Қосындыдан санды азайту тәсілдері Сабақтың мақсаты
Сабақтың тақырыбы
Қосындыдан санды азайту тәсілдері.
Сабақтың мақсаты
- Қосындыдан санды азайтудың әртүрлі тәсілдерін меңгерту және оқушыларды шапшаң есептеуге үйрету.
- Есептеу дағдыларын дамыту, жылдамдық пен дәлдікті арттыру.
- Ұйымшылдыққа және тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Слайдтар
- Суреттері бар плакаттар
- Кеспе қағаздары
Әдіс-тәсілдер
- Талдау және жинақтау
- Қызығушылықты ояту
- Түсіндірме, сұрақ-жауап
- Иллюстративті жұмыс, ой қозғау
Қосымша мәлімет
Пәнаралық байланыс: ана тілі, еңбек, музыка.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: жеке-дара және ұжымдық жұмыс.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу, сабаққа бейімдеу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Қызығушылықты ояту.
II. Психологиялық дайындық
Мұғалім: «Балалар, бүгінгі сабағымыз әдеттегі сабақтан өзгеше. Қане, біз жақында қандай үлкен мерекені қарсы алғалы отырмыз?»
Оқушылар: «Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығын».
Суреттер арқылы Қазақстан туралы қысқаша мағлұмат беріліп, Қазақстан жайлы ән тыңдатылады.
Мұғалім: «Тәуелсіздікке 20 жыл толуына орай, мен сендерге 20 тапсырма ұсынамын. Өткен тақырыптарды қайталап, тапсырмаларды тез әрі дұрыс орындауға тырысамыз. Үш қатар болып жарысамыз: қай қатар көбірек “бестік” алады?»
Жедел есептеуге арналған тапсырмалар
Төмендегі мысалдарды ауызша орындау ұсынылады:
Талқылау сұрағы: «(7 + 3) − 2 өрнегінде бірінші қай амал орындалады?» (Алдымен жақша ішіндегі қосу амалы орындалады.)
Жаңа тақырып: қосындыдан санды азайту
Көрнекіліктерді пайдалана отырып, қосындыдан санды азайтудың бірнеше тәсілі түсіндіріледі. Мысал: (5 + 4) − 3.
1-тәсіл
(5 + 4) − 3
Алдымен қосындыны табамыз, кейін санды азайтамыз.
2-тәсіл
(5 − 3) + 4
Бірінші қосылғыштан азайтып, екінші қосылғышты қосамыз.
3-тәсіл
(4 − 3) + 5
Екінші қосылғыштан азайтып, бірінші қосылғышты қосамыз.
№2 есеп (мұғалімнің көмегімен талдау)
1-тәсіл
(8 + 7) − 5 = 15 − 5 = 10
2-тәсіл
(8 − 5) + 7 = 3 + 7 = 10
3-тәсіл
(7 − 5) + 8 = 2 + 8 = 10
Сергіту сәті: «Кім шапшаң?»
Тапсырма үш қатар арасында жарыс түрінде орындалады.
№4 есеп
Әр қатардан оқушылар тақтаға шығып, төмендегі өрнектерді тез есептейді:
30 + 5 + 65 = 100
8 + 2 + 70 = 80
8 + 80 + 2 = 90
4 + 44 + 6 = 54
15 + 1 + 5 = 21
4 + 40 + 10 + 6 = 60
2 + 5 + 10 + 40 = 57
7 + 50 + 20 + 3 = 80
7 + 5 + 3 + 5 = 20
Сандар тізбегі
- 1-ден 10-ға дейін тура және кері санау.
- 10-нан 100-ге дейін тура және кері санау.
- Орны ауысқан сандарды дұрыс орнына қою.
№5 есеп
Шарты: а — 3 сағ., n — 7 сағ., қ — 5 сағ., барлығы — ?
(3 + 7) + 5 = 10 + 5 = 15 (сағ.)
Жауабы: барлығы 15 сағат.
Ойын: «Кім зерек?»
Логикалық тапсырма: «Суретте неше үшбұрыш бар?» Оқушылар тез ойлап, өз жауаптарын дәлелдейді.
Бекіту
Ауызша есептер орындалады. 3-қатардың «бестіктері» саналып, сол қатарға Қазақстан Республикасының туы қадау арқылы нәтижелер белгіленеді.
«Тәуелсіз елге тарту» ретінде сабақ соңында ынталандыру сыйлығы ұсынылады.
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі, жылдамдығы және тапсырмаларды дұрыс орындауы бойынша бағаланады.
Үй тапсырмасы
№7 есеп.