Елдің тілін бұзатын - көршілес елдердің мәдениетін үлгіге алған мәдениетті елдердің әсері

Мәдениет — тек өнер немесе сыртқы әдеп қана емес. Ол — ойлау жүйесі, тілге құрмет, білімге құштарлық, қоғамдағы жауапкершілік және адамның адам болып қалу өнері. Төмендегі ойлар мәдениеттің өзегін әр қырынан ашып, талғам, тіл, білім, мінез бен қоғамдық төзімділік туралы маңызды бағдар береді.

Мәдениеттің өзегі: білім, кітап, талғам

«Шала білім, шалағай мәдениет бір құлатпай қоймайды.»
Ғабит Мүсірепов
«Мәдениеттің мәйегі — кітап.»
Шерхан Мұртаза
«Microsoft-тың басты мәселесі — талғамның жоқтығы. Расында да, олар талғамсыз. Шығармашылық туралы ойламайды. Өнімдерінде мәдениет жоқ.»
Стив Джобс
«…ғылым мен мәдениет барлық дүниенің алтын алқасы болып отыр.»
Мұхтар Әуезов

Өнері бөлек, мінезі бөлек

«Еуропа мәдениеттімін деп мақтанғанымен, мәдениеті өнерінде ғана; ал мінезі хайуандық сапарынан қайтқан жоқ.»

Әлихан Бөкейханов

Мәдениет — адам болу өнері

«Мәдениет дегеніміз — кісілер арасында адам болу өнері.»
Олжас Сүлейменов
«Адамдарды мәдениетке таяқпен болса да үйретуіміз керек, әйтпесе күйрейміз.»
Сергей Капица
«Адамды жасына қарап емес, мәдениеттілігі мен біліміне қарай бағалауымыз керек.»
Уинстон Черчилль
«Балалар сіздің сөзіңізден еркіңізді, мәдениетіңізді, жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек.»
Антон Макаренко

Сыпайылық — мәдениеттің күнделікті өлшемі

«Сыпайы болудан сіз ешнәрседен ұтылмайсыз. “Жоқ” деуге мәжбүр болатын жағдайлар да болады, бірақ оны мәдениетті түрде, шынайы себептерін түсіндіре отырып жеткізіңіз. “Неге жоқ екенін маған түсіндіріңізші”. “Жоқтың” орнына міндетті түрде “иә” деп айту да шарт емес. Егер “жоқ” деуге нақты себеп болса, жауабыңыз “жоқ” болып қала берсін — тек оны сыпайы айтыңыз.»

Ли Куан Ю

Тіл, білім және ұлттық мәдениет

«Мәдениетіміздің негізі — білім. Білімге тіл арқылы жетіледі. Білімді жұрттардың тілі бай болады.»
Халел Досмұхамедұлы
«Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өз әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.»
Мұхтар Әуезов
«Әр халықтың ана тілі — білімнің кілті. Жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын.»
Ахмет Жұбанов
«Сондықтан оңаша жүрген елдің өз еркінде тұрғанда тілі бұзылмайды. Елдің тілін бұзатын — көршілес елдердің мәдениетін үлгіге алған “мәдениетті” елдердің әсері.»
Халел Досмұхамедұлы

Мәдениет — байланыс пен ықпалдастықтың жемісі

«Төлтума мәдениет деген патриоттық ұғымды әлдебір алыс мұхит төрінде сан ғасырлар бойы кеме зәкірін тастап көрмеген аралға қатысты ғана қолдануға болады.»
Олжас Сүлейменов
«Гүлденген мәдениет дегеніміз — сан ғасырлар бойы өзге мәдениеттермен үздіксіз байланыс жасаудың жемісі. Тілге қатысты да осыны айтуға болады.»
Олжас Сүлейменов

Қоғам, дәстүр және төзімділік

«Тәуелсіздігін жаңадан алған елдердің көптеген ғасырлық тарихы бар немесе тәуелсіздігін елу жыл бұрын алған елдерге қарағанда саяси инфрақұрылымында, саяси дәстүрі мен мәдениетінде төзімділік сапасы төмендеу болуы мүмкін екенін естен шығармаған жөн.»

Нұрсұлтан Назарбаев

«Біз әлемдік мәдени құндылықтармен үндес жаңа заманғы қазақтың озық мәдениетін қалыптастыруымыз керек.»

Нұрсұлтан Назарбаев

Жад, жазу және өркениетке қосылған үлес

«Көшпелілер Орхон–Енисей жазбаларынан басқа ештеңе дүниеге әкелмесе де, әлемдік мәдениетке қомақты үлес қосқан халықтар арасынан ойып орын сұрауға хақылы. Олар бізге керемет храмдар мұраға қалдырған жоқ; оқ-дәрі де, қағаз да ойлап тапқан жоқ. Бірақ тасқа мәңгілікке қашалған немесе халық зердесінде бағзыдан сақталған әдеби ой — солардан кем маңызды мәдениет элементтері емес деп кім айта алады?!»

Олжас Сүлейменов

Мәдениеттің дәмі — байлықтан жоғары

«Өнер мен мәдениеттің дәмін көріп, рахатын сезіне алған адамға бұдан артық байлық керек емес.»
Антон Чехов