалады?
  • Олар қайда келді?
  • Екеуі әжесінен неге қорықты?
  • Әжесі Мұхтарды неге жазаламады?
  • Атасы немересін қалай қорғады?

2-кезең. Операциялық-орындаушылық кезең

Жаттығулар

«Білген сайын біле бергім келеді...» тақырыбында ой бөлісу.

Маған ұнаған кейіпкер

Өлең кейіпкерлеріне мінездеме беру.

Кейіпкер — шығармадағы оқиғаға қатысатын негізгі тұлғалар.

Саған қай кейіпкер ұнады? Неліктен?

Мақал — сөздің мәйегі

Достық туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Дәптермен жұмыс (шығармашылық тапсырмалар)

Ойтолғау

«Шын достық» тақырыбында шағын мәтін жазу.

Сурет салу

«Менің досым» тақырыбына иллюстрация жасау.

Ребус құрастыру

«Достық» ұғымына қатысты ребус ойлап табу.

Топтық талқылау

Жауаптарды ортаға салып, дәлелдеп айту.

Ортаға сал ойыңды (жағдаяттарды шешу)

A) Келіспеушілік

Досыңды ренжітіп алдың. Қалай татуласасың?

Ә) Таңдау

Досың сенен көмек сұрады, бірақ сенің де қолың бос емес. Көмектескің келеді, алайда өз жұмысың да күтіп тұр. Бұл жағдайдан қалай шығар едің?

Рөлге бөліп ойнау

Оқушыларға бетперделер беріліп, соған сәйкес көрініс қояды (әже, ата, көзілдірік және т.б.).

Ой түйіндеу

Достық — ұлы сезім. Оны бағалай білу керек. Адамның жолдасы көп болғанымен, нағыз, шын дос аз кездеседі. Сондықтан да: «Адал дос — алтыннан да қымбат» дейді.

Сергіту сәті және ой толғаныс

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс арқылы оқушылардың назарын жаңғырту.

Ой толғаныс

Сабақтан алған әсері мен түйген ойларын қысқаша айту.

Үй тапсырмасы

  • Өлеңнің ұнаған бөлігін жаттау.
  • Жазушы туралы қосымша мәлімет жинақтау.
  • Тапсырманы күнделікке жазу.

Бағалау және кері байланыс

Бағалау

Оқушылардың белсенділігі, жауаптарының толықтығы және шығармашылық жұмыстарын орындауы ескеріледі.

Кері байланыс

Оқушылар өз көңіл күйіне сай смайликті таңдап, сәйкес нұсқаға жапсырады.