Мұғалімнің кіріспе әңгімесі
Ұлы Жеңіс
Бұл тәрбие сағатының мақсаты — оқушыларды адамгершілікке, Отанды сүюге және оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі
- Плакаттар
- Қабырға газеті
- Нақыл сөздер
Нақыл сөздер
Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар.
Отан үшін отқа түссең — күймейсің.
Ұлы Жеңіске мың тағзым!
9 мамыр — Жеңіс күні
Бұл күн — түрлі-түсті шарлар мен гүл шоқтарына бөленген, жүрекке үміт ұялататын мереке. Ол — бейбіт өмірдің бағасын ұғындыратын, ерлікке тағзым ететін қасиетті күн.
Жүру барысы
1) Ұйымдастыру
Оқушылар көк түсті пилотка киіп, кеуделеріне көк лента тағады. Барлығы орындарынан тұрып, қонақтарды қарсы алады. Үнтаспадан Жеңіс туралы ән қойылады.
2) Мұғалімнің кіріспе сөзі
Ұлы Жеңіс мерекесі биыл да көктемнің шуақты күнімен бірге келді. Ұлан-ғайыр даламыз тарихтың талай сын сағаттарын бастан кешті: төңкерістер мен көтерілістерді, жеңіс пен жеңілісті, қуаныш пен қиындықты көрді.
Сол ерліктің ең биігі — Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс. 1941 жылы фашистік Германия бейбіт елге опасыздықпен соғыс ашып, талай шаңырақты шайқалтты: ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырған қасірет әр адамның жүрегінде өшпес із қалдырды.
3) Оқушылардың өлеңдері
Т. Молдағалиев — «Жеңіс күні»
Бақыт сыйлап жатады әр күн,
Санамызға жарық берген.
Әкелері аталардың —
Бұл Жеңісті алып келген.
Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Батырлардың ұрпақтары.Қонақтарға гүл шоқтары табысталады.
Тарих пен тағзым
Ерлер рухына құрмет
Қазақстанда соғыс оты шарпымаған шаңырақ кемде-кем. Жүз мыңдаған ата-әжелеріміз бен әкелеріміз соғыстың алғашқы күндерінен-ақ майданға аттанды. Қан майданда қаза тапқан ерлердің рухына және бүгін арамызда асқар таудай болып отырған ардагерлерімізге бас иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істері ешқашан ұмытылмауы тиіс.
Бір минут үнсіздік
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса-дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
Рәсім
Барлығы орындарынан тұрып, бір минут үнсіздікпен еске алады.
Соғыстың басталуы
1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан сәтте елге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз ауыр кезеңге душар болды. Фашистік Германия опасыздықпен басып кіріп, Ұлы Отан соғысы басталды. Ел басына ауыр күн туды.
Қазақстанның үлесі
- Соғысқа дейін Қазақстан халқы шамамен 6,2 миллион еді.
- Республикадан майданға 1 196 164 адам аттанды.
- Еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді.
- Соғыс жылдары әскери комиссариаттар арқылы жалпы 1,9 миллионға жуық адам сапқа тұрды.
Бұл жылдары жүрегі «Отаным» деп соққан әр азамат барынша күресе білді, ел алдындағы антты абыроймен орындады.
Әдеби-сазды бөлім
ІІ) Күй әуені
Үнтаспадан күй орындалады. Ортаға жыр алыбы Жамбылдың «Балама хат» өлеңі оқылады.
ІІІ) Сахна сыртындағы дауыс
Бірінің жары өлгенде,
Бірінің жары хабарсыз.
Сұрапыл басқа төнгенде,
Кетіпті қара қағазсыз.
Қасіреттің ізі, ерліктің мәні
Соғыс қасіреті осылайша ананы баладан, баланы әкеден, әкені баладан айырды; көздің жасын көл етті. Бірақ олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады, ақ сүт берген анасын қорғады, самал ескен даласын қорғады, пәк жүзді баласын қорғады.