Төкпе дәстүрінде күй тартып үйрену
Сабақ жоспары
Төкпе дәстүрінде күй тартып үйрену: Сейтек — «Той бастар» талдауы
Бұл сабақ дәстүрлі күйшілік өнерді танытуға, күйшілік мектептердің ерекшелігін түсіндіруге және төкпе дәстүріндегі орындау дағдыларын (қағыс, өлшем, буындар) жүйелі меңгертуге бағытталған.
Мақсаты
Күйшілік мектептерді түсіндіру, төкпе дәстүрінде күй тартуды үйрету және күйдің буындық құрылымын меңгерту.
Күтілетін нәтиже
- Күйшілік дәстүрдегі мектептерді біледі.
- Күйдің құрылымын (бөлімдерін) ажыратады.
- Екі ірі дәстүрді (төкпе, шертпе) айырады.
Көрнекілік
- Интерактивті тақта
- Домбыра
Сабақтың барысы
- Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыны орналастыру, үй тапсырмасын тексеру.
- Жылыну және техника: Т. Мерғалиевтің этюді; У-dur гаммасын екі түрлі пиццикатомен орындау.
- Нотамен жұмыс: қағысқа, альтерация белгілеріне және ырғақтық дәлдікке ерекше назар аудару.
Гамма мен этюд: нақтылау сұрақтары
У-dur гаммасы
- Альтерация: 2 белгі (фа-диез және до-диез).
- Октava: 1 октавалық.
- Штрих: пиццикатоның екі түрін қолдану (Б.Б және С.С).
- Гаммадан кейін арпеджио орындау.
Этюд және шағын пьесалар
Этюд — техникалық дағдыны қалыптастыратын шағын шығарма. Нотамен ойнағанда қағыс дәлдігі мен белгілерді дұрыс оқуға үйретеді.
- Бұған дейін орындалған шығармалар: Кабалевский — «Кішкентай полька», Калинников — «Тень-тень».
- Этюд өлшемі: күрделі өлшемдер қатарына жатады.
- Қағыс: Pvv — қара қағыстың бір түрі.
Күй өнері: жанр және тақырып аясы
Домбырада орындалатын негізгі өнер — күйшілік. Күй — домбыра, қобыз, сыбызғы секілді қазақ халық аспаптарында орындалатын музыкалық жанр. Күйлер мазмұны мен құрылымы жағынан алуан түрлі болып, табиғат көріністерін, тарихи оқиғаларды, халық мерекелерін, жан-жануарлар бейнесін, сондай-ақ жеке тұлғаларға қатысты әңгімелерді суреттей алады.
Тақырып үлгілері
- Табиғат: «Алатау», «Саржайлау», «Көбікшашқан»
- Тарих: «Ел айырылған», «Жеңіс»
- Мереке: «Той бастар», «Балбырауын»
- Жан-жануар: «Аққу», «Қоңырқаз»
- Тұлғалар: «Байжұма», «Абыл»
Қысқаша тарихи шолу
Қазақтың аспаптық музыкасы XVIII ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезеңде Байжұма, Есжан, Ұзақ, Боғда сияқты күйшілердің атағы кең тарады. XIX ғасырда күйшілік өнердің ірі тұлғалары дәстүрдің дамуына елеулі үлес қосты.
Күйшілік мектептер және екі үлкен дәстүр
Домбыра күйлері орындалу мәнері мен құрылымдық ерекшеліктеріне қарай 7 мектепке бөлінеді. Бұл мектептер өзара екі үлкен дәстүрді құрайды: төкпе және шертпе.
Батыс Қазақстан
Құрманғазы
Төре
Дәулеткерей
Маңғыстау
Абыл
Шығыс Қазақстан
Байсерке
Ақтөбе
Қазанғап
Арқа
Тәттімбет
Қаратау
Сүгір
Төкпе күйдің орындау ерекшелігі мен құрылымы
Төкпе күйлер көбіне тұрақты екпін мен өлшемде, оң қолдың тұтас сілтеуі арқылы орындалады. Құрылымына қарай күй бірнеше бөлімнен тұрады: бас буын, негізгі буын, ортаңғы буын, кіші саға, үлкен саға.
Буындардың қызметі
- Бас буын: кіріспе және ырғақтық жоба.
- Негізгі буын: тақырыптың негізгі өзегі.
- Ортаңғы буын: тақырыптың жалғасуы мен дамуы.
- Кіші саға: тақырыптың кеңеюі.
- Үлкен саға: шарықтау шегі.
Негізгі қағида
Қай күй болмасын қағысты дұрыс алу — басты шарт. Қағыс дәл болмаса, күйдің құрылымы мен әуені бұзылады, фраза табиғи ағымынан айырылады.
Жұмыс тәсілі
- Ырғақты алдымен қол соғып сезіну.
- Сол ырғақты ашық ішекте қағыспен бекіту.
- Содан кейін шығарманы баяу қарқында нотамен орындау.
Сейтек және «Той бастар»
Бүгін талданатын күй — Сейтек Оразалыұлының «Той бастар» күйі. Сейтек Оразалыұлы (1861 ж. туған) — Батыс Қазақстан облысы, Бөкей орда өңірінен шыққан композитор-күйші, ел жадында тағдырлы дәуірдің үнін жеткізген өнер иесі.
Оның мұрасына «Шәрипа», «Ортпа», «Айша», «Арман», «Бүлбүл», «Бес қыз» сияқты күйлер жатады. «Той бастар» — халықтың мерекелік күйлері қатарындағы серпінді, көңіл күйі көтеріңкі туынды.
Талдауға кіріспе сұрақтар
- Күйдің екпіні, қағысы, өлшемі қандай?
- Альтерация белгілері қайсы?
- Өлшемді қалай санаймыз? (1, 2, 3)
Ритм және нота ұзақтықтары
Күйдің бастапқы бөлігінде ырғақ қозғалысы ширек, сегіздік және үш сегіздік ноталардың ауысуымен өріледі. Орындаудағы мақсат — санауды жоғалтпай, қағысты біркелкі ұстап, фразаны «демімен» жүргізу.
Орындау кезеңдері (сағаға дейін)
- 1Нотаға қарап, ырғақты санаумен ойнау.
- 2Алдымен қол соғып, ырғақтық сезімді бекіту.
- 3Ашық ішекте қағысты дәл түсіріп көру.
- 4Күйді баяу орындап, бас буындағы бастапқы дыбысты және қағыс бағытын нақтылау.
- 5Күйді сағаға дейін талдап, буындардың ауысуын сезіну.
Қорытынды және бекіту
Сабақ соңында оқушының тақырыпты меңгеру деңгейі интерактивті тақтадағы сұрақтар арқылы бекітіледі. Оқушы кез келген аспап атауынан бастап, сұрақтарға жауап береді.
Бекіту сұрақтары
- 1Домбырада орындалатын негізгі өнер қандай? (Күйшілік өнер)
- 2Этюд дегеніміз не?
- 3Сейтек қай өңірдің композиторы?
- 4Күйшілік өнердің неше мектебі бар? (7)
- 5Төкпе күйдің құрылымы неше бөлімнен тұрады және олар қалай аталады?
Бағалау
Оқушының нотаны оқу дәлдігі, қағыс тазалығы, ырғақ тұрақтылығы және құрылымды түсінуі бойынша бағаланады.
Үй тапсырмасы
- Т. Мерғалиев — этюдті жатқа орындау.
- У-dur гаммасын және арпеджиосын қайталау.
- Сейтек — «Той бастар» күйін сағаға дейін нотамен орындау.
- Сағадан аяғына дейін өздігінен талдау жасап келу.
Мекеме: Батыс Қазақстан облысы, №3 Теректі аудандық балалар саз мектебі
Пән: Домбыра
Мұғалім: Идрисова Светлана Аманжоловна