Пысықтау сабағы

Сабақ туралы мәлімет

Өңірі
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Кеңес ауылы
Мектеп
Кеңес орта мектебі
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі Дәулетқұлова Айгүл
Тақырып
7 санының құрамы
Сабақ типі
Пысықтау сабағы
Сабақ түрі
Ойын-сабақ

Көрнекілік

Суреттер.

Оқыту әдістері

  • Баяндау
  • Сұрақ-жауап
  • Ой қозғау
  • Дидактикалық ойындар

Технология

Сын тұрғысынан оқыту.

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

  • 7 санының құрамы туралы білімді кеңейту.
  • Сандарды салыстыру.
  • 7 санының құрамын жіктеп айта білуге үйрету.
  • 1–7 аралығындағы сандарды қосу және азайтуға дағдыландыру.

Дамытушылық

  • Ойлау және есте сақтау қабілетін дамыту.
  • Ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру.
  • Пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік

  • Ұлттық дүниетанымды кеңейту.
  • Ата-дәстүрді білуге баулу.
  • Ұқыптылық пен ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ құрылымы

Жоспар

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
  3. Психологиялық дайындық
  4. Өткенді қайталау: сұрақ-жауап, «Кел, ойнайық!»
  5. Пысықтау: «7 санының құпиясы», оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс
  6. Жаңа сабақты бекіту
  7. Қорытынды

Дайындық

Оқушылар математика оқулығын, дәптерін және қаламсаптарын дайындап, сабаққа толық дайындалады.

Психологиялық дайындық (ұран)

Оқушылар: «Сабаққа біз даярмыз, жалқаулықты қоямыз. Үздік оқып әрқашан, кілең бестік аламыз!»

Мұғалім: «Бір, екі, үш — сынып іші тып-тыныш. Жалқаулықты тастаймыз, сабақты біз бастаймыз!»

Сюжеттік кіріспе: «Сандар әлемінен хат»

Бүгінгі сабақ күнделікті сабақтан ерекше өтеді. Сыныпқа «Сандар әлемінен» тауықтан хат келеді. Хатта тауық оқушылардан көмек сұрайды: айлакер түлкі балапандарын жегелі жүр, ал әр балапанды құтқару үшін түлкінің тапсырмаларын орындау керек. Оқушылар келісіп, тапсырмаларды бірге орындауға уәде береді.

Сыныпқа сұрақ

«Тауық бізден көмек сұрап отыр. Көмектесеміз бе?»

Өткенді қайталау: түлкінің тапсырмалары

1-тапсырма: Сұрақ-жауап

  • 7 саны қандай сандардың қосындысы болуы мүмкін?
  • 7 саны қандай сандардан артық?
  • Сандар қатарында 7 саны қай саннан кейін келеді?

Нәтиже: Бір балапан құтқарылды.

2-тапсырма: «Кел, ойнайық!»

Өрнектердің мәнін тауып, өсу ретімен орналастыру арқылы түлкінің жасырған сөзін анықтаймыз.

Өрнектер

  • 2 + 2 - 2 =
  • 1 + 3 + 2 =
  • 4 + 0 + 3 =
  • 3 + 2 + 0 =

Жауап: жасырылған сөз — «жеті».

Пысықтау: 7 санының «құпиялары»

7 саны қазақ дүниетанымында киелі, қасиетті сан ретінде жиі кездеседі. Төменде 7 санына қатысты ұғымдар топтастырылып берілді.

7 ата

  1. Бала
  2. Әке
  3. Ата
  4. Арғы ата
  5. Баба
  6. Түп ата
  7. Тек ата

7 қат жер

  1. Тұңғиық
  2. Жылан
  3. Су
  4. Қос балық
  5. Қара тас
  6. Көк өгіз
  7. Жер

7 қазына

  1. Ер жігіт
  2. Сұлу әйел
  3. Ақыл-білім
  4. Жүйрік ат
  5. Қыран бүркіт
  6. Берен мылтық
  7. Құмай тазы

7 күн (атаулары)

  1. Бүгін
  2. Ертең
  3. Бүрсүгіні
  4. Арғы күні
  5. Ауыр күн
  6. Соңғы күн
  7. Азына

7 жұт

  1. Құрғақшылық
  2. Жұт (мал қырылу)
  3. Өрт
  4. Оба
  5. Соғыс
  6. Топан су
  7. Зілзала

7 амал

  1. Күннің тоқырауы
  2. Қарашаның қайтуы
  3. Үркердің батуы
  4. Мұздың қатуы
  5. Киіктің матауы
  6. Қыс тоқсан
  7. Ай тоғысы

7 қат көк

  1. Ай
  2. Күн
  3. Шолпан
  4. Есекқырған
  5. Қызылжұлдыз
  6. Сатурн
  7. Мүштари (Юпитер)

7 санының құрамы: теңдіктер құру

Оқушылар 7 санының құрамын қосу және азайту арқылы дәлелдейді. Теңдіктерді құрастырып, өзара байланысын түсіндіреді.

6 және 1

  • 6 + 1 = 7
  • 7 - 6 = 1
  • 7 - 1 = 6

5 және 2

  • 5 + 2 = 7
  • 7 - 5 = 2
  • 7 - 2 = 5

4 және 3

  • 4 + 3 = 7
  • 7 - 4 = 3
  • 7 - 3 = 4

Аралық нәтиже: Оқушылардың көмегімен тауықтың тағы бірнеше балапаны құтқарылды.

Сергіту сәті

Бір, екі, үш — бір, екі, үш,
Бұлшық етте күш.
Мен ұшамын кептерше,
Еңкейемін қолым жеткенше.

Бекіту тапсырмалары

4-тапсырма: №2

Кесінділердің ұзындығын өлше.

5-тапсырма: №3

Қалып қойған сандарды ата.

6-тапсырма: №4

Салыстыр.

Сантиметрмен салыстыру

  • 7 см … 6 см
  • 7 см … 5 см
  • 7 см … 7 см
  • 2 см … 4 см

Сандарды салыстыру

  • 0 … 7
  • 7 … 6
  • 7 … 7
  • … 1

Қорытынды ой

Бұл сабақта оқушылар 7 санының құрамын қайталап, салыстыру, қосу және азайту дағдыларын бекітеді. Ойын-тапсырмалар арқылы ынта артып, білім тәжірибемен нығаяды.