Биология оқу пәнінің мақсаты - оқушылардың заман талаптарына сай білімдері мен біліктерін дамыту
Жалпы ережелер
Бұл құжат жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10–11-сыныптарға арналған Биология пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының 1-тарауын қамтиды.
1) Бағдарламаның негізі
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді.
2) Биология пәнінің мақсаты
Биология оқу пәнінің мақсаты — оқушылардың заман талаптарына сай білімдері мен біліктерін дамыту, өмірдің мәнін және оның дамуын түрлі ұйымдасу деңгейлерінде түсіндіру, сондай-ақ өмірді ең басты құндылық ретінде бағалайтын жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.