Мағауин Бір атаның балалары Соғыс кезі

Сабақ тақырыбы

М. Мағауиннің «Бір атаның балалары» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: әңгіме мазмұны арқылы кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау.
  • Дамытушылық: оқушы қызығушылығын ояту, ойлау қабілетін дамыту, ойын нақты жеткізе білуге дағдыландыру.
  • Тәрбиелік: адамгершілікке, қайырымдылыққа, достыққа тәрбиелеу.

Сабақ сипаттамасы

Типі
Білімді нақтылау.
Түрі
Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері
Сұрақ-жауап, топтау, талдау, салыстыру.

Ресурстар және байланыс

Көрнекілігі
Жазушы портреті, кітаптары, суреттер, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі, тарих, бейнелеу өнері.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, мақсат-міндеттерді қысқаша белгілеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. 1 Жазушы М. Мағауиннің әр жылдары жазған еңбектеріне шолу жасау.
  2. 2 Кестені толтыру.
Авторы Шығарманың аты Оқиғасы
М. Мағауин «Бір атаның балалары» Соғыс кезі: қиыншылық, күйзеліс, жетім балалар тағдыры.

III. Жаңа сабақ: мәтінмен жұмыс

Үзінділерді оқып, «Кімнің сөзі?» тапсырмасы арқылы кейіпкерлердің мінезін, көзқарасын, ұстанымын анықтау.

Үзінді: «Ал, ағайын, тегіс жиналсақ, сөзіме құлақ сал».

Кімнің сөзі? Басқарма.

Үзінді: «Неміс деп, орыс, қазақ деп бөлу — пайғамбарға шет, құдайға күнә».

Кімнің сөзі? Ахмет.

Үзінді: «Менің ағам әлі тірі».

Кімнің сөзі? Қонақ бала (Зигфрид).

Үзінді: «Басекең дұрыс айтады, баланың саны — алтау».

Кімнің сөзі? Дәуренбек.

Кейіпкерлерге мінездеме

Кейіпкердің іс-әрекетін нақты дәлелмен көрсетіп, мінезін тұжырымдау.

Кейіпкер Іс-әрекеті Мінездеме
Ахмет Зигфридті таңдап, ат қойып, той жасайды; бағады, тәрбиелейді. Адал, балажан, қонақжай, еңбекқор, мейірімді, парасатты, ақылды.
Зигфрид Тез тіл табысады; тіл үйренеді; еңбекке араласады. Тіл алғыш, пысық, көпшіл, ақылды, жайдары, бауырмал, кек сақтамайды.
Дәуренбек Сақтандырады; үстірт ойлайды; қыңыр сөйлейді. Қыңыр, ашушаң, өр мінезді.

Топтастыру

Кейіпкерлер бойындағы адами қасиеттерді жинақтап, ортақ және дара белгілерін бөлу.

Салыстыру

Соғыс кезіндегі балалар өмірін бүгінгі замандастар өмірімен салыстыру.

Талдау

Әңгіменің идеясы мен тәрбиелік мәнін дәлел арқылы ашу.

Талқылауға арналған сұрақтар

Осы шығармадағы кейіпкерлер әлемі сендерге ұнады ма? Неліктен?

Повестің атауы дұрыс таңдалған деп ойлайсыңдар ма? Дәлелдеңдер.

Зигфридтің тағдыры арқылы жазушы оқырманға қандай ой тастайды?

Достық пен татулық туралы мақал-мәтелдер айтып, мағынасын түсіндіріңдер.

Бұл шығарманың тәрбиелік мәні қандай? «Мен қандай тәрбие аламын?» деген сұраққа жеке пікір жаз.

Оқулықпен жұмыс

Мәтіннен төмендегі тілдік бірліктерді тауып, дәптерге жазу және мәнін түсіндіру.

Тұрақты тіркестер

Мәтіннен 2–3 тіркес тауып, мағынасын ашу.

Мақал-мәтел

Тақырыпқа сай мақал-мәтелдерді іріктеу, қолданылуын түсіндіру.

Бейнелі сөздер

Теңеу, портреттік сипаттау үлгілерін тауып талдау.

IV. Сабақты бекіту: тест тапсырмалары

1. Балаларды ауылға не үшін алып келді?

  • а) жұмыс үшін
  • ә) соғыс болғандықтан
  • б) жетім қалғандықтан

2. Бригадир Берден қай баланы алды?

  • а) Нартайды
  • ә) Ертайды
  • б) Яковты

3. Сол ауылдан соғысқа қанша азамат қатысты?

  • а) 43
  • ә) 52
  • б) 39

4. Нартайды кім алды?

  • а) бригадир
  • ә) Берден
  • б) Жақып молда

5. Ауыл бойынша ойналған ойын атауы?

  • а) Көкпар
  • ә) Айгөлек
  • б) Сақина салу

6. Зекен сиырларды егінге түсіріп жібергенде, Ахметпен жанжалдасқан кім?

  • а) басқарма
  • ә) Дәуренбек
  • б) бәйбішесі

7. Ахмет қай ауылға көшті?

  • а) Қызыл ту
  • ә) Қайрат
  • б) Балдырған

8. Ахмет пен Зекен арасындағы ұқсас қасиет?

  • а) бұзықтық
  • ә) ширақтық
  • б) адалдық

V. Білімді бағалау

Жауаптардың толықтығы, дәлелділігі, мәтінмен жұмыс барысындағы белсенділік негізінде бағалау.

VI. Үй тапсырмасы

Зигфридке хат жазу: оның көңіл күйін түсіну, қолдау білдіру, шығармадағы ойды жеке көзқараспен жеткізу.

Қорытынды

Достығымыз жарассын: татулық, мейірім, адамға құрмет — шығарманың өзекті өзегі.