Интернеттен ақпарат іздеу. Электрондық пошта

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе-1 кенті

Н. Жұбаев атындағы орта мектеп, информатика пәні мұғалімі — Тұралы Амангүл Шыңғысқызы

Сабақтың тақырыбы

Интернет. Интернеттен ақпарат іздеу. Электрондық пошта.

Білімділік

  • Ғаламдық интернет желісінің мүмкіндіктері мен мәні туралы түсінік қалыптастыру.
  • Ғаламдық желінің қызметі және рөлі туралы түсінік беру.
  • Интернетке қосылу тәсілдерін үйрету.
  • Ақпарат іздеуде интернет қызметтерін қолдану әдістерін меңгерту.
  • Электрондық поштаның мүмкіндіктері мен маңызы туралы түсінік беру.
  • E-mail арқылы хабарлама қабылдау және жіберу тәсілдерін қалыптастыру.

Дамытушылық

  • Ойлау қабілетін дамыту.
  • Танымдық көзқарасын дамыту.
  • Оқушының АКТ құралдарын тиімді басқару дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік

  • Электрондық поштада хат жазу мәдениеті мен ережелерімен таныстыру.
  • Өздігінен оқу дағдысын қалыптастыру.
  • Ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.

Программалық-дидактикалық жабдықталуы

Дербес компьютерлер Мультимедиалық проектор ОЖ Браузер бағдарламасы Графикалық редактор

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе

Оқушылармен амандасу. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру. Қысқа сергіту жаттығуын орындату.

II. Сабақтың өзектілігі (білу)

Қайталау

Мұғалімнің сұрақтары:

  1. Компьютерлік желі не үшін арналған?
  2. Жергілікті желі дегеніміз не?
  3. Жергілікті желіде ақпаратты жіберу жылдамдығы қандай?
  4. Желінің ақпараттық жабдықталуын атап көрсет.

III. Жаңа түсініктер (түсіну)

Теория

Интернет — бір-бірімен байланысқан миллиондаған жергілікті желілерден тұратын ғаламдық желі. Ол сандық технологиялар арқылы ақпарат алмасуға арналған байланыс құралы болып табылады.

Internet атауы international network тіркесінен тарайды және мағынасы — бүкіләлемдік ғаламдық желі.

Интернеттің ең танымал қызметтері

  • WWW (World Wide Web) — гипермәтіндік құжаттар жүйесі
  • Электрондық пошта (e-mail)
  • FTP — файл алмасу
  • Форумдар — тақырыптық талқылаулар
  • Жаңалықтарға жазылу
  • Іздестіру жүйелері
  • Чаттар — жедел хабар алмасу
  • Онлайн қарым-қатынас — қажет кезде байланыс орнату

Web-беттер және браузер

Интернеттегі кез келген құжат web-беттерден тұрады. Web-беттерді браузер деп аталатын арнайы бағдарлама арқылы қараймыз.

Браузер — қашықтағы серверлерде орналасқан web-құжаттарды көруге арналған құрал.

Google Chrome Opera Mozilla Firefox

IV. Білім мен дағдыны қалыптастыру (қолдану)

Практика

Оқулықтағы практикалық тапсырмаларды және шығармашылық тапсырманы орындау.

V. Қорытындылау және тәсілдерді қолдану (талдау)

Талдау

Мұғалімнің сұрақтары:

  1. Компьютерлік желі дегеніміз не?
  2. Компьютерлік желі не үшін арналған?
  3. Желінің түрлерін ата.
  4. Ғаламдық желі дегеніміз не?
  5. Браузер дегеніміз не?

VI. Сабақты қорытындылау (синтез)

Жинақтау
  • Сыныптың және жекелеген оқушылардың жұмысын бағалау.
  • Жаңа білімді бекіту арқылы сабақты қорытындылау.
  • Практикалық тапсырмаларды тексеру.

VII. Бақылау және өзін-өзі бақылау (бағалау)

Бағалау

Мұғалімнің сұрақтары:

  1. Электрондық пошта дегеніміз не?
  2. Интернет дегеніміз не?
  3. Іздеу жүйесі дегеніміз не?
  4. Интернеттен ақпарат іздеу кезінде қандай талаптарды сақтау қажет?
  5. Ең танымал браузерлерді ата.

VIII. Үй тапсырмасы

Үй жұмысы
  • Оқулық: §5.2
  • «Интернет» тақырыбы бойынша сөзжұмбақ құрастыру.

IX. Рефлексия

Кері байланыс
Сұрақ Жауап
Сабақта қандай жаңалық білдім? ____________________________________________
Мен не істедім? ____________________________________________
Қандай қиындықтарға кездестім? ____________________________________________