Әже сөзіне сұрақ қояйықшы

Ақтөбе қаласы • №10 жалпы білім беретін орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: Нұртаза Назерке Қанатбайқызы

Пәні: Қазақ тілі • Сыныбы: 2

Сабақтың тақырыбы

Зат есімнің жекеше және көпше түрі

Сабақтың мақсаты

Зат есімдердің жекеше және көпше тұлғада қолданылатынын түсіндіру.

Сабақтың міндеттері

Білімділік

Жекеше түрдегі зат есімдерді көпше түріне айналдыра білуге үйрету.

Дамытушылық

Алған білімін тапсырмалар орындауда жүйелі қолдана білуге дағдыландыру.

Тәрбиелілік

Пікірталасқа қатыса алуын дамыту, өз күшіне деген сенімін арттыру.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың типі

Аралас сабақ

Сабақтың түрі

Ашық сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • Ассоциация
  • Семантикалық карта
  • Сәйкестендіру тесті

Көрнекіліктер

Суреттер, кесте, тірек-сызбалар.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу, оқушыларды түгендеу.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық

Балалар — гүлім менің,
Балалар — күнім менің.
Балалар — нұр сыйлайтын,
Бүгінгі күнім менің.

Осы өлең жолдарын айта отырып, балаларды өзіме қуат беретін шуақты күнге теңеймін.

Топқа бөлу

«Шаттық шеңбері» арқылы оқушылар 3 топқа бөлінеді:

1-топ

Зат есімдер

2-топ

Жалқы есімдер

3-топ

Жалпы есімдер

II. Үй тапсырмасын тексеру

Берілген жаттығу тексеріледі.

III. Өткенді пысықтау

Ойын: «Күннің көзін бұлттан арылту»

Мұғалім:

Балалар, сендерді өзіме нұр шашатын шуақты күнге теңеген едім. Бірақ күніміздің бетін бұлт басып қалыпты. Бұлттан арылтуға көмектесесіңдер ме?

Оқушылар:

Иә.

Қайталау сұрақтары

  1. Зат есім дегеніміз не?
  2. «Кім?» және «Не?» сұрақтары қашан қойылады?
  3. Жалқы есім дегеніміз не? Мысал келтір.
  4. Жалпы есім дегеніміз не?
  5. Сөз таптары нешеу?
  6. Зат есімге мысал келтір.

IV. Жаңа материалды меңгерту

1-тапсырма

Суреттерге назар аударайық. Әр суреттегі заттардың санын анықтайық.

Жекеше ↔ Көпше

Мысал 1: Қоян / Қояндар

1-сурет

  • Сұрақ: «Неше қоян?» — Бір қоян.
  • Сұрақ қою: «Қоян» — Не?

2-сурет

  • Сұрақ: «Неше қоян?» — Төрт қоян.
  • Сұрақ қою: «Қояндар» — Нелер?

Мысал 2: Әже / Әжелер

1-сурет

  • Сұрақ: «Неше әже?» — Бір әже.
  • Сұрақ қою: «Әже» — Кім?

2-сурет

  • Сұрақ: «Неше әже?» — Үш әже.
  • Сұрақ қою: «Әжелер» — Кімдер?

Қорытынды сұрақ

Сөздерді салыстырып оқиық: қоян — қояндар, әже — әжелер. Олардың айырмашылығы неде?

Сөз табы

Екеуі де зат есім.

Негізгі идея

Зат есім жекеше және көпше түрде қолданылады.

Бүгінгі сабақта біз зат есімнің жекеше және көпше түрі туралы сөйлесеміз.