Сан ретін тап ойыны

Сабақтың тақырыбы

5 саны мен цифры. Бұл сабақта оқушылар 5 санымен танысып, беске дейін санау, қосу және азайту дағдыларын бекітеді.

Сабақтың мақсаттары

  • 5 саны мен 5 цифрын таныстыру; 5-ке дейін санауға, қосуға, азайтуға үйрету.
  • Логикалық ойлауын және ауызша есептеу дағдыларын дамыту.
  • Еңбекке баулу, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге, эстетикалық және адамгершілік тәрбиеге мән беру.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Ойын арқылы санау
  • Ауызша есептеу
  • Жаттығу және бекіту

Көрнекіліктер

  • Санау материалдары
  • Кеспе сандар мен таңбалар
  • Ойыншықтар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушыларға сабақ ережесі түсіндіріледі: бүгінгі ойындардың барлығына белсенді қатысып, тапсырмаларды дұрыс орындаған балаларға сый-сияпат беріледі.

II. Кіріспе әңгіме: 5 сандық санамақ

Ж. Смақов

Ал, санайық, санайық,
Қане, қане, санайық.
Санын біліп алайық:
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу —
Қолымда сонда саусағым нешеу?
Қолымда саусағым сонда бесеу.

Тапсырма 1: Сан карточкалары

Санамақты тыңдағаннан кейін балаларға 1–5 сандары жазылған карточкалар таратылады. Оқушылар сандар бойынша рет-ретімен қатарға тұрады.

  • Алдындағы сандарды (1, 2, 3) анықтау.
  • Оң және сол жағындағы санды ажырату.
  • 1–5 сандары өз орындарын тауып, тақта алдына шығады.

Тапсырма 2: Санамақ-өлең

1 — дегенім білім,
Білім — жарық күнім.
2 — дегенім еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек.
3 — дегенім үміт,
Үміті жоқ жігіт…
4 — дегенім талап,
Талмайтын қанат.
5 — дегенім бірлік,
Бірліксіз жоқ тірлік.

III. Өткенді қайталау: 4 саны

Оқушылар 4 саны шығу үшін 1-ге, 2-ге, 3-ке қандай сан қосылатынын ауызша есептеп айтады:

1 + 3 = 4
2 + 2 = 4
3 + 1 = 4

IV. Ойын: «Вагондардың орнын тап»

«Қай оқушы ауысқан вагондардың орнын жылдам табады?» Жылдам әрі дұрыс тапқан оқушы сабақтың білгір, озат оқушысы деп танылады.

Қосымша сұрақ: суретте неше вагон бейнеленген?

4 санына байланысты жұмбақ сипаттама:
«Үш сызықтан тұратын,
Балалардың құралы.
Велосипед жөндейтін,
Кілт боламын баяғы.»

V. 5 саны туралы: түсіндіру және тақпақ

Төрттен кейін — бесті,
Білу оңай — десті.

  • Бес көлеміндегі сандарды ретімен санау және қатардағы орнын анықтау.
  • Әр сан өзінен алдындағы саннан 1-ге артық, өзінен кейінгі саннан 1-ге кем екенін түсіндіру.
  • 5 санының шығуы қосу амалы арқылы көрсетіледі.
4 + 1 = 5
3 + 2 = 5
2 + 3 = 5
1 + 4 = 5

Сергіту сәті

Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз шынығып алайық.

Ойын: «Сан ретін тап»

Ойын арқылы санның ретін бекіту және есте сақтау қабілетін дамыту.

1 2 3 4 5

Жұмбақ

Туысқан бес кісі,
Бірінен бірі кіші.
Бәрінің аты бар,
Ең кішісі — шеткісі.

Жауабы: бес саусақ.

Қорытынды және бағалау

Оқушылардың сабақ барысындағы жауаптары мен тапсырмаларды орындау нәтижелері бағаланады. Жылдамдық пен тапқырлық танытқан балалар марапатталады.

Сабақ аяқталды.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}