Интерактивті тақтадан өнерлі адамдар туралы айту

Өзін-өзі тану пәні • Онлайн сабақ

Сабақтың тақырыбы

Өнерлі бала — сүйкімді

Қасиеттер

  • Таланттылық
  • Зеректілік
  • Өнерпаздық

Керекті құралдар

  • Суреттер
  • Интерактивті тақта
  • Слайдтар
  • Таратпа материалдар
  • Қарындаштар

Сабақтың мақсаты

  1. 1 Өнердің адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
  2. 2 Өнерге қызығушылық пен сүйіспеншілікті арттыру.
  3. 3 Өнерпаздыққа баулу, өнер мен сұлулықты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
  • Слайд арқылы сабаққа кіріспе жасау.

2) «Шаттық шеңбері»

Армысың, шапағатты күніміз,

Армысың, мейірімді жеріміз.

Армысың, табиғат — анамыз,

Келді сізге өзіңіздің балаңыз.

3) Топқа бөлу

Оқушылар үш топқа бөлінеді:

Суретшілер

Сурет салу тапсырмалары

Ақындар

Өлең, мақал-мәтелмен жұмыс

Әншілер

Ән айту және жұмбақ шешу

4) «Кел, ойланайық, пікірлесейік»

Тақырып: «Өнерлі өрге жүзер»

Мақсат — оқушыларды өз ойларын еркін айтуға, пікір алмасуға дағдыландыру.

5) Тапсырмалар

  • 1 Суретшілер: сурет салады.
  • 2 Әншілер: ән айтады.
  • 3 Ақындар: өлең жолдарын оқиды.

6) Мәтінмен жұмыс

Оқу

Әр топ мәтінді бөлімдерге бөліп оқиды.

Мазмұндау

«Құмға салған сурет» мәтіні бойынша мазмұндау.

Сұрақ-жауап

Мәтін мазмұнын бекітуге арналған сұрақтар.

7) Дәйек сөз

«Адамның сәні — өнер, білім, ақылы».
— Жетес шешен

Талқылау сұрақтары

  • Бұл сөздің мағынасы қандай?
  • Өнер мен білім туралы қандай ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер білесіңдер?
  • Интерактивті тақта арқылы өнерлі адамдар туралы айту.

Слайд мысалдары

Кішкентай ақын Жамбыл, шахматшы Жансая, әнші Ермек және басқа да танымал өнерлі балалар.

8) Дәптермен жұмыс

Тапсырма: ребус шешу.

Жауабы: «Өнерлі бала — сүйкімді»

9) Ой жүгірту (топтық жұмыс)

Суретшілер тобы: өлеңді аяқтау

Алуан бояу іріктеп алды,

Асықпай, Мұрат суретті салды.

Столға жайып қағазды, аппақ,

Сарымен сұлу жасады бақ-бақ.

Ақындар тобы: мақалдарды аяқтау

  1. Білім көкке жеткізер, өнер көпке жеткізер.
  2. Кітап — білім бұлағы, білім — өнер шырағы.
  3. Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ.

Әншілер тобы: жұмбақ шешу

Түк білмей барасың,

Төлімін аласың.

Есейіп кетсең де,

Қарыз боп қаласың.

Жауабы: мектеп

Оң жағымда бес саусақ,

Сол жағымда бес саусақ.

Жауабы: он саусақ

10) Қорытынды: «Жүректен жүрекке»

Тілек ағашы

Оқушылар тілек ағашына жылы лебіздерін жазады.

Жылы тілек

Бір-бірімізге күннің нұры мен жылуын ұсынып, ізгі тілектерімізді білдірейік.

Қорытынды сөз

Біліммен, өнермен алға самғаңдар!