Суретпен әңгіме
Тәрбиеші
Есетова Г. Ж.
Білім беру саласы
Әлеуметтік орта
Оқу іс-әрекеті
Көркем әдебиет
Тақырыбы
Б. Соқпақбаев — «Шынықсын денеміз»
Мақсаты
Білімділік
- Балаларға Б. Соқпақбаев туралы мағлұмат беру.
- Өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу.
- Салауатты өмір салтын қалыптастыруға үйрету.
Тәрбиелік
- Денсаулықты сақтауға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
- Салауатты өмір салтын ұстана отырып, спорт түрлерімен айналысуға баулу.
Дамытушылық
- Өлеңді жаттату арқылы қыс мезгілінде ауырмас үшін шынығудың маңызын түсіндіру.
Қажетті ресурстар
Көрнекілік
Суреттер, қыс көріністері, мультимедиа, АКТ.
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, үйрету, қайталау, сипаттау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, мадақтау, қорытындылау.
Билингвалды компонент
Сабақтың құрылымы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Бүгінгі сабағымыз ерекше: бізге қонақтар келіп отыр. Қазір бәріміз күн тәрізді шеңбер құрып, бір-бірімізге жылы лебіз білдіреміз.
«Жылулық шеңбері»
Қазақша
Қайырлы күн, досым,
Қайырлы күн болсын.
Сәрсенбінің сәті,
Сәттілікке толсын.
Орысша / Ағылшынша
Сәлеметсіздер ме, қонақтар.
Доброе утро всем нам,
Доброе утро всем гостям.
Good morning, good morning,
Good morning to you.
Good morning, good morning,
We are glad to see you.
Қайталау сұрақтары
- Қазір жылдың қай мезгілі? Қай ай? Аптаның қай күні?
- Бір аптада неше күн бар?
- Өткен оқу іс-әрекетінде қандай әңгіменімен таныстық?
- Әңгіме не туралы? Басты кейіпкер кім?
- Жәнібектің қандай заты жоқ еді? Егер шанасы болса, қайда барғысы келді?
2) «Ғажайып сәт»: шақыру хаты
Бізге шақыру қағазы келді. Кім шақырғанын білу үшін жұмбақты шешеміз:
Мейірімді жан кім екен?
Ертегі оқып беретін,
Еркелетіп ұл-қызын,
Бетінен шөп-шөп сүйетін?
Жауабы: Әже
Балаларды «Балапан» телеарнасындағы «Сиқырлы кітаптар» бағдарламасы мен Зәуреш әжей кітапханасының жаңа шығармасымен танысуға шақырады. Әжемізбен бірге тапсырмалар орындап, білімімізді шыңдаймыз.
3) Қысқы қозғалыс және денсаулық туралы әңгіме
Талқылау сұрақтары
- Қыста сырғанаған ұнай ма?
- Сырғанақта немен сырғанайсыңдар?
- Сырғанаққа бару үшін қалай киіну керек?
- Деніміз сау болу үшін тағы не істеу керек?
Негізгі ой
Қозғалыс денені сергітеді, түрлі аурулардың алдын алуға көмектеседі. Дене шынықтыру арқылы бұлшық ет жаттығып, нығаяды. Қысқы киімді де ауырмау, денсаулықты сақтау үшін киеміз.
4) Әженің «ақыл қалташасы»: жұмбақтар
Жұмбақ 1
Қайқы тұмсық қос табан,
Қос аяқпен ұштаған.
Итерсең алға зулайды,
Шойын жолдан аумайды.
Жауабы: Шаңғы
Жұмбақ 2
Зулап түстім төменге,
Шықпас менсіз төбеге.
Жауабы: Шана
Жұмбақ 3
Табаныма тақтым,
Жалпаң қақтым.
Зырлап бақтым.
Жауабы: Коньки
Жұмбақ 4
Ағайынды бес туыс,
Жамылатын тоны бір.
Бесеуінде бес қуыс,
Сырттан кірер жолы бір.
Жауабы: Қолғап
Қорытынды сұрақ
Бұл заттар қыста не үшін керек? Олар — қысқы спортпен айналысып, денемізді шынықтыруға көмектеседі.
Келесі қадам: экранға назар аударып, қысқы спорт түрлерімен танысамыз (бейнежазба).
5) Мотивациялық талдау
Сұрақтар
- Бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы қандай болуы мүмкін?
- Қандай ойын түрлерін білесіңдер?
- Ұлттық ойындарды атай аласыңдар ма?
- Қыста неге үйде отырып, тек теледидар көріп, ойын ойнай бермейміз?
Жауап-бағдар
Біз таза ауаға шығып, қозғалыс жасап, сергіп қана қоймай, өзімізді шынықтырамыз. Бүгін Б. Соқпақбаевтың «Шынықсын денеміз» өлеңімен танысамыз.
Тапсырмалар жүйесі
1-тапсырма: Өлеңмен танысу
«Шынықсын денеміз» өлеңін бейнежазба арқылы тыңдау («Сиқырлы кітаптар»).
- Тәрбиеші өлеңді мәнерлеп оқиды.
- Өлең топпен қайталанады.
- Екі қатарға бөліп айтқызу.
- Жеке оқушыларға жатқа айтқызу.
2-тапсырма: Дәптермен жұмыс
Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Сөздік жұмысы
- Құрыспай
- Тартылып қалмай, сіреспей, еркін қимылдау.
- Құрыштай
- Мықты, берік, шыныққан.
3-тапсырма: Сергіту сәті
Қимыл-қозғалысқа негізделген қысқа жаттығулар орындау.
4-тапсырма: Жұмбақ шешу және сурет салу
Қысқы спорт құралдары туралы жұмбақтарды шешіп, жауаптарына сәйкес сурет салу.
5-тапсырма: Сұрақ-жауап
Спорт пен дене шынықтыру туралы әңгімелесу.
Рефлексия және қорытынды
Не үйрендік?
- Спорт пен денсаулықтың байланысын түсіндік.
- Қыс мезгілінде шынығудың маңызын талқыладық.
- Өлеңді мәнерлеп айтуға және есте сақтауға жаттықтық.
Мақал-мәтелдер
- Тазалық — денсаулық кепілі.
- Шынықсаң — шымыр боларсың.
Үлгі сұрақ
Еліміздің намысын қорғайтын спорт шебері болғыларың келе ме? Ол үшін не істеу керек?
Жауап: тұрақты жаттығу жасап, дұрыс тамақтанып, тазалықты сақтап, белсенді өмір салтын ұстану керек.
Бағалау және мадақтау
Белсенді қатысқан балаларды мадақтап, сабақтың негізгі ойларын қорытындылау.
Күтілетін нәтиже
Нені біледі
Қысқы спорт түрлері туралы біледі.
Нені игерді
Сурет бойынша әңгіме құрастыруды игерді.
Нені меңгерді
Өлең жаттауды және сурет салуды меңгерді.