Жинақтау кезеңі

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырыбы

Фариза Оңғарсынова. «Жылу»

Әдістері

Блум таксономиясы, «Миға шабуыл», «Ой қозғау».

Мақсаты

Фариза Оңғарсынова туралы мәлімет беру және «Жылу» өлеңінің мазмұнын талдау.

Міндеті

Ана мейірімі туралы түсініктерін жинақтау, Қазыбек бидің сөздерін еске түсіріп, мағынасын ашу.

Күтілетін нәтиже

  • Өлеңді мәнерлеп оқиды.
  • Фариза Оңғарсынова туралы мәлімет жинақтайды.
  • Топпен, жұппен және жеке жұмыс жасайды.

Қамтылатын модульдер

1-модуль: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Диалогтік оқыту.

2-модуль: Сыни тұрғыдан ойлау

Топтық тапсырмалар арқылы ой қорыту.

3-модуль: Қалыптастырушы бағалау

Өзін-өзі бағалау.

5-модуль: Дарынды оқушылармен жұмыс

Шағын әңгіме құрастыру және өлең жазу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Көңіл күй ахуалы

Оқушылар бір-біріне жылы сөз, мақтау айтады: «Сен мейірімдісің», «Сен жақсысың» т.б.

Өткен тақырыпты еске түсіру

Ата-анаға қатысты мақал-мәтелдерді жатқа айту. Ізденген оқушыларды мадақтау.

1) Білу кезеңі: «Миға шабуыл»

1. Фариза Оңғарсынова туралы не білесіңдер?

2. Қандай шығармаларын білесіңдер?

3. Бұған дейін қай шығармасымен таныстық?

Жұптық жұмыс

Экрандағы нақыл сөздерді оқып, кімнің сөзі екенін анықтау және мағынасын өз сөздерімен түсіндіру.

Құт-берекең — атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат,
Асқар тауың — әкең қымбат.

2) Түсіну кезеңі

Бүгінгі сабақта Фариза Оңғарсынованың «Жылу» өлеңімен танысамыз. Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқып береді.

Дәптермен жұмыс (сөздік)

Өң-бет, ажар, түс
Адамның бет әлпеті, келбеті.
Жалғанда
Дүниеде.
Ғұмыр
Өмір.

Өлең ұйқасына назар

Экрандағы үш түрлі түспен берілген ұйқас белгілерінің ішінен дұрысын таңдап, өлеңмен салыстырамыз.

Сергіту сәті

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.

3) Қолдану кезеңі: топтық жұмыс

Оқушылар бірдей стикер таңдауы бойынша топтарға бөлінеді.

Топтық жұмыс ережелері

  • Пікір қосу және белсенді қатысу.
  • Мұқият тыңдау.
  • Бір-біріне қолдау көрсету.
  • Спикерге ойды нақты жеткізуге көмектесу.

1-топ: өлең бойынша сұрақтарға жауап

Сұрақ Берілген сөз
Қандай? Анам
Кімнің? Құшағы
Қандай? Жанары
Кімнің? Сүті
Ненің? Нұры

2-топ: сурет бойынша әңгіме

Берілген суретке сүйеніп, оқиға желісін құрап, қысқа әңгіме жазыңыздар.

3-топ: пікірталас

«Анаға қамқор болу» тақырыбында ой бөлісіп, ортақ тұжырым жасаңыздар.

4-топ: сөздік жұмыс

«Нәрлі» сөзіне мағынасы жуық сөздерді табып, нәтижесін қысқа презентация түрінде ұсыныңыздар.

Нәтиже

Әр топ өз жұмысын таныстырып, қысқа топтық презентация жасайды.

4) Талдау кезеңі

  • Ақын ананы не үшін күнге ұқсатады?
  • Ананың сүті туралы не айта аласыңдар?
  • Ананың сүтін немен салыстыруға болады?
  • Ананың алақаны қандай?

5) Жинақтау кезеңі: жеке жұмыс

Эссе

«Менің анам» тақырыбында эссе жазыңыз.

Шығармашылық жұмыс

Қысқа өлең құрастырыңыз.

Талқылау сұрақтары:

  • Қай сыныптасыңның жұмысы ерекше ұнады? Неліктен?
  • Қандай әсер алдың?

6) Бағалау кезеңі

Пікір білдіру

  • Анасын тыңдамайтын балаға не айтар едіңдер?
  • «Қазір анасын сыйламайтын балалар көп» деген пікірге қалай қарайсыңдар?

Өзін-өзі бағалау критерийлері

  1. 1Өлеңді қаншалықты түсінді?
  2. 2Ақын туралы қаншалықты мәлімет алды?
  3. 3Сабаққа қалай қатысты?

Үй тапсырмасы

«Жылу» өлеңін жаттау. Қосымша: оқулықтан тыс өлеңдерінің бірін таңдап, жатқа айтуға дайындалу.

Рефлексия

«Менің көңіл күйім» тақырыбында әр оқушы өз көңіл күйін білдіретін белгі қояды.