Кірпінің баласы - кірпі

Тақырып

«Түлкінің туған күні» (сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастыру).

Сабақтың мақсаты (білімділік)

  • Жабайы аңдар туралы білімдерін еске түсіру.
  • Сөздік қорын молайту.
  • 5–6 сөйлемнен тұратын шағын әңгіме құрастыруды жалғастыру.
  • Сұрақтарға толық жауап беруге үйрету.

Сабақтың мақсаты (дамытушылық)

  • Балаларды байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
  • Ойын арқылы қызығушылығын дамыту.

Сабақтың мақсаты (тәрбиелік)

  • Жан-жануарды қорғауға тәрбиелеу.
  • Мейірімділік пен жанашырлыққа баулу.

Әдіс-тәсілдер

Әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын элементтері.

Көрнекіліктер

Аңдардың суреттері, интерактивті тақта.


Сабақ барысы

1) Мотивациялық-қозғаушы кезең

Жылы қарым-қатынас · Қызықтыру

Тәрбиешінің әрекеті

  • Амандасу рәсімін ұйымдастырады.
  • Жұмбақ жасырады:

Өзі қу, жүрген жері шу.

  • Түлкінің мінез-құлқы мен іс-әрекетін талқылайды.
  • Сұрақ қояды: «Түлкі туралы қандай ертегілерді білесіңдер?»

Балалардың әрекеті

  • Шаттық шеңберіне тұрып, қимыл-қозғалыс арқылы амандасады.
  • Түлкіні сипаттайды: «Түлкі — қу, айлакер».
  • Өздері білетін ертегілерден мысал келтіреді.

2) Ұйымдастыру кезеңі (сурет бойынша әңгіме)

Сюжетті сурет · Сөйлеу дағдысы

«Балалар, суретте түлкі неге көңілді?» — себебі бүгін түлкінің туған күні. Ол ормандағы достарын күтіп, дастарқан дайындап қойған. Дастарқанда ет, сәбіз, бал, алма бар (балалар суретке қарап айтады).

Сұрақтар (интерактивті тақтамен жұмыс)

  • «Түлкі туған күніне қандай аңдарды шақырды?»
  • «Оны қайдан білдіңдер?»
  • «Бұл суретте қандай аңдарды көріп тұрсыңдар?»
  • «Суреттегі тағамдарды қандай аңдар жейді?»

Тағам мен аңды сәйкестендіру

Қасқыр — ет

Аю — бал

Қоян — сәбіз

Кірпі — алма

Ал түлкі өзіне тауық етін дайындайды.

3) Ойын: «Тығылыспақ»

Логика · Зейін

Тамақтан кейін аңдар «Тығылыспақ» ойынын ойнайды. Интерактивті тақтадағы суреттер арқылы сұрақтарға жауап беріледі.

Сұрақтар

  • «Мынау қай аңның құйрығы?»
  • «Түлкі қайда тығылыпты?»
  • «Қасқыр қайда тығылыпты?»
  • «Кірпі қайда тығылыпты?»
  • «Аю қайда тығылыпты?»

Үлгі жауаптар

  • Қоянның құйрығы көрінеді (құмыраның артына тығылған).
  • Түлкі үйге барып тығылған.
  • Қасқыр ағаштың артына тығылған.
  • Кірпі шөптің арасына тығылған.
  • Аю үлкен бұталардың арасына тығылған.

4) Сергіту сәті

Қимыл · Ырғақ

Өлең

Түлкі атауы қу ғой,

Жүрген жері ду ғой.

Жатып алып жағада,

Көздегені су ғой.

Жүзген үйрек, кел, — дейді,

Үні құлақ тербейді.

Көк шалғында демалшы,

Соққан самал жел, — дейді.

Үйректің жауабы

Үйрек айтады: «Га-га-га,

Шыға алмаймын жағаға.

Мені іздесең суға кел,

Самал жел бар мұнда да».

Балалар аңдарша қимылдап, сергіту жаттығуын орындайды.

5) Бекіту: «Аңдардың балалары»

Сөздік қор · Жад

Аңдар қонаққа кеткенде, үйлерінде балалары қалады. Енді олардың атауларын атайық:

Қасқырдың баласы — бөлтірік

Аюдың баласы — қонжық

Түлкінің баласы — мыршай

Қоянның баласы — көжек

Кірпінің баласы — кірпі

Шығармашылық жұмыс

Балалар гүл қиындыларын ақ қағазға желімдеп жапсырып, түлкіге арнап жылы тілектер айтады. Мейірімділік пен жылылық сезімдерін білдіреді.

Тілек сөздердің үлгілері

  • Түлкі, достарыңды ренжітпе.
  • Денің сау болсын.
  • Дос болайық бәріміз.
  • Көп еңбектен.
  • Достарың көп болсын.

Соңында түлкінің құшағы гүлге толады. Балалар түлкіге арнап «Біздің туған күн» әнін орындайды.

6) Рефлексия және қорытынды

Қорытынды · Бағалау

Қайталау сұрақтары

  • Түлкі туған күніне қандай аңдарды шақырды?
  • Дастарқанға қандай тағамдар дайындады?
  • Қай тапсырмалар ұнады?

Қорытынды жауап

Түлкі туған күніне қасқырды, аюды, кірпіні, қоянды шақырды. Дастарқанға ет, сәбіз, алма, бал қойды.

Белсенді қатысқан балалар мадақталады.

Күтілетін нәтиже

Білуі тиіс

Аңдардың немен қоректенетінін және олардың балаларының атауларын біледі.

Меңгерген дағдылары мен біліктіліктері

  • Шағын сөйлемдер құра алады.
  • Ойын тапсырмаларын есте сақтай алады.
  • Сұрақтарға толық жауап беруге дағдыланады.