Гидраның көбеюі

Сабақ туралы мәлімет

Өңірі және білім беру ұйымы

Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай селосы
Ш. Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебі

Пән мұғалімі

Биология пәнінің мұғалімі: Смайлова Рсалды Кадиржановна

Сабақтың тақырыбы

Гидраның көбеюі және регенерациясы

Сабақтың типі

Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Жалпы мақсат және күтілетін нәтиже

Жалпы мақсаты

Регенерация құбылысының маңызын түсіндіру және гидраның көбею ерекшеліктері туралы ғылыми көзқарас қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар гидраның регенерациясы ағзаның өмір бойы өзгеріп, қайта қалпына келе алатынын дәлелдейтінін түсінеді.

Сабақ әдістері мен модульдер

Қолданылатын әдістер

  • Диалогтік әңгімелесу (мұғалім–оқушы, оқушы–мұғалім)
  • АКТ элементтерін қолдану
  • Суретпен жұмыс
  • Сұрақ-жауап
  • Сөзжұмбақ шешу
  • Рефлексиялық бағалау, өзін-өзі бағалау
  • Жеке және ұжымдық жұмыс

Модульдер

  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
  • Оқытуда АКТ-ны пайдалану
  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

Ұйымдастыру формасы және ресурстар

Формасы: жекелей, ұжымдық

Ресурстар: оқулық, интерактивті тақта, демонстрациялық материалдар, компьютер, слайдтар, үлестірме материалдар, бағалау парағы

Сабақ барысы

Үй тапсырмасын сұрау (билет сұрақтары)

  1. №1 билет

    Сұрақ: Гидраның сыртқы қабатында қандай жасушалар орналасқан?

    Жауап: тері-бұлшықет, жүйке және атпа жасушалары.

  2. №2 билет

    Сұрақ: Гидраның денесінде әр түрлі қызмет атқаратын жасушаларды атаңыз және олардың қызметі қандай?

    Жауап: жабын, асқорыту және тітіркенуді қабылдайтын жасушалар; олар қорғаныш, қоректену және тітіркендіргішке жауап беру қызметтерін атқарады.

  3. №3 билет

    Сұрақ: Гидра қалай қозғалады?

    Жауап: бірде табанымен, бірде қармалауыштарын тірек етіп қозғалады.

  4. №4 билет

    Сұрақ: Гидраның қанша қармалауышы болады?

    Жауап: 5–8 қармалауышы болады.

  5. №5 билет

    Сұрақ: Гидра қалай қоректенеді және қалай қорғанады?

    Жауап: денесінде, әсіресе қармалауыштарында атпа жасушалары көп болады; солар арқылы жемтігін ұстап, қорғанады.

Жаңа сабақ: регенерация

Гидраның таңғаларлық қасиеттерінің бірі — регенерация. Егер гидраны екіге бөлсе немесе бірнеше бөлікке бөлшектесе, әр бөлігі өз алдына толыққанды жаңа гидраға айнала алады.

Бұл қабілеттің негізгі себебі — гидраның сыртқы қабатындағы аралық жасушалар. Олар ядросы ірі, белсенді бөлінетін жасушалар болып табылады.

Дене зақымданғанда аралық жасушалар қарқынды көбейіп, тері-бұлшықет, жүйке және атпа жасушаларын түзеді. Соның нәтижесінде зақымданған аймақта жойылған жасушалар қайта қалпына келеді.

Анықтама: Денедегі зақымданған немесе жойылып кеткен бөліктің бұрынғы қалпына келу құбылысы регенерация деп аталады.

Регенерация көпжасушалы жануарлардың көпшілігінде әр түрлі деңгейде байқалады: шұбалшаң екіге бөлінсе — әр бөлігінен жаңа құрт пайда болуы мүмкін; кесірткенің құйрығы үзіліп, қайта өседі; адамның терісі жарақаттанса, уақыт өте қалпына келеді.

Гидраның көбеюі: жыныссыз және жынысты

Гидра жыныссыз та, жынысты жолмен де көбейеді.

Жаз мезгілінде, қорегі мол болған кезде гидра денесінде томпайып шыққан бірнеше бүршікті байқауға болады. Бұл бүршіктер дененің екі қабатындағы жасушалардан түзіледі.

Томпақ үлкейген сайын бүршік те өседі. Өсімдіктің бүршігіне ұқсас болғандықтан, гидраның жыныссыз көбеюі бүршіктену деп аталады.

Бүршік біртіндеп созылып, ұшынан қармалауыштары қалыптасады. Бүршік сабағы аналық гидраның денесіне жалғасып тұрғандықтан, бастапқы кезеңде ол аналық ағза арқылы қоректенеді.