Тапқыр болсаң, тауып көр
Мақсаты мен форматы
Бұл интеллектуалды сайыстың мақсаты — оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын және оқуға ынтасын арттыру. Көрнекі-іс-әрекеттік, сөздік-логикалық ойлау дағдыларын дамыту, ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру, сондай-ақ шапшаңдыққа, икемділікке, ұжыммен жұмыста ұйымшылдыққа, жауапкершілікке және белсенділікке тәрбиелеу көзделеді.
Түрі
Интеллектуалды ойын
Әдістері
Топтық жұмыс, көрнекілік, сұрақ-жауап, сөздік әдіс
Тақырып: «Тапқыр болсаң, талас жоқ»
3-сыныптар арасында өтетін бұл сайыс білімділік пен тапқырлықты, ұйымшылдық пен шапшаңдықты бір арнаға тоғыстырады.
Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі 3-сыныптар арасында өтетін «Тапқыр болсаң, талас жоқ» атты сайысқа қош келдіңіздер.
Шын жүйріктер сыналар жарыста,
Жарыстың да орта жолда қалыспа.
Әділқазы бағалайды сіздерді —
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?
Әділқазылар алқасы
- Оқу ісінің меңгерушісі: Қабыл Гүлмира
- Бастауыш сынып мұғалімдері: Тілеуқабыл Маржан, Маханова Индира
Қатысушылар
3 «А», 3 «Б», 3 «В», 3 «Г», 3 «Д» сынып оқушылары.
Әр айналымда ұпай жиналып, қорытындысында жеңімпаз анықталады.
Сайыс жоспары
- 1 «Білімді болсаң, байқап көр»
- 2 «Ойлы болсаң, ойлап көр»
- 3 «Жүйрік болсаң, озып көр»
- 4 «Тапқыр болсаң, тауып көр»
- 5 «Сөз ойла, тез ойла»
Білім — биік шың, бақытқа жеткізер.
Білім — ақылшың, қиындықтан өткізер.
1-айналым: «Білімді болсаң, байқап көр»
Ереже
- Әр топқа «зымыран сұрақтар» қойылады.
- Әр дұрыс жауап — 1 ұпай.
- Уақыт — 30 секунд.
3 «А» сыныбы
- «Өнер-білім бар жұрттар» — кімнің өлеңі? (Ы. Алтынсарин)
- «Қырдан келген жас қазақ» мәтінінде кім туралы айтылған? (Ш. Уәлиханов)
- 8×7 =
- 81÷9 =
- Дауысты дыбыстар дегеніміз қандай дыбыстар?
3 «Б» сыныбы
- «Төрт ана» — кімнің өлеңі? (М. Шаханов)
- «Дала жұлдызы» мәтінінде кім туралы айтылған? (Ы. Алтынсарин)
- 7×9 =
- 36÷4 =
- Дауыссыз дыбыстар дегеніміз қандай дыбыстар?
3 «В» сыныбы
- «Үш бақытым» — кімнің өлеңі? (М. Мақатаев)
- «Әке арманы» мәтінінде кім туралы айтылған? (А. Құнанбаев)
- 6×8 =
- 48÷6 =
- Дыбыс нешеге бөлінеді?
3 «Г» сыныбы
- «Туған ел» — кімнің өлеңі? (С. Сейфуллин)
- «Әліппенің атасы» мәтінінде кім туралы айтылған? (А. Байтұрсынов)
- 9×3 =
- 54÷9 =
- Дауысты дыбыстың түрлерін ата.
3 «Д» сыныбы
- «Адам болам десеңіз» — кімнің өлеңі? (А. Құнанбаев)
- «Ауылға келген мұғалім» мәтінінде кім туралы айтылған? (М. Жұмабаев)
- 8×9 =
- 63÷7 =
- Дауыссыз дыбыстың түрлерін ата.
2-айналым: «Ойлы болсаң, ойлап көр»
Ереже
Мақалды жалғастыру керек. Әр топқа 3 мақал-мәтел беріледі. Әр дұрыс жауап — 1 ұпай.
Жалпы мақалдар
- Жақсы байқап сөйлер, … жаман шайқап сөйлер.
- Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді; … атадан жаман ұл туса, елінің малын жейді.
- Астың дәмін тұз келтірер, … ауылдың сәнін қыз келтірер.
- Бөтен жердің гүлінен … туған жердің тікені артық.
3 «А» сыныбы
- Тіл тас жарады, … тас жармаса, бас жарады.
- Тауды, тасты жел бұзар, … адамзатты сөз бұзар.
- Аққуды атпа, … досыңды сатпа!
3 «Б» сыныбы
- Білімдіге дүние жарық, … білімсіздің күні кәріп.
- Жеті жұрттың тілін біл, … жеті түрлі білім біл.
- Еңбек етсең ерінбей, … тояды қарның тіленбей.
3 «В» сыныбы
- Мектеп — кеме, … білім — теңіз.
- Әке көрген оқ жонар, … ана көрген тон пішер.
- Білекті бірді жығар, … білімді мыңды жығар.
3 «Г» сыныбы
- Оқусыз білім жоқ, … білімсіз күнің жоқ.
- Қына — тасқа бітеді, … білім — басқа бітеді.
- Досы көпті жау алмайды, … ақылы көпті дау алмайды.
3 «Д» сыныбы
- Судың да … сұрауы бар.
- Кісі елінде сұлтан болғанша, … өз еліңде ұлтан бол.
- Оқу инемен … құдық қазғандай.
Білім, ой мен арымыз — рухани нәріміз. Сайыскерлерді қолдап, қол соғып отырайық!
Үзіліс
3 «Д» сынып оқушыларының «Бипыл» биі.
3-айналым: «Жүйрік болсаң, озып көр»
Шебер қолдар сайысы
Әр сыныптан екі оқушы қатысады: бір оқушының оң қолына қайшы, екіншісінің сол қолына өрнегі бар қағаз беріледі. Мақсат — қағаздағы өрнекті әдемілеп қиып шығу. Қосымша қолмен көмектесуге болмайды.
- Ең жоғары ұпай — 5.
- Уақытқа қарай ұпай саны кеміп отырады.
- Жұмыс барысында әуен қойылады.
4-айналым: «Тапқыр болсаң, тауып көр»
Ереже
Әр сынып берілген әріптердің бірін таңдайды. Сұрақтарға тек сол әріптен басталатын сөздермен жауап беру керек. Жауап нақты әрі тапқыр болуы тиіс.
Мұғалімге арналған сұрақтар
- Пырылдап ұйықтайтын не?
- Қиындықты қалай жеңесіз?
- Ұстаз кім?
- Тіл не үшін керек?
- Сіз кімсіз?
- Ананың көңілі балада, баланың көңілі …
- Ұялғанда не істейсіз?
- Күн ішінде не бар?
Оқушыларға арналған сұрақтар
- Суды немен ішесің?
- Сенің досың кім?
- Бүгін сенде неше сабақ?
- Қандай тағамды ұнатасың?
- Қай көшеде тұрасың?
- Жасың нешеде?
- Қай ертегіні ұнатасың?
- Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
- Көршің кім?
- Ағаңның есімі?
- Сенің көршің кім?
- Қай жануар ұнайды?
- Зат есімге мысал айт.
- Көйлекті неден тіккен?
- Сүйікті пәнің?
- Сен үшін ең құрметті кім?
- Мектеп саған не береді?
- Қазақстан қандай?
5-айналым: «Сөз ойла, тез ойла»
Сөзжасам әркімге ой салады,
Сөз тізбегін құрамын деп толғанады.
Сөзден сөз шығаруға жетік болсаң,
Сөзжасам кезегі енді басталады.
Ереже
- Барлық сыныпқа бір сөз беріледі.
- 3 минут ішінде сол сөзден мүмкіндігінше көп сөз құрап жазу керек.
- Берілетін сөз: «Балдырған»
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады.
Ренжімей тарасса — озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден — жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол — еңбектену, жалықпау.
Көрермендермен жұмыс
Әділқазылар ұпайды есептегенше, көрермендерге ой сергіту сұрақтары ұсынылады.
Ой сергіту сұрақтары
- Жаз мезгілінің екінші айы қалай аталады?
- «Алтын балық» ертегісін кім жазды?
- Тормен су әкелуге бола ма?
- Қала мен ауылдың арасында не бар?
- Үлкейген сайын жеңіл болатын не?
Бұл қандай зат?
- Қара, төртбұрышты, сөйлейді, көрсетеді.
- Ақ, төртбұрышты, іші суық.
- Бәрін көреді, өзін көрмейді.
Жаңылтпаш
Он қап, он қапты қақ,
Он қапты қақ та, қатта.
Аралдар бар,
Аралдарда жабайы маралдар бар.
Араларында жаралы маралдар бар.
Осыдан кейін сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Марапаттау номинациялары
Әр айналым бойынша жоғары ұпай жинаған сыныптар төмендегі номинациялармен марапатталады:
1-айналым
«Білімді сынып» — «Білімді болсаң, байқап көр»
2-айналым
«Ойшыл сынып» — «Ойлы болсаң, ойлап көр»
3-айналым
«Епті сынып» — «Жүйрік болсаң, озып көр»
4-айналым
«Тапқыр сынып» — «Тапқыр болсаң, тауып көр»
5-айналым
«Жүйрік сынып» — «Сөз ойла, тез ойла»
Қорытынды
Жарайсыңдар, барлығың да, өренім,
Асып-тасып төгілді ғой өнерің.
Риза болды қатынасқан көрермен,
Сайыстағы бар қызықты көргендер.
Шәкірттерім! Алдағы уақытта да ерінбей, жалықпай оқып, ойымызға тоқып жүрейік. Білімді болыңыздар! Осымен сайыс аяқталды.