Қаладағы көлік түрлерін ата
Жезқазған қаласы
Жалпы орта білім беретін №1 орта мектеп КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Жандаулетова Қызғалдақ Жаңғазыевна
Пән: Дүниетану
Сынып: 1-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қала
Сабақтың мақсаты
- Қазақстанның ірі қалалары және жергілікті қала туралы мағлұмат беру.
- Мәтін мазмұнын аша отырып, қаладағы мәдени орындармен таныстыру.
- Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік бағыты
- Топ алдында еркін сөйлеуге, ойын қорытындылап айтуға үйрету.
- Өз қаласына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін ояту.
- Адамгершілікке тәрбиелеу, қаланы көркейтуге үлес қосуға баулу.
Сабақтың форматы мен ресурстары
Сабақтың түрі
СТО технологиясы, топтық жұмыс
Әдіс-тәсілдер
- Ой шақыру
- Топтастыру
- Сұрақ қою, қайта сұрақ қою
- «Әлемді шарлау»
- Бес жолды өлең
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Сызбалар
- «Менің сүйікті қалам» слайды
- Бағалау парағы
Міндеттер
1) Мазмұнға байланысты
Мәтіннің тақырыптық негізін тани алады.
2) Сын тұрғысынан ойлау
Мәтінмен жұмыс істей отырып талдау жасайды, өз көзқарасын білдіріп, пікір айтады.
3) Топтық жұмыс
Бір-бірімен пікірлесе отырып ортақ қорытынды шығарады, білгенін ортаға салуға үйренеді.
4) Бағалау
Бағалау парағы арқылы жүргізіледі.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа даярлау.
II. Қызығушылықты ояту
Сұрақ: Біз қай қалада тұрамыз?
Жауап үлгісі: Жезқазған — мысты қала.
Сұрақ: Қалада қандай мәдени орындар бар?
Топтастыру стратегиясы
III. Мағынаны тану
Мұғалімнің мәтінді оқуы және түсіндіруі
Қалада халық көп шоғырланған. Үйлері көп қабатты. Оларға жылу мен су орталықтан жеткізіледі.
Қалада жоғары оқу орындары, театрлар, мұражайлар, саябақтар бар.
Қаланың бір шетінен екінші шетіне көлік тұрақты қатынайды.
Қазақстанның аса ірі қалалары: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Өскемен.
Сұрақ қою және қайта сұрақ қою (жұптық жұмыс)
- Сен қай қалада тұрасың?
- Саған қалада тұрған ұнай ма?
- Қаладағы көлік түрлерін ата.
- Қазақстанның аса ірі қалаларын ата.
Сергіту сәті
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырасын даламыз,
Жайнай берсін қаламыз.
IV. Ой толғаныс («Әлемді шарлау»)
I топ
«Менің қалам» тақырыбында эссе жазу.
II топ
«Біздің қала» тақырыбында сурет салу.
III топ
Қаладағы мәдениет орындарының атауларын жазу.
V. Үй тапсырмасы
- Мәтінді оқу және мазмұндау.
- Қала туралы өлең шығару.
VI. Бағалау
Оқушылардың жұмысы бағалау парағы арқылы қорытындыланады.