Оқушыларды түгендеп, сабаққа даярлықтарын тексеру
Шерхан Мұртаза «Бала Тұрарға» мінездеме
Бұл сабақ жоспары оқушыларға шығарма мазмұнын терең түсіндіріп, алған білімдерін жүйелеуге және бекітуге бағытталған. Жұмыс барысында оқушылар мәтінді талдап, дәлелдеп сөйлеуге, өз ойын қорытындылауға және шығармашылық тапсырмалар арқылы белсенді қатысуға мүмкіндік алады.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға қазақ халқының өткені туралы түсінік беру, әңгіме бойынша алған білімдерін жүйелеу және бекіту.
Дамытушылық
Ізденімпаздыққа дағдыландыру, терең ойлап, пікір қорытуға бейімдеу, мәтінді өздігінен түсініп, мазмұндап айтуға бағыттау.
Тәрбиелік
Төзімділікке баулу, елін және халқын сүюге тәрбиелеу, еңбекке құштарлық сезімін қалыптастыру.
Сабақтың типі
Бекіту сабағы.
Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап
- Талдау
- Ойлау
- Дәлелдеу
- Топтастыру
Сабақтың барысы
-
1
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлығын тексеру.
-
2
Үй тапсырмасын сұрау
- Сахналық қойылым (үзінді).
- Сұрақтар қою: әр оқушыға үлестірмелі парақша тарату.
- Үй тапсырмасын бекіту.
-
3
«Тапқырлар» ойыны
Әр қатар (немесе топ) бойынша тапсырмалар бөлінеді:
Сілтеме табушылар
Шығарманың ең қызықты тұсын тауып, дәлелмен ұсынады.
Сөз тапқыштар
Шығармадан мақал-мәтел немесе афоризм тауып, мағынасын түсіндіреді.
Бейнелеуші-суретшілер
Оқиға желісі бойынша иллюстрация (сурет) салады.
Ізденушілер
Тұрар Рысқұлов туралы мәлімет жинап, қысқаша таныстырады.