Жай сандар қандай сандар

Сабақтың тақырыбы

Математика – ғылымдар патшасы.

Сабақтың мақсаты

Математиканың қыр-сырымен таныстыру, логикалық ойлауды дамыту және ой-өрістің кеңеюіне ықпал ету.

Көрнекілігі

Интербелсенді тақта арқылы слайдтар мен бейнематериалдар көрсетіледі.

Бағалау

Әділқазылар алқасы сайланады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

Сабақтың барысы

  1. 1

    Топ атауы және ұраны

    Әр топ өз атауын таныстырып, ұранын айтады.

  2. 2

    Формулалар сайысы

    Негізгі формулалар мен ұғымдарды еске түсіру.

  3. 3

    Мақал-мәтелдер сайысы

    Санға қатысты мақал-мәтелдерді толықтыру және айту.

  4. 4

    Сиқырлы шаршы

    Шаршыға сандарды дұрыс орналастыру тапсырмасы.

  5. 5

    Тығырықтан шыға білу

    Көрермендер көмегімен ұпай жинау: ұғымдардың синонимдерін табу.

  6. 6

    Ойлан, тап!

    Сұрақтарға 1–5 минут ішінде жылдам жауап беру.

  7. 7

    Идеялар қоры

    Таяқшалар арқылы өз ойларынан кез келген заттың макетін құрастыру.

    Қорытынды: марапаттау.

Кіріспе шумақтар

Көңілді тапқыштар, білгіштер,

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де есеп,

Ауырсаң ішетін дәрі де есеп.

Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ақ,

Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.

Есептен сайысады үш команда,

Алға озар ең мықтысы осы жолда.

Көпшілік өнерлерін қызықтамақ,

Сұрайық шығуларын жұрт алдына.

Қиындықтан ешқашан қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз — жеңістерге бастаймыз.

Ғылымдардың патшасы атанғансың,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа —

Жасықтан емессің, сен қаталдансың.

Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін

Нағыз пән — математика атанғансың!

Ұлы ғалымдардың математика туралы ойлары

Юнг

«Математиканың түсінікті болған 10 беті, түсінбей жаттап алған жүз беттен артық, ал өздігінен оқып игерген бір сәт — әйтеуір түсінікті он беттен артық».

Маркушевич

«Еңбек пен жаңалық ашудың байтақ және қиырларына апаратын кең жол мектепте алған математикалық білім арқылы өтеді».

Писарев Д. И.

«Математика — ұлы ғылым, адамның ең бір асыл қасиеттерінің тамаша жемісі».

Ермаков

«Математикада формуланы жаттаудың қажеті жоқ, ойлау процестерін есте сақтау керек».

Жұмбақтар (көрермендермен)

Жұмбақ 1

Бір ағаштың он екі бұтағы бар, әр бұтағында отыздан жапырағы бар. Жапырақтарының бір жағы ақ, бір жағы қара.

Жауабы: жыл, ай, күн мен түн.

Жұмбақ 2

Бір үйде тұрады екен елу батыр, үй сыртына сүйкенсе-ақ өліп жатыр.

Жауабы: сіріңке.

Жұмбақ 3

Біреуін бердім, онын тердім.

Жауабы: тұқым.

Жұмбақ 4

Бірін-бірі қоштаған, бір үйден көрдім, қырық екі дос-жаран.

Жауабы: 42 әріп.

Көрермендер сайысы

12 жылдың мүшел атаулары

  • Тышқан
  • Сиыр
  • Барыс
  • Қоян
  • Ұлу
  • Жылан
  • Жылқы
  • Қой
  • Мешін
  • Тауық
  • Ит
  • Доңыз

Ұзындық өлшеуіштері (қазақша)

  • Шынтақ
  • Елі
  • Бір елі
  • Сынық сүйем
  • Құлаш
  • Табан
  • Қадам
  • Көз көрім жер
  • Таяқ тастам жер
  • Түстік жер
  • Күндік жер

Аудан өлшеуіштері

  • Түймедей
  • Теңгедей
  • Ат төбеліндей
  • Алақандай
  • Туырлықтай
  • Ауыл аумағындай

Көлем және салмақ өлшеуіштері

Көлем

  • Жұдырықтай
  • Ат басындай
  • Тай тұяқ
  • Үйдей
  • Таудай

Салмақ

  • Зілдей
  • Қаңбақтай

Мақал-мәтелдер сайысы

І топ

  1. Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл.
  2. Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама.
  3. Отыз тістен шыққан сөз, отыз елге тарайды.
  4. Айла алтау, ақыл жетеу.
  5. Елуінде – ер дана, елуінде – ел жаңа.

ІІ топ

  1. Ағайын – алтау, ана – біреу.
  2. Мың қосшыға бір басшы.
  3. Екі кісі ығысса, бір кісілік орын бар.
  4. Мың досың аз, бір дұшпаның көп.
  5. Отыз күн оразаның бір айты бар, әр қылған жақсылықтың бір қайты бар.

ІІІ топ

  1. Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді.
  2. Шын – бір сөз, өтірік – мың сөз.
  3. Он адам жүрген жерде із қалады, жүз адам жүрген жерде соқпақ, мың адам жүрген жерде жол қалады.
  4. Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.
  5. Жақсы әке жаман балаға қырық жылдық ризық.

Ойлан, тап! (жылдам сұрақтар)

Тапсырма: сұрақтарға 1–5 минут ішінде жауап беру.

Жиынтық 1

60-тың 20%-ы
12
90-ның 30%-ы
27
180°-қа тең бұрыш қалай аталады?
Жазыңқы бұрыш
Тік бұрыш нешеге тең?
90°
3/4-ке кері сан
4/3
4/5-ке қарама-қарсы сан
−4/5
Радиус деген не?
Шеңбердің центрінен оның нүктесіне дейінгі қашықтық
Хорда деген не?
Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді

Жиынтық 2

121 — ненің квадраты?
11-дің квадраты
16-ның квадраты
256
Трапецияның орта сызығы неге тең?
Табандарының қосындысының жартысына тең
Үшбұрыштың орта сызығы неге тең?
Үшінші қабырғаның жартысына тең (және оған параллель)
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдік
sin²α + cos²α = 1
Синустың косинусқа қатынасы
tg (tan)
Параллель түзулер қандай түзулер?
Бір жазықтықта жатып, қиылыспайтын түзулер
Перпендикуляр түзулер
Өзара 90° бұрыш жасап қиылысатын түзулер

Жиынтық 3

Екінің алтыншы дәрежесі
64
Үштің бесінші дәрежесі
243
Биссектриса деген не?
Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін сәуле (немесе кесінді)
Медиана деген не?
Төбені қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын кесінді
Шаршының периметрі 44 см. Қабырғасы неше см?
11 см
Теңқабырғалы үшбұрыштың қабырғасы 8 см. Периметрі?
24 см
Ең үлкен екі таңбалы сан
99
Ең кіші натурал сан
1

Жиынтық 4

Квадрат теңдеудің қай кезде екі түбірі бар?
Дискриминант D > 0 болғанда
Квадрат теңдеудің қай кезде түбірі жоқ?
D < 0 болғанда
Екі қатынастың теңдігі
Пропорция
Екі санның бөліндісі басқаша қалай аталады?
Қатынас
Жай сандар қандай сандар?
Екі ғана бөлгіші бар сандар (1 және өзі)
Құрама сандар қандай сандар?
Екіден көп бөлгіші бар натурал сандар

Қосымша жылдам сұрақтар

100-дің 6 пайызы
6
Сүйір бұрыш дегеніміз не?
90°-тан кіші бұрыш
0 қандай сан?
Оң да емес, теріс те емес сан
Диаметр дегеніміз не?
Шеңбердің екі нүктесін қосып, центр арқылы өтетін кесінді
1 — ненің квадраты?
1-дің квадраты
Тамаша нүкте дегеніміз не?
Медиана, биссектриса және биіктіктің бір нүктеде қиылысуы
Котангенс дегеніміз не?
ctg = cosα / sinα
Диаметрі 10 см дөңгелектің радиусы
5 см
Кез келген санның 0 дәрежесі
1-ге тең
Биіктік дегеніміз не?
Төбеден қарсы қабырғаға (не оның жалғасына) түсірілген перпендикуляр кесінді
Қатаң емес теңсіздік пен қатаң теңсіздіктің айырмасы
Қатаң емес теңсіздікте теңдік белгісі (≤, ≥) бар, қатаң теңсіздікте жоқ (<, >)
Ең үлкен теріс сан
−1
Квадрат теңдеудің қай кезде түбірі болмайды?
D < 0 болғанда
Интервал дегеніміз не?
Аралық
Жалғыз жұп жай сан
2

Қорытынды бөлім

«Тығырықтан шыға білу» ережесі

Бірнеше ұғымның синонимдерін айту қажет. Көрермендер дұрыс тапса, сол топқа 1 ұпай қосылады.

«Идеялар қоры» тапсырмасы

Таяқшаларды пайдаланып, өз қиялдарыңыздан кез келген заттың макетін құрастырыңыз. Жұмыстар таныстырылып, үздіктер марапатталады.