Облыс Сарыарқаның оңт

Атажұрт

Мақсаты

«Атажұрт» этнографиялық-географиялық танымдық ойыны арқылы оқушылардың тарихи-географиялық білімін кеңейту, Отанға және туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Түрі

Сайыс.

Құрал-жабдықтар

  • Қазақстан Республикасының картасы
  • Компьютер
  • Интерактивті тақта
  • Слайдтар

Құрылымы

  1. I. Кіріспе бөлім
  2. II. Негізгі бөлім
  3. III. Қорытынды бөлім

I. Кіріспе бөлім

Ұйымдастыру

  • Кештің мақсаты мен барысын түсіндіру.
  • Оқушыларды екі топқа бөліп отырғызу.

Сайыс кезеңдері

  1. Тырнақалды
  2. Қанат қақты
  3. Самғау
  4. Шырқау
  5. Шарықтау
  6. Жерұйық

II. Негізгі бөлім

I тур — Тырнақалды

Капитандар сайысы

1-топ сұрақтары

  1. Қазақстан неше елмен шектеседі?

    Жауабы: 5 елмен.

  2. Қазақстан Туының авторы кім?

    Жауабы: Ш. Ниязбеков.

  3. Қырғыздың «Манас» эпосын алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым?

    Жауабы: Ш. Уәлиханов.

  4. Қазақтың ұсақ шоқысын басқаша қалай атайды?

    Жауабы: Сарыарқа.

  5. Қазақстан Республикасы қай климаттық белдеуде орналасқан?

    Жауабы: Қоңыржай белдеуде.

  6. Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан?

    Жауабы: Есіл.

  7. Ең арзан көмір өндірілетін кеніш?

    Жауабы: Екібастұз.

  8. Орал тауының Қазақстан аумағындағы жалғасы?

    Жауабы: Мұғалжар.

2-топ сұрақтары

  1. Қандай топырақ еліміздің ең басты байлықтарының бірі саналады?

    Жауабы: Қара топырақ.

  2. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторлары?

    Жауабы: Ш. Уәлиханов, Ж. Мәлібек.

  3. Ертіс өзені құятын ағынды көл?

    Жауабы: Зайсан.

  4. Алатау қаласы қай таудың етегінде орналасқан?

    Жауабы: Іле Алатауы.

  5. Қашқарияға саяхат жасаған ғалым?

    Жауабы: Ш. Уәлиханов.

  6. Дүние жүзінде неше сағаттық белдеу бар?

    Жауабы: 24.

  7. Каспий алабының ең ірі өзені?

    Жауабы: Жайық.

  8. Темір рудасына бай облыс?

    Жауабы: Қостанай.

II тур — Қанат қақты

Топтық жұмыс (әр топқа 2 тапсырма)

1-топ

1-тапсырма: Адасқан терминдер

Дұрыс сәйкестендіріңіз.

  • Бриз — Ғылым
  • Пампа — Мұз
  • Айберг — Жанартау
  • Демография — Дала
  • Лава — Жел
  • Изотерма — Глобус
  • Еңбек ресурсы — Сызық
  • Экватор — Халық

2-тапсырма: Жұмбақтар

  • Салынған көпір керемет, қызығушы өте көп. Бірақ не керек, кісі өтетін жолы жоқ.

    Жауабы: кемпірқосақ.

  • Көтеріліп теңізден, аспанға биік барамын. Биіктен қайта түскенде, өңі кірер даланың.

    Жауабы: жаңбыр.

2-топ

1-тапсырма: Адасқан терминдер

Дұрыс сәйкестендіріңіз.

  • Мұхит — Нәсіл
  • Азимут — Аң
  • Архипелаг — Штат
  • Атлас — Эра
  • Кайот — Арал
  • Негр — Су
  • Техас — Карта
  • Архей — Бұрыш

2-тапсырма: Жұмбақтар

  • Қаратаудың басында киік кетіп барады. Қол-аяғы бауырында, тиіп кетіп барады.

    Жауабы: тұман.

  • Ешбір тірексіз күмбез, ешбір сүйексіз күмбез. Ешкім көтере алмайтын күмбез, ешкім төңкере алмайтын күмбез.

    Жауабы: аспан.

III тур — Самғау

Жанкүйерлер кезеңі

1-топ: Көлге қатысты сипаттама

Бұл көл — Шығыс Қазақстан облысындағы өзі аттас ауданда орналасқан ағынды көл. Жоғарғы Ертіс алабында, таулы аймақтағы ірі көлдердің бірі. Теңіз деңгейінен 1434 м биіктіктегі тектоникалық қазаншұңқырда жатыр. Ауданы — 455 км², ұзындығы — 38 км, ені — 19 км, жағалау сызығы — 95,5 км, тереңдігі — 27 м. Көлге бірнеше шағын өзен құяды, ал сыртқа тек Қалжыр өзені ағып шығады.

Жауабы: Марқакөл.

2-топ: Тауға қатысты сипаттама

Бұл тау жүйесі Солтүстік Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстіктегі Іле өзені аңғарының аралығында орналасқан. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 450 км-ге созылады, Қытай мен Қазақстан шекарасында жатыр. Тау жоталарының арасында өзі аттас тауаралық ойыс бар: ол Қытайдағы Ебінұр көлінің ойысын Алакөл қазаншұңқырымен жалғайды. Ең биік нүктесі — Бесбақан шыңы (4622 м).

Жауабы: Жоңғар Алатауы.

IV тур — Шырқау

Торкөз тапсырмаларымен жұмыс

№1. Қала

Халқы шамамен 196 мың адам болатын, Қазақстанның оңтүстік-батысында орналасқан облыс орталығы. 1817 жылы керуен жолдарының қиылысында әскери бекініс ретінде салынған. Қалада жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыған; күріш тазалау зауыты, ет және сүт өнеркәсібі комбинаттары жұмыс істейді. Қосымша дерек: 1925–1929 жылдары Қазақ АКСР-інің астанасы болған.

Жауабы: Қызылорда.

№2. Жазық

Бұл жазық оңтүстік-шығысында Жоңғар Алатауымен, оңтүстігінде Іле Алатауымен, батысында Шу–Іле тауларымен шектеседі. Жазықтың ерекшелігі — қоршаған тауларға қарай 350 м-ден 600–700 м-ге дейін биіктей түсуі. Мұнда Тау құм, Сарыесік, Атырау құмы, Бақанас тақырлы сазды-құмды жазығы созылып жатыр. Қосымша дерек: жазықта өзімен аттас ірі көл орналасқан.

Жауабы: Балқаш маңы жазығы.

№3. Облыс

Бұл облыс 1932 жылы құрылған. Аумағы — 428 мың км². Әкімшілік бірліктері: 9 селолық аудан, 11 қала, 39 кент, 556 ауылдық округ. Жер бедері — аласа таулы, ұсақ шоқылы, жоталы жазық. Облыс Сарыарқаның оңтүстігін қамтиды; батысында Ұлытау, шығысында Қарқаралы таулары, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде Арал маңы Қарақұмы және Мойынқұм құмдары кездеседі. Қосымша дерек: аумағы жөнінен республикада 1-орында.

Жауабы: Қарағанды облысы.

№4. Қорық

1976 жылы құрылған қорық. Солтүстік Қазақстан Алтайындағы Күршім жотасы мен теңіз деңгейінен 1447 м биіктіктегі Азутау жотасының арасында орналасқан. Жалпы аумағы — 75 мың га. Мұнда сүтқоректілердің 58 түрі, құстардың 260-қа жуық түрі мекендейді, өсімдіктердің 721 түрі кездеседі. Қосымша дерек: қорық өзі аттас көлдің маңында.

Жауабы: Марқакөл қорығы.

№5. Өзен

Орал тауынан бастау алып, Батыс Қазақстан аумағын солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өтіп, Каспий теңізіне құяды. Ұзындығы — 2428 км, Қазақстан аумағындағы ұзындығы — 1082 км. Негізінен қар суымен қоректеніп, көктемде тасиды. Орташа жылдық су шығыны шамамен 400 м³/с, тасу кезінде деңгейі 9–10 м-ге дейін көтеріледі. Қосымша дерек: басты салалары — Сақмар, Шаған, Елек, Ор.

Жауабы: Жайық.

№6. Қала

Қаланың іргесі 1938 жылы Кеңгір су қоймасының маңында қаланған, ал қала мәртебесін 1954 жылы алған. Бұл — түсті металлургияның ірі орталықтарының бірі, мыс балқыту орталығы. Қалада тау-кен байыту комбинаты бар. Қосымша дерек: қаланың қалыптасуына Қ. И. Сәтбаевтың еңбегі зор.

Жауабы: Жезқазған.

№7. Архитектуралық ескерткіш

Бұл көне кесене алғаш Қарахан әулеті дәуірінде (XII ғасыр) тұрғызылып, кейін қираған іргесіне XIV ғасырдың соңы мен XV ғасырда қайта салынған. Түркі халықтары үшін қасиетті зиярат орны саналады. ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілген. Қосымша дерек: Әмір Темірдің бұйрығымен салынған, Түркістан қаласында орналасқан.

Жауабы: Қожа Ахмет Йассауи кесенесі.

№8. Ән сұрақ

Әнде еліміздің оңтүстік-шығысында орналасқан табиғаты көркем биік тауларымыздың бірі аталады.

Жауабы: Алатау.

№9. Ән сұрақ

Әнде еліміздің оңтүстік-шығысында орналасқан әсем қалалардың бірі аталады.

Жауабы: Алматы.

V тур — Шарықтау

Сурет бойынша анықтау

№1 сурет

Еліміздің оңтүстік-шығысында орналасқан ірі көлдердің бірі. Теңіз деңгейінен 342 м биіктікте жатыр. Ауданы — 18 200 км², ұзындығы — 614 км, ені — 74 км, жағалау ұзындығы — 2383 км, су көлемі — 106 км³. Қосымша дерек: ауданы бойынша Қазақстандағы үшінші көл.

Жауабы: Балқаш көлі.

№2 сурет

Еліміздің солтүстігіндегі табиғаты әсем, көркімен көз тартатын көлдердің бірі. Қосымша дерек: көл жағасында Қазақстандағы ең көрікті курорттардың бірі орналасқан.

Жауабы: Бурабай көлі.

№3 сурет

География ғылымына зор үлес қосқан, біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырда өмір сүрген грек ғалымы. Бұл кім?

Жауабы: Эратосфен.

№4 сурет

Орыстың көрнекті ғалымы әрі саяхатшысы (1827–1914). Қазақстан мен Орта Азияға экспедициялар жасап, көптеген зерттеу жүргізген. Қосымша дерек: оның құрметіне өзі зерттеген таудың атауы ғалымның есімімен бірге аталады.

Жауабы: П. П. Семенов-Тян-Шанский.

VI тур — Жерұйық

Жеңген топқа арналған тапсырма

Тауға қатысты сипаттама

Бұл жотаны Орталық Тянь-Шаньнан Кеген тауаралық ойысы бөліп жатыр. Жотаның батыс бөлігі Қазақстанда, шығыс бөлігі Қытай аумағында орналасқан. Оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 300 км-ге созылады, ені — 40–50 км. Ең биік нүктесі — Небесная тауы (3652 м). Эффузиялық жыныстардан, әктастан және граниттен түзілген. Тау үсті жайпақ, беткейлері өзен аңғарларымен тілімденген, шатқалдары тік құламалы.

Жауабы: Кетпен жотасы.

III. Қорытынды бөлім

Марапаттау

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарды анықтап, марапаттау рәсімін өткізу.