Бүгінгі Бүлдіршін - полиглоттар атты байқауға қош келдіңіздер
Мақсаты мен міндеттері
Білімділік
- Балалардың алған білімдерін сарапқа салу.
- Өз бетімен жұмыс істеуге, тез ойлауға және есте сақтауға үйрету.
- Ойын анық, жинақы жеткізіп, дұрыс сөйлеуге баулу.
Дамытушылық
- Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Ана тілін қадірлеп, өзге тілдерді құрметтеуге үйрету.
- Ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік
- Отанға, туған жерге және тілге деген сүйіспеншілікті ояту.
Міндеті
- Өз ана тілін білуге және өзге тілдерді құрметтеуге шақыру.
Үш тіл — уақыт талабы
Құрметті ұстаздар, тәрбиешілер, балалар және әділқазы мүшелері! «Бүлдіршін — полиглоттар» байқауына қош келдіңіздер!
Түйінді ой
Қазақстан үшін үш тілдің мәні айқын: қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі — жаһандық экономикаға кірігу тілі.
Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламалары көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеуге, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен дәстүріне құрметпен қарауға және үш тілді меңгертуге ерекше мән береді.
Мемлекеттік тілдің мәртебесі әрдайым биік: қазақ тілі — негізгі, басты, маңызды тіл. Орыс және ағылшын тілдерін меңгеру білімнің кеңеюіне, бәсекеге қабілеттіліктің артуына және жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
«Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт — тілі болуы. Ұлтқа тілінен қымбат еш нәрсе болмасқа тиіс... Қазақ тілі бай, орамды, терең тіл».
Бүгінде елімізде өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдерінің де мемлекеттік тілді меңгеруге деген ықыласы артып келеді. Бұл — қазақ тіліне деген құрметтің айғағы. Ал жас ұрпақтың қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қатар оқуға ұмтылысы — уақыт талабы және болашақ қажеттілігі.
Қатысушылар
Бүгінгі сайыста бүлдіршіндеріміздің үш тілді қаншалықты жақсы меңгергенін бірге тамашалаймыз. Қатысушы топтар мен тәрбиеленушілер:
Ертөстік тобы
Айзере, Аяулым, Зере, Алина
Қарлығаш тобы
Балауса, Жібек, Айерке, Айзере
Айгөлек тобы
Дәулет, Амина, Ержігіт, Балнұр
Алтын балық тобы
Мұхаммед, Кәусар, Нұрали
Әділқазы алқасы
Бүлдіршіндерімізге әділ бағасын беретін әділқазы мүшелерін таныстыруға рұқсат етіңіздер:
- ________________________
- ________________________
- ________________________
- ________________________
Байқау құрылымы (6 бөлім)
I. Сиқырлы микрофон
Әр топқа 3 сұрақ қойылады. Балалар жауапты үш тілде айтады.
II. Құрастыру
Сурет кесінділерін жылдам құрастырып, атауын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айту.
III. Өнерлі балапандар
Әр топ өз өнерін ортаға салады.
IV. Полиглот
Жұмбақтардың жауабын үш тілде айту.
V. Капитандар сайысы
Кубиктегі отбасы мүшесін үш тілде атап беру.
VI. Ойлан, тап!
Экрандағы жасырынған үй жануарларын тауып, атауын үш тілде айту.
Таныстыру кезеңі
Бұл бөлімде балалар өздерін таныстырады, киім үлгісін көрсетеді және эмблемасын қорғайды.
Тапсырмалар мазмұны
I. «Сиқырлы микрофон» сұрақтары
Ертөстік
- What is your name?
- How many apples are in the picture?
- What color is the cucumber?
Алтын балық
- What is your name?
- How many fingers have you got?
- What color is the tomato?
Айгөлек
- What is your name?
- How many balls are in the picture?
- What color is the flower?
Қарлығаш
- What is your name?
- How old are you?
- Сенің жасың нешеде?
II. «Құрастыру» тапсырмасы (үлгі сөздер)
Суретті құрастырып, атауын үш тілде айту:
Гүл
цветы — flower
Көлік
машина — car
Доп
мяч — ball
Алма
яблоко — apple
III. «Өнерлі балапандар»
Әр топ өз шығармашылығын таныстырады: ән, би, тақпақ немесе шағын көрініс.
IV. «Полиглот» жұмбақтары (3 тілде жауап)
-
Жеті қазынаның бірі, адамды қорғап жүретін досы
ит — собака — a dog
-
Айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау
жұмыртқа — яйца — an egg
-
Төртбұрышты, қатты; дәмі сондай тәтті
қант — сахар — sugar
-
Қабат-қабат қаптама, ақылың болса аттама
кітап — книга — a book
V. «Капитандар сайысы»
Жүргізуші кубикті лақтырады. Кубикте отбасы мүшелері бейнеленеді. Капитан түскен мүшені қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде атап береді.
VI. «Ойлан, тап!» (үй жануарлары)
Экрандағы жасырынған жануарларды тауып, атауларын үш тілде айту қажет:
Ит
собака — dog
Мысық
кошка — cat
Сиыр
корова — cow
Ат
лошадь — horse
Қорытынды және марапаттау
Байқау өз мәресіне жетті. Әділқазы алқасы шешім шығарғанша, қатысушылардың флешмоб биін тамашалауға шақырамыз. Сондай-ақ балалардың орындауындағы ағылшын тіліндегі “If You’re Happy and You Know It” әнін тыңдайық.
Нәтиже
Ұпай қорытындысы жарияланып, жеңімпаздарға грамоталар табыс етіледі.
Сөз кезегі ШҚО, Аягөз қаласы №6 бөбекжай-балабақшасының аға тәрбиешісі Гүлнар Жеңісқызына беріледі.
Қорыта айтқанда, «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасының негізгі мақсаты — мемлекеттік тіл қазақ тілінің мәртебесін көтере отырып, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруге мүмкіндік жасау, сөйтіп жас ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде. Сонымен бірге, мемлекеттік тілді терең меңгеріп, шет тілдерін үйрену — жаһандану дәуіріндегі маңызды артықшылық. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білетін ұрпақ тәрбиелеу — берік ірге мен кемел келешектің кепілі.
Тілек
Үш тұғырлы тілдің тұғыры берік, іргесі мықты болсын! Бүгінгі сайыста бүлдіршіндеріміздің бірнеше тілді жақсы меңгергенін көрдік. Алдағы уақытта алған білімдеріңізді одан әрі шыңдай берулеріңізге тілектеспіз.
Назарларыңызға рақмет! Қош сау болыңыздар!
Авторлық дерек
- Мекеме
- ШҚО, Аягөз қаласы №6 бөбекжай-балабақшасы
- Мұғалім
- Әлімжан Айдана Ерғазыевна