Дауыссыз дыбыстар түрлерін ата

Сабақтың тақырыбы

Дауыссыз К және Г.

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Оқушыларға К және Г дыбыстарының айтылуын, қай буындарда жазылатынын, сондай-ақ К әрпінен кейін дауысты дыбыс келсе өзгеретінін түсіндіру.

Дамытушылық

Оқу және жазу дағдыларын дамыту, сөздік қорын байыту, деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы ойлауын жетілдіру.

Тәрбиелік

Әдемі әрі таза жазуға баулу, ұқыптылыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Қажетті ресурстар

Көрнекіліктер

Сызбалар, суреттер, карточкалар, анаграммалар, слайдтар және т.б.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, ана тілі.

Әдіс-тәсілдер

Диалог, СТО, талдау.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  1. Ынтымақтастық атмосферасын құру.
  2. Суреттер арқылы топқа бөлу.
  3. Топ мүшелерін (көшбасшы, баяндамашы, бағалаушы) сайлау.
  4. Бағалау түрлерімен таныстыру.

II. Өткенді қайталау

Сұрақтар

  • 1) Дыбыс дегеніміз не?
  • 2) Әріп дегеніміз не?
  • 3) Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
  • 4) Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата.
  • 5) Жуан дауысты дыбыстарды ата.
  • 6) Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
  • 7) Қазақ әліпбиінде неше әріп, неше дыбыс бар?

Топтық тапсырма — 1-топ

Берілген әріптерді Венн диаграммасына орналастыр: а, п, к, е, н, о, т, ң, ғ, д, о, б, я, ю, у, ц.

Топтық тапсырма — 2-топ

«Балқарағай» сөзіндегі әріптерден жаңа сөздер құрастыр.

Топтық тапсырма — 3-топ

«Мектеп» және «кітап» сөздеріне дыбыстық талдау жаса.

III. Жаңа сабақ

1) Сөздермен жұмыс

Сөздерді оқы, мағынасын түсіндір:

кебек серік терек берік көлік жібек бүрге тегіс жігер үзеңгі гүлзар

Талдау: К дыбысы қай буындарда кездеседі?

Талдау: Г дыбысы қай буындарда кездеседі?

Қорытынды: К, Г — қандай дыбыстар?

2) Санамақ және орфографиялық дағды

Санамақты жатқа оқы. К дыбысына аяқталған сөздерге дыбысын қосып жаз.

Бас бармақ,
Балаң үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.

Ереже

  • Г әрпі сөз соңында жазылмайды.
  • Сөз соңындағы К дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, К дыбысы Г-ге айналады.

түліктүлігі

жүзікжүзігі

керіккерігі

IV. Негізгі бөлім

109-жаттығу

Жұмбақты жатқа жаз. Шешуін тап. «Өрнек», «көйлек» сөздерінің соңына дыбысын қосып айт.

110-жаттығу

дыбысын қосып жаз: өрік → өрігі, әрі қарай жалғастыр.

Сергіту сәті

Бейнеролик көрсетіледі. Оқушылар бірге қимыл-қозғалыс жасап, билейді.

111-жаттығу (ауызша)

Топтық жұмыс: берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

1-топ: жидек

2-топ: терек

3-топ: жүрек

113-жаттығу (ауызша)

Топтық жұмыс: «Еңбек түбі — береке» мақалын қатыстырып шағын әңгіме құра.

V. Кері байланыс

«Тілек ағашына» стикер жапсыру арқылы оқушылар сабақ туралы әсері мен тілегін білдіреді.

VI. Үй тапсырмасы

112-жаттығу.

VII. Бағалау

Жетон санына қарай бағалау жүргізіледі.