Меню жолы. Тақырып жолы
Сабақ туралы мәлімет
Сабақтың тақырыбы
Microsoft Word мәтіндік редакторы
Сабақтың типі
Microsoft Word бойынша алған білімді тереңдету, жалпылау және жүйелеу.
Сабақтың түрі
Қорытынды практикалық (бекіту) сабағы. «Саяхат сабақ» форматында өткізіледі.
Әдістері
- Әңгіме, түсіндіру, баяндау
- Сұрақ-жауап
- Тақтамен жұмыс
- Практикалық жұмыс
Көрнекіліктер
Компьютер, интерактивті тақта, кеспе қағаздар.
Сабақтың мақсаттары
1) Білімділік
Microsoft Word мәтіндік редакторы бойынша меңгерген білімді қайталау арқылы жүйелеу, жетілдіру және оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге баулу. Компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру.
2) Дамытушылық
Логикалық ойлауды, танымдық қызығушылықты дамыту; оқушылардың ой-өрісін кеңейту; компьютерлік сауаттылығын арттыру.
3) Тәрбиелік
Жауапкершілікке, өздігінен жұмыс істеуге, нәтижеге ұмтылуға және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Сәлемдесу.
- Сыныптағы оқушылардың қатысуын анықтау.
- Сабаққа дайындық пен көңіл күйді сұрау.
- Есептеуіш техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
II. Мақсат қою және кіріспе (ертегі-саяхат)
Бүгінгі сабақ — ерекше «ертегі-саяхат» сабағы. Мақсатымыз: Microsoft Word редакторы бойынша алған білімімізді тереңдету, жалпылау және қорытындылау.
Ертеде Microsoft деген қарттың бес баласы болыпты: Word, Excel, PowerPoint, Access, Outlook. Солардың ішіндегі үлкені — Word — өз білгенін жұртқа көрсету үшін жолға шығады. Әкесі берген «еншіні» анықтау үшін мына сұрақтарға жауап береміз.
-
Microsoft Word-ты қалай іске қосамыз?
Пуск → Программы → Microsoft → Microsoft Word.
-
Алғашқы төрт терезе элементін ата.
Тақырып жолы, мәзір жолы, стандартты панельдер жолағы, пішімдеу панелі жолағы.
-
Оң жақ шеттегі үш батырманы ата.
Жию (минимизация), жайма (максимизация), жабу.
-
Құжат қалай сақталады?
Файл → «Сохранить как…» командасы арқылы.
Бұл әрекеттер мен батырмалар Microsoft бағдарламаларының көбіне ортақ. Енді Word-қа өзін таныстыруға көмектесейік: Word терезесінің негізгі элементтерін атаймыз.
1) Тақырып жолы
2) Мәзір жолы
3) Стандартты панель
4) Пішімдеу панелі
5) Сызғыш
6) Айналдыру жолақтары
7) Жұмыс аймағы
8) Қалып-күй қатары
Саяхаттың аялдамалары: тапсырмалар
Word жолға шығып, әр аялдамада өзінің мүмкіндіктерін көрсетеді. Әр аялдама — нақты практикалық тапсырма.
1-аялдама. «Орнын тап»
Төмендегі командалардың Word-та қай жерде орналасатынын анықтаңыз (құралдар тақтасы/мәзір, батырма белгішесі).
Орта бойынша туралау
Маркерлер
Курсив
Мәтіннің түсін өзгерту
Оң және сол жақ шеттері бойынша туралау
Нөмірлеу
Қаріп өлшемін өзгерту
Жартылай қалың
Оң жақ бойынша туралау
Асты сызылған
Сол жақ бойынша туралау
Қаріпті өзгерту
2-аялдама. «Қызметін жаз»
Мұғалім көрсеткен Word құралдарының қызметін қысқаша сипаттап жазыңыз (не үшін қажет, қай кезде қолданылады).
Нәтиже форматы
«Құрал атауы — қызметі — қолдану мысалы» түрінде.
3-аялдама. Диктант
Мәтінді қатесіз әрі шапшаң теріп жазыңыз және Қазақстанның туын құжатқа кірістіріңіз.
Қазақша мәтін
Менің туған жерім — Қазақстан. Қазақстан жері кең-байтақ. Жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орында тұр. Біздің Отанымызда жүзге жуық ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүреді. Қазақстан Еуразия құрлығында орналасқан. Олар Қазақстанды туған жеріміз, Отанымыз деп есептейді.
Орысша мәтін
Мой родной край — Казахстан. Земля Казахстана огромная. Казахстан — девятая по величине страна в мире. В нашей стране живут более ста национальностей и народов. Казахстан расположен на Евразийском материке.
Ағылшынша мәтін
My native land is Kazakhstan. The land of Kazakhstan is vast. Kazakhstan is the ninth largest country in the world. In Kazakhstan, there are more than 100 nations and nationalities. Kazakhstan is situated on the Eurasian continent.
4-аялдама. Мәтінмен жұмыс
- Мәтіндегі қателерді тексеріңіз. Мәтінді белгілеп, қаріпін Times New Roman, өлшемін 16 етіп қойып, орта бойынша туралаңыз.
- Соңғы сөйлемді қиып алып, екінші сөйлемнен кейін кірістіріңіз. Бірінші сөйлемнің көшірмесін мәтіннің соңына қойыңыз.
- Мәтінді курсив етіңіз де, «Қазақстан» сөзінің барлық кездесулерін жартылай қалың етіп белгілеңіз.
5-аялдама. Кесте құру
Кесте құрып, оны төмендегі үлгі бойынша толтырыңыз.
| Ұлттар | 2007 жылы | 2008 жылы | 2009 жылы | 2010 жылы |
|---|---|---|---|---|
| Қазақ | 61,00% | 65% | 78% | 85% |
| Орыс | 35% | 31% | 19,00% | 11% |
| Қытай | 20% | 11% | 8% | 2% |
| Өзбек | 33% | 24% | 13% | 3,00% |
6-аялдама. Безендіру жұмыстары
- Мәтінге Елбасымыздың және Астана қаласының суреттерін кірістіріп, өз қалауыңыз бойынша орналастырыңыз.
- WordArt арқылы ұнаған стильді таңдап, мәтінді «Менің Қазақстаным» деп өзгертіңіз де, құжаттың жоғарғы бөлігіне орналастырыңыз.
Осылайша Word әр аялдамада тоқтап, өзінің білгендерін көрсетеді.
Бекіту, қорытынды және кері байланыс
III. Бекіту: «Кім білгір?»
- Сиқырлы шарлар
- Асыл тасты сұрақтар
- Логикалық тапсырмалар
- Тест
IV. Қорытындылау
Word-та нені үйренгенімізді қайталап, қысқаша тізім жасап жазамыз: іске қосу, терезе элементтері, мәтінді теру, пішімдеу, өңдеу, кесте құру және безендіру.
V. Үй тапсырмасы және бағалау
Үйге тапсырма
- Word туралы қосымша материалдар тауып келу.
- Сөзжұмбақ немесе ребус құрастыру.
Бағалау
Сабаққа белсенді қатысып, тапсырмаларды мұқият әрі уақытында орындаған оқушылар бағаланады.