Оқушылардың мәтінді тізбектей оқуы

Сабақтың тақырыбы

Міржақып Дулатовтың «Қыс» шығармасы.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Оқушыларға ақын, жазушы М. Дулатовтың өмірі мен шығармалары туралы түсінік беру.
  • Мәтін мазмұнын ашу, негізгі ойды анықтау.
  • Сауатты, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Дамытушылық

  • Сөздік қорын молайту.
  • Байланыстырып сөйлеу, жүйелі әңгімелеу дағдысын дамыту.
  • Таным белсенділігін арттыру, мәнерлеп оқу қабілетін жетілдіру.

Тәрбиелік

  • Белсенділікке, байқампаздыққа тәрбиелеу.
  • Табиғат сұлулығын сезіне білуге баулу.
  • Еңбексүйгіштікке бағыттап, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың типі

Жаңа білімді игерту.

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, проблемалық сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер

Жазушының суреті, сөзжұмбақ, тірек сызба, иллюстрациялар.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, дүниетану, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.

Жаңа технология элементтері

Ой-толғау, сызба арқылы жұмыс, үнтаспа қолдану.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн!
Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн!
Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз — білім алу,
Міндетіміз — еңбектену.
Еңбектену арқылы «5»-ке қол жеткізу!

Топқа бөлу және ережелер

  • I топ — Ақындар
  • II топ — Жазушылар
  • III топ — Суретшілер

2) Мақсат қою

Мұғалім оқушыларға: бүгіннен бастап «Қыста талай қызық бар» атты үлкен тарауды бастайтынын айтады. Тарауға кіріспе ретінде жұмбақтар ұсынылып, жауаптары арқылы сөзжұмбақ шешіледі.

Жұмбақтар

  1. Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады.
  2. Есіктен кіреді еңкейіп, төрге шығады қампайып.
  3. Отқа жанбас, суға батпас.

Бақылау сұрақтары

  • Ерекше түспен берілген «Аяз» сөзі жылдың қай мезгіліне қатысты?
  • «Мұз», «қар» сөздерін оқығанда қай дыбысты созып айттық? Неліктен?
  • Осы дыбыстарды айтқанда көз алдыңа не елестейді?

Үлгі: мұ-ұ-ұз, қа-а-ар — созылыңқы дауысты дыбыстар суықтың, кеңістіктің әсерін береді.

3) Жаңа білімді меңгерту

Шығармамен таныстыру

Оқушылар табиғат туралы өз ойларына ұқсас М. Дулатовтың «Қыс» мәтінімен танысады.

Автор туралы дерек

Міржақып Дулатов (1885—1935) — көрнекті қазақ жазушысы, ақын, қоғам қайраткері. Ол қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданында дүниеге келген. Айдауда жүрген кезінде 1935 жылы қайтыс болған.

Негізгі еңбектері: «Оян, қазақ!», «Бақытсыз Жамал».

Оқулықпен жұмыс

  • Мәтінді мұғалім мәнерлеп оқиды.
  • INSERT әдісі арқылы белгілеу: түсінгені, жаңа мәлімет, сұрақ тудырған тұстар.
  • Мазмұнын талдау, негізгі ойды анықтау.

Дәптермен жұмыс: сөздік

Бапсыз
Жайсыз, қолайсыз.
Бек қиын
Өте қиын.
Жалтаң аяз
Үскірік, қатты суық аяз.
Қарыған
Үсіткен, аяз қарыған.

4) Түсінуді тексеру

Тізбектей оқу

Оқушылар мәтінді кезекпен оқып, маңызды тұстарын атап өтеді.

Сергіту сәті

Қысқы қимыл-қозғалысқа негізделген қысқа жаттығулар орындалады.

Суретпен жұмыс

Иллюстрацияға қарап, мәтін мазмұнымен байланыстыру.

Талқылау сұрақтары

Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? Оны неден байқадың?

Адамдар суықтан қалай қорғанады? Сен қыста қалай киінесің? (салыстыру)

Қыс мезгілі тағы нелерге жайсыз тиеді?

Мәтінде үй жануарлары туралы не делінген? (мәтіннен тауып оқы)

Мәтінге сүйеніп, жылқышының еңбегі туралы әңгімеле. (салыстыру)

Шығармашылық тапсырма

5) Ұйқасын тап

Ойнайық деп ...
Ойнайық деп балаға,
Қыс шақырып ...
Қыс шақырып тұрғандай.
Борандатқан ...
Борандатқан табиғат,
Далаға ән ...
Далаға ән салғандай.

Ұйқас бойынша өлең құрау

Аппақ ——— қар жауар,
———————— қуанар.
Аққала соғып, жарысып ——— ——— балалар.

Мәнерлеп оқу (үзінді)

Бұл қар — сұр қар.
Сұр қар — кір қар.
Үстінде ойнама,
Үстіңді былғар.

Тіл ширату

Қырбық қар құрғақ па,
Құрғақ қар құрғақ па?
Қырбық қар да құрғақ,
Құрғақ қар да құрғақ.

Қорытынды: жұмбақтар арқылы бекіту

Сабақ соңында қыс тақырыбын бекіту үшін оқушылар төмендегі жұмбақтардың шешуін табады.

  1. Қыста бар да, жазда жоқ. қар
  2. Құлағы мен көзі жоқ, жоқ тіпті қол мен аяғы. Бірақ ғажап өнерпаз, мәнерлеп ою ояды. аяз
  1. Көлге жапқан қақпақ сіресіп тұр — қатты-ақ. мұз
  2. Қанаты жоқ — ұшады. Аяғы жоқ — желеді. Аузы жоқ — ұлиды. боран