Қыран тобына
Сабақтың тақырыбы
Қызықты математика
Мақсаты
- Балалардың математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімін тереңдету, есептеу дағдыларын жетілдіру және шығармашылық ізденістерін ұштау.
- Оқушылардың логикалық ой-өрісін және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
- Оқушыларды білімін өмірде қолдана білуге үйрету, пәннің қажеттілігін сезіндіру.
Сабақ туралы
- Сабақтың түрі
- Топтық сайыс
- Сабақ типі
- Ойын түрінде
- Көрнекілігі
- Топтық тапсырмалар, қажетті құралдар, суреттер, нақыл сөздер, логикалық есептер, ұпай көрсеткіштері.
Қолданылатын нақыл сөздер
«Арифметика — математиканың, ал математика — ғылымдардың патшасы».
«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін — математика».
«Математиканың өз тілі бар — ол формула».
Сабақтың жоспары
Топтардың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
Бәйге (тапқырлық сайысы)
«Білімпаздар еліне саяхат» (арнайы тапсырма)
«Ойлы болсаң озып көр» (логикалық тапсырмалар)
Мақалдың жалғасын табу
«Кім жылдам?»
Жанкүйерлер сайысы
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Уа, халайық, халайық, бәріңе жар салайық! Бүгінгі кеш төрінде — математика елінде — есеп шығарып жарысып, жұмбақ шешіп, көңілді кеш құрайық. Мұнда қызық көп: жұмбақ та бар, есеп те бар. Ал, сайыскер балалар, білімдеріңді сынайық — кім білімді екенін анықтайық!
Сайысқа қатысушы екі топ: «Ұлан» және «Қыран». Сайысты бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырылады.
1-кезең: Таныстыру — «Ұлан» тобы
Сәлемдесу
Математика сырлары қызықтырды біздерді. Ойынға бірге қатысуға шақырамыз сіздерді.
Ұраны
Қандай сынақ болса да берілмейміз, әрқашанда үміткерміз жеңіске. Қиындықтан ешқашан қашпаймыз — бүгінгі сайысымызды бастаймыз.
1-кезең: Таныстыру — «Қыран» тобы
Сәлемдесу
Жарыс десе жаныңды салып, жасырғанды табайық. Күш сынасып көрейік — жеткенінше әліңіз.
Ұраны
Біз дайынбыз бұл сайысқа, достарым. Көрсетеміз бізде қандай күш барын. Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз, қияларға самғаған құстаймыз.
2-кезең: Бәйге
«Ұлан» тобына сұрақтар
- 1 метрде неше сантиметр бар? 100 см
- Азайтудың нәтижесі қалай аталады? Айырманың мәні
- 1 сағатта неше минут бар? 60 минут
- Қарама-қарсы қабырғалары өзара тең фигура қалай аталады? Төртбұрыш
- Салмақ өлшем бірліктерін ата. г, кг, ц, т
- 1 дм 4 см нешеге тең? 14 см
- Тәуліктің 1/3 бөлігі неше сағатқа тең? 8 сағат
- Екі нүктенің арасындағы түзу қалай аталады? Кесінді
- 1 тоннада неше центнер бар? 10 ц
- Қыс пен көктемде неше ай бар? 6 ай
«Қыран» тобына сұрақтар
- 1 килограмда неше грамм бар? 1000 г
- Қосудың нәтижесі қалай аталады? Қосындының мәні
- Барлық қабырғалары тең фигура қалай аталады? Шаршы
- Ұзындық өлшем бірліктерін ата. см, дм, м, км
- Кез келген санды 0-ге көбейтсе не шығады? 0
- Қиылыспайтын екі түзу қалай аталады? Параллель
- Ең кіші натурал сан. 1
- 1 дециметрде неше сантиметр бар? 10 см
- 100 жыл неше ғасырға тең? 1 ғасыр
- 2 тәулікте неше сағат бар? 48 сағат
3-кезең: «Білімпаздар еліне саяхат»
«Ұлан» тобына тапсырмалар
Қоймаға 6 кг сиыр еті әкелінді. Одан 1 кг артық қой еті және қой етінен 3 есе артық жылқы еті әкелінді. Қоймаға неше килограмм жылқы еті әкелінді?
Салыстыру
- Өрнектер 80 · 7 — 200 90 · 3 + 520
- Өрнектер 40 : 5 + 36 74 — 36 : 4
«Қыран» тобына тапсырмалар
180 теңгеге бірдей бағамен 3 тәрелке және 6 кесе сатып алынды. 1 тәрелке қанша тұрады? 1 кесе ше?
Салыстыру
- Өрнектер 90 · 7 — 300 80 · 6 + 320
- Өрнектер 40 : 8 + 55 76 — 60 : 10
4-кезең: «Ойлы болсаң — озып көр» (логикалық тапсырмалар)
«Ұлан» тобы
- Төрт қойдың неше аяғы бар? 16
- Тырна бір аяғымен тұрса 3 кг. Екі аяғымен тұрса салмағы қанша? 3 кг
- Ағаш бұтағында 100 торғай отыр. Аңшы 10 торғайды алып алды. Қаншасы қалды? 10
- 1 т мақта ауыр ма, әлде 10 центнер темір ауыр ма? Тең
- Сенің әке-шешең көршіңе кім болады? Көрші
- Бөлменің төрт бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы неше мысық? 4
- Қарындасы 4 жаста, ағасы 6 жаста. Қарындасы 6-ға толғанда ағасы неше жаста? 8
- Шөпте қояндар тығылған. Тек 10 құлақ көрінеді. Неше қоян? 5
- Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты. Неше тәулік? 4 тәулік
- Бір адам қалаға бара жатыр. Жолда оған үш танысы қарсы кездесті. Қанша адам қалаға барды? 1
«Қыран» тобы
- Бес тырнаның неше аяғы бар? 10
- 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? 3 минут
- Бір жанұяда бес ұл бар, және олардың әрқайсысының бір қарындасы бар. Барлығы қанша бала? 6
- 1 кг тұз ауыр ма, әлде 1000 г мақта ауыр ма? Тең
- 1 көйлек жылы ма, әлде 1 көйлектің қалыңдығындай 3 көйлек жылы ма? Бірдей
- 1 кг алманың бағасы 100 тг болса, 0,5 кг қанша? 50 тг
- Жазда 6 бала таудан сырғанақ тепті. 4-еуі қайтып кетті. Нешеуі қалды? Жазда сырғанақ болмайды
- Жылдың 12 айында 30 және 31 күн ауысып келеді. 28 саны қай айда кездеседі? Барлық айда
- Айдала. Қараңғы түн. Екі салт атты ауылға келеді. Алыстан жылт еткен сәуле сөніп-өшті. Кім бұрын көреді? Ешқайсысы
- Екі қарға: бірі оңтүстікке, бірі солтүстікке қарап отыр. «Досым, мен сені көріп отырмын», — дейді. Қалай? Екеуі бетпе-бет отыр
5-кезең: Мақалдың жалғасын тап
«Ұлан» тобы
- Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл.
- Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
- Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
- Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.
- Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
- Жүзден біреу шешен, мыңнан біреу көсем.
«Қыран» тобы
- Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарар.
- Білгенің бір тоғыз, білмейтінің тоқсан тоғыз.
- Бір кісі қазған құдықтан, отыз кісі су ішер.
- Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді.
- Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан.
- Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
6-кезең: «Кім жылдам?»
«Ұлан» тобы
Тек қана 9 санын төрт рет пайдаланып, 20 санын қалай шығаруға болады?
99 : 9 + 9 = 20
«Қыран» тобы
Тек қана 3 санын алты рет пайдаланып, 1000 санын қалай шығаруға болады?
333 × 3 + 3 : 3 = 1000
7-кезең: Жанкүйерлер сайысы (жұмбақтар)
«Ұлан» тобына жұмбақтар
- Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс. Сызғыш
- 24 батыр, бірін-бірі жеп жатыр. Дойбы
- 50 аяқты, 2 қолды, 50 аяқпен салады жалғыз жолды. Ара
- Дүкеннен мен сабын алдым, оның тағы қабын алдым. Екі дәптер, бір қарындаш, тіс жуғышты тағы да алдым. Барлығы нешеу? 6
«Қыран» тобына жұмбақтар
- 100 мүйізі бар, үстінде киізі бар. Киіз үй
- 50 батыр, үй сыртына сүйкеліп өліп жатыр. Сіріңке
- Бір-бірімен жарысқан: 4 аю, 1 арыстан, 2 қой, 1 түлкі. Бәрі нешеу? 8
- Екі қатар тал шыбық: күндіз қабыспайды, түнде қабысады. Кірпік
Қорытынды
Қызықты математика сайысының қорытындысын шығару үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Алдыңызда жайнаған жүздер әні — сіздерменен кездесеміз біздер әлі. Әділқазы, көрермен, сау болыңыз — күтеді бізді жарқын күндер әлі!