Тіктөртбұрыштың қасиеті

Сабақтың мақсаты

1) Білімдік

Шаршының мәнді белгілерін анықтау: ең жақын тегі мен түрлік ерекшелігін ажырату. Ондықтан аттап кестелік қосу және азайту білімдерін бекіту.

2) Дамытушылық

Ой-өрісті, логикалық пайымдауды және дәлелдеу дағдысын дамыту.

3) Тәрбиелік

Шапшаңдыққа, жүйріктікке, әділдікке және ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Психологиялық жағымды ахуал

«Шаттық шеңбері» ұйымдастырылады: оқушылар бір-біріне жылы сөз айтып, сабаққа жағымды көңіл күймен кіріседі.

1) Топқа бөлу

Оқушылар үстелдегі геометриялық фигуралардың бірін таңдап, таңдаған фигурасы бойынша топтарға орналасады.

1-топ: Тіктөртбұрыш

2-топ: Шаршы

3-топ: Шеңбер

4-топ: Үшбұрыш

Топ ережелері

  • Тыныштық сақтау.
  • Бір-бірін тыңдау.
  • Қолдау көрсету (қол соғу).
  • Ойды ашық айту.
  • Тапсырманы дұрыс орындау.
  • Әділ болу.

Сыныпта ортақ ережені сақтаймыз.

2) Үй тапсырмасын тексеру: «Бәйге» ойыны

Жылдам сұрақ-жауап арқылы алдыңғы білім еске түсіріледі.

1. Тіктөртбұрыштың қасиеті қандай?

Қарама-қарсы қабырғалары тең.

2. І ғасырда неше жыл бар?

100 жыл.

3. Екі ұшы шектелген сызық қалай аталады?

Кесінді.

4. Ең үлкен екі таңбалы сан?

99.

5. Ең үлкен бір таңбалы сан?

9.

6. Теңдеу деген не?

Белгісіз санды табуға арналған өрнек.

7. Логикалық есеп

Бақдәулет 3 стақан судың 1 стақанын ішті. Неше стақан қалды? Жауабы: 2 стақан.

3) Жаңа сабақ: «Шаршы» ұғымын енгізу

Бағыттаушы сұрақтар

  • Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер? Ерекшеліктерін атаңдар.
  • Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш қалай аталады?
  • Сызғышпен тексеріп дәлелдеңдер.

Негізгі түсінік

Шаршытіктөртбұрыштың бір түрі; оның барлық қабырғалары тең болады.

Оқушылар бір қабырғаны өлшеп, қалған қабырғаларымен салыстыру арқылы теңдігін анықтайды. Дәптерге шаршы сызады.

Сергіту сәті

«Демалыс аялдамасы» арқылы қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.

АКТ және оқулықпен жұмыс

Ұран: «Ынтымақсыз іс бітпес!»

Тапсырмалар (4 топқа бөлініп орындалады)

1-есеп

Қыз бала — 20, ұл бала — 10. Тағы 4 оқушы келді. Барлығы неше оқушы болды?

(20 + 10) + 4 = 34

(20 + 4) + 10 = 34

(10 + 4) + 20 = 34

Жауабы: 34 оқушы.

2-есеп

Барлығы — 48 кітап. 20 кітап және 10 кітап алынды. Қанша кітап қалды?

48 − (20 + 10) = 18

(48 − 20) − 10 = 18

(48 − 10) − 20 = 18

Жауабы: 18 кітап.

3-тапсырма (ауызша)

Қосылғыштардың орны ауысқанымен, қосындының мәні өзгермейді. Бұл — қосудың ауыстыру қасиеті.

50 + 10 + 20 = 80

20 + 10 + 50 = 80

50 + 20 + 10 = 80

20 + 50 + 10 = 80

4-тапсырма (байланысты амалдар)

Қосу мен азайтудың өзара байланысын қолданып, теңдіктерді толықтыру.

7 + 6 = 13

13 − 7 = 6

9 + 5 = 14

14 − 9 = 5

5 + 8 = 13

13 − 5 = 8

6 + 8 = 14

14 − 8 = 6

9 + 4 = 13

13 − 4 = 9

7 + 7 = 14

14 − 7 = 7

Топтық жұмыс: «Фигуралардан не құрастыруға болады?»

1) Шеңберден

Қандай зат жасауға болады?

2) Шаршыдан

Қандай зат жасауға болады?

3) Тіктөртбұрыштан

Қандай зат жасауға болады?

4) Үшбұрыштан

Қандай зат жасауға болады?

Әртүрлі фигуралардың көмегімен поезд, машина, ұшақ және басқа да заттарды құрастыру ұсынылады.

Ойын: «Сөз құрастыр» (сандарды өсу ретімен орында)

9 + 5 = Р

8 + 8 = Ш

7 + 8 = А

7 + 6 = Ш

6 + 6 = Ы

Қорытынды сөз: «ШАРШЫ»

Шаршы деген не? Барлық қабырғалары тең фигура.

Ең жақын тегі: тіктөртбұрыш.

Түрлік ерекшелігі: төрт бұрышы (4 төбесі) бар.

Қалай анықтаймыз? Бір қабырғасын өлшеп, қалғанымен салыстырамыз.

Ойын: «Көкөніс-жеміс жина» (есепте де, таңда да)

2 + 4 = 6

6 + 6 = 12

2 + 8 = 10

13 − 6 = 7

3 + 6 = 9

14 − 8 = 6

4 + 7 = 11

15 − 9 = 6

Шаршыларды сана

Берілген суреттер бойынша 2 шаршы, 4 шаршы, 3 шаршыны табу тапсырмасы орындалады.

Ертегі есеп: «Қасқыр мен түлкі»

Қасқыр (тақ сандар)

1 + 3 + 5 + 7 + 9 = 25

Түлкі (жұп сандар)

2 + 4 + 6 + 8 + 10 = 30

Ойын: «Қане, кімнің ойы жүйрік?» (логикалық сұрақтар)

Оқушылар логикалық тапсырмаларға жауап береді. Кей сұрақтар ашық ойлануды талап етеді.

  1. 1. Тышқан аулағышты басқаша қалай атауға болады? Мысық
  2. 2. 50 саусақ көрінуі үшін қанша баланың қолы көрінуі керек?
  3. 3. Үстелде 4 бұрыш бар. Бір бұрышын кесіп тастасақ, қанша бұрыш қалады?
  4. 4. Үрлегенде не жеңіл?
  5. 5. 10 жылдан кейін тақта қандай болады деп ойлайсыңдар?
  6. 6. 1 кг темір мен 1 кг мақтаның қайсысы ауыр?
  7. 7. 4 жұмыртқа 4 минутта піссе, 1 жұмыртқа неше минутта піседі?
  8. 8. 1 сағат 25 минутта неше минут бар?
  9. 9. 1 тәулік 20 сағатта қанша сағат бар?
  10. 10. 1 жыл 4 айда неше ай бар?
  11. 11. 1 апта 5 күнде неше күн бар?
  12. 12. 4 дм 8 см-де неше см бар?
  13. 13. Суретте неше үшбұрыш бар?
  14. 14. Шаршының қандай қасиеті бар? Түрлік ерекшелігі
  15. 15. Шаршының ең жақын тегі қандай? Тіктөртбұрыш

Рефлексия және бағалау

Кері байланыс

Оқушылар «алма» парақшасына сабақтан алған әсерін жазады: сабақ несімен ұнады, не білді, қандай сұрағы қалды. Жауаптар алма ағашына ілінеді.

Бағалау

«2 жұлдыз, 1 тілек» әдісі арқылы өзара бағалау жүргізіледі: екі жақсы тұс және бір ұсыныс айтылады.

Сабақты аяқтау

Қорытындылау ретінде «Салют» (қысқа көңіл көтеру сәті) ұйымдастырылады.

Үй тапсырмасы

6 мысал орындау.