Алма жинау

Сабақ тақырыбы: Қызықты математика

Бұл сабақ жарыс түрінде өтеді және оқушылардың математикалық білім деңгейін анықтауға, логикалық әрі қызықты есептерді шығара алуын тексеруге бағытталған.

Мақсаты

Оқушылардың математикадан білім деңгейін анықтау және логикалық, қызықты есептерді шығара білуін тексеру.

Дамытушылығы

Ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелігі

Біліктілікке, тез әрі дұрыс жауап беруге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі

Жарыс сабақ.

Барысы

Құрметті ұстаздар! Біздің сыныпқа қош келдіңіздер! Бүгін сыныбымызда «Қызықты математика» сабағы өтеді. Сабақ жарыс форматында ұйымдастырылады. Жарысқа екі топ қатысады.

Қатысушы топтар

  • 1-топ: Ойшылдар
  • 2-топ: Білімділер

Әділқазылар алқасы

  • Амантаева Ұ.
  • Әлнәзи Г.
  • Жұмағали З.

Сайыс кезеңдері

  1. 1 Таныстыру
  2. 2 Жаңылтпашты жаңылмай айту
  3. 3 Амал таңбаларын қою
  4. 4 «Алма жинау» ойыны
  5. 5 Қызықты есептер
  6. 6 Капитандар сайысы
  7. 7 Фигуралардан адам құрастыру

1-кезең: Таныстыру

І топ — Ойшылдар

Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп,
Ойламаңдар қорқып біздер қашар деп.
Біз дайынбыз жарысуға, достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Топтың атауы: Ойшылдар

Ұраны: Оқу — білім азығы, білім — ырыс қазығы.

ІІ топ — Білімділер

Бір сыныпта оқимыз бәріміз де,
Достық сөзі әрқашан дәрі бізге.
Жарысуға сендермен келіп тұрмыз,
Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге.

Топтың атауы: Білімділер

Ұраны: Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп.

2-кезең: Жаңылтпаш айту

Әр топтан екі оқушыдан шығып, төмендегі жаңылтпаштарды жаңылмай айтып береді.

Жаңылтпаш 1

Ұшып кетті үш құс,
Ұшып келді ұшқыш.

Жаңылтпаш 2

Жоғалды бес шыбыш,
Жоқ әлі еш сыбыс.
Жоқ әлі еш сыбыс,
Жоғалды бес шыбыш.

3-кезең: Амал таңбаларын қою

Тапсырма: жұлдызшаның (*) орнына дұрыс амал таңбасын қойып, теңдікті дұрыс қылыңыз.

Теңдік Теңдік
27 * 36 = 63 63 * 27 = 36
35 * 49 = 84 84 * 34 = 40
64 * 16 = 48 80 * 20 = 100
81 * 51 = 30 89 * 19 = 70
12 * 5 * 2 = 5 63 * 7 * 6 = 50
46 * 8 * 8 = 30 11 * 18 * 9 = 20

4-кезең: «Алма жинау» ойыны

Шарты

Алма ағашынан алманы алып, сыртындағы тапсырманы орындау арқылы себетке жинайды. Себетке алманы көп жинаған топ жеңіске жетеді.

1-қадам

Ағаштан бір алманы таңдап алады.

2-қадам

Алманың сыртындағы тапсырманы орындайды.

3-қадам

Дұрыс орындаса — алманы себетке салады.

5-кезең: Қызықты есептер

Оқушылар логикалық ойлауды талап ететін қысқа есептерге жауап береді.

Есеп 1

Бір қазақ қалаға бара жатыр еді. Жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды?

Жауабы: 1

Есеп 2

Егер «Т» әрпінен бастасаң — санмын, «Т»-ны алып тастасаң — жаумын.

Жауабы: төрт — өрт

Есеп 3

5 жыл бұрын Айжан 8 жаста болған. 6 жылдан кейін Айжан неше жаста болады?

Жауабы: 19

Есеп 4

Екі бала тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағат ойнады?

Жауабы: 2 сағат

Есеп 5

1 кг темір мен 1 кг мақтаның қайсысы ауыр?

Жауабы: екеуі тең

Есеп 6

Түнгі сағат 10-да жаңбыр жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күн жарқырап тұруы мүмкін бе?

Жауабы: жоқ

6-кезең: Капитандар сайысы

Математикалық лото

Капитандар есептерді шығарып, нәтижелерін лото кестесіндегі сандармен сәйкестендіреді.

Лото сандары

17 21 42 15 9 14 50 10

Есептер

  • 10 + 7 = 17
  • 17 + 25 = 42
  • 14 − 5 = 9
  • 94 − 44 = 50
  • 42 − 21 = 21
  • 25 − 10 = 15
  • 6 + 8 = 14

Лото тақырыбы: «Білімді» сөзіне байланысты тапсырмалар.

7-кезең: Фигуралардан адам құрастыру

Топтар геометриялық фигураларды пайдаланып, берілген уақыт ішінде адам бейнесін құрастырады. Бағалау — жұмыстың дәлдігі, ұқыптылығы және жылдамдығы бойынша жүргізіледі.

Қорытынды

Әділқазылар алқасының бағалауы бойынша «Білімділер» тобы жеңіске жетті.

Оқушылар бағаланып, марапатталады.