Гүл - жердің көркі
Сабақтың мақсаты
- Тақырып мазмұнын толық ашу, оқушылардың гүлдер туралы білімін жан-жақты толықтыру.
- Көбею мүшелерінің (гүл, жеміс, тұқым) рөлін түсіндіру; сөздік қорын молайту; өздігінен қорытынды жасауға машықтандыру.
- Гүлдерді баптау мен күту мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың форматы
- Әдісі
- Сұрақ-жауап, орталықтардың тапсырмалары.
- Түрі
- Кіріктірілген сабақ (математика, дүниетану, бейнелеу өнері, қазақ тілі).
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Бөлме өсімдіктері
- Жапсырмалар
- Ғаламтордан алынған гүл түрлері
- Түрлі түсті гүлдер
Орталықтар
1) Оқу, жазу орталығы
Ойды жүйелеу, мәтін құрастыру, мақал-мәтелмен жұмыс.
2) Зерттеу орталығы
Өсімдіктің мүшелері мен қызметін салыстыру, кесте толтыру.
3) Өнер орталығы
Сурет салу, қағаздан құрастыру, өлең ұйқасын табу.
4) Математика орталығы
Есеп шығару және ойын арқылы ойлау дағдысын жетілдіру.
Сабақтың барысы
1) Таңертеңгілік жиын: «Шаттық шеңбері»
Өлең жолдары
Шеңбер құрып тұрайық, Алақанды ашайық. Күннің нұрын ашайық, Жүрекке жылу шашайық.
Жұмбақ
Адамдардың бәрі қызығады, Ұстай берсең сәні бұзылады. (Гүл)
2) Тақырыпты хабарлау: «Гүл — жердің көркі»
Гүл өссе — жердің көркі. Адам баласы әдемілік пен сұлулықты көбіне әсем жаратылған өсімдікпен өлшейді. Гүл — әсемдіктің шыңы, нәзіктіктің символы.
Гүл сыйлау арқылы біз ақжарқын көңілімізді, ыстық ықыласымызды, ілтипатымыз бен құрметімізді білдіреміз. Мерекеде, туған күнде, қуанышты сәттерде гүл ұсыну — ізет пен сыйластықтың белгісі.
Негізгі ой
Табиғаттың бөлінбес бөлшегінің бірі — өсімдік. Өсімдік адамға қорек те, киім де, отын да, малға өріс те, елге қоныс та болған. Гүл — дүниенің көркі.
Гүлдердің де тіршілігі бар: олар сезімтал, күтімді қажет етеді және адамға мол пайда әкеледі. Әркімнің жүрегіне жақын, сүйікті гүлі болады.
3) Топтарға бөлу және жұмыс тәртібі
Топқа бөліну
Гүлдер арқылы 4 топқа бөліну: оқу, жазу; математика; өнер; зерттеу орталығы.
Топ басшыларын сайлау
Әр орталықта жетекші тағайындалады. Ата-аналар орталықтарда жұмыс жүргізуге қолдау көрсетеді.
Орталықта жұмыс істеу ережелері
- Топпен бірлесе жұмыс істеу.
- Орталықтарға берілген жұмыстарды талдау.
- Бір-бірін тыңдау және пікірді құрметтеу.
4) Орталықтардың тапсырмалары
Математика орталығы
- 1 Есеп шығару.
- 2 Ойын: «Кел, ойнайық!»
Зерттеу орталығы
Кестені толтыр:
| Өсімдіктің көбею мүшелері | Өсімдіктің өсу мүшелері |
|---|---|
| Гүл, жеміс, тұқым | Тамыр, сабақ, жапырақ |
Сергіту сәті: «Аппақ гүлдер»
Әуенмен бірге орындау:
Шаршағанда ырғалып, Гүлге ұқсап демалам. Қанатымды бір қағып, Гүлдей болып жайқалам.
Оқу, жазу орталығы
- 1 «Гүл өссе — жердің көркі» тақырыбында эссе жазу.
- 2 Мақал-мәтелдердің жалғасын табу.
Өнер орталығы
- 1 «Гүл — жердің көркі» тақырыбында сурет салу.
- 2 Түсті қағаздан гүлдер жасау.
- 3 Ұйқасын тауып, өлең құрастыру:
Үлгі: ____________, ____________ гүлдер, ____________, ____________ гүлдер.
5) «Жүректен жүрекке» қорытынды
Кілем басына жиналып, гүлдің адам көңіліне қуаныш сыйлайтынын айтамыз. Гүлдің де өзіндік тіршілігі, мінезі, тағдыры бар: ол нәзік, сезімтал және күтімді қажет етеді.
Табиғатта гүлдердің түрі өте көп. Гүлдер бізді әсемдікке, ізгілікке тәрбиелейді.
«Жасыл ел» бағдарламасының мәнін түсініп, өз үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін сыныптағы бөлме өсімдіктерін күтіп-баптап, аялап өсіреміз. Мектеп пен үй айналасын көгалдандыруға атсалысу — бәріміздің ортақ парызымыз.
Бағалау
Әр орталықтың жетекшісі өз орталығындағы жұмыстарды бағалап, қорытынды пікір білдіреді.