Бүгінгі сайысымызға белсенді қатысқандарыңызға үлкен рахмет
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың тақырыбы
«XXI ғасыр көшбасшысы»
Сабақтың түрі
Сайыс сабағы
Сабақтың типі
Дәстүрден тыс
Әдіс-тәсілдері
Сұрақ-жауап, тірек-сызба, ойын
Көрнекілігі
Слайдтар, шарлар, сыйлықтар
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, бейнелеу өнері, логика
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Сабақтың мақсаты
Оқушыларды білімді, жан-жақты болуға, сайысқа қатысуға және жеңіске ұмтылуға үйрету.
Білімділік
Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімін кеңейту.
Дамытушылық
Балалардың ой-өрісін және ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды шапшаңдыққа, жүйелі еңбек етуге және барлық тапсырманы орындаудың маңызын түсінуге тәрбиелеу.
Сабақ жоспары
Кезеңдер
- I Ұйымдастыру кезеңі
- II Негізгі бөлім (6 тур)
- III Қорытынды. Жеңімпаздарды марапаттау
Негізгі бөлім (турлар)
1-тур
Таныстыру
2-тур
Бәйге
3-тур
Жорға
4-тур
Математикалық сандық
5-тур
Дода
6-тур
Көшбасшы
Әр кезеңнен кейін ұпайы ең аз екі оқушы ойыннан шығып отырады.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Қайырлы күн, оқушылар мен көрермендер! «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер!
Бүгінгі ойын сайыс түрінде өтеді. Мақсаты — екінші сынып оқушыларының білім деңгейін жетілдіру және дамыту.
II. Негізгі бөлім
Бүгінгі сайысымыз алты кезеңнен тұрады. Әр турдың ережесі түсіндіріліп, нәтижесінде ұпайлар есептеледі.
1-тур — Таныстыру
Қатысушылар: 9
«Математика сырлары қызықтырады біздерді. Ойынға бірге қатысуға шақырамыз сіздерді!»
Қатысушылар өздерін таныстырады.
«Шеберлікті, білімді сараптап, сіздер көріңіздер. Әділқазы алқасы, әділ баға беріңіздер!»
Әділқазылар алқасы таныстырылады.
2-тур — Бәйге
Қатысушылар: 9
«Тоғыз адам қатысады. Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз, шәкірттерге әділ шешім беріңіз...»
Ойын шарты
- Сұрақты мұқият тыңдап, қол көтересіздер.
- Бірінші болып қол көтерген оқушы жауап береді.
- Жауап қате болса, келесі ойыншы жауап беруге құқылы.
- Әр дұрыс жауап — 5 ұпай.
Есептер
16 + 15 = 31
32 − 21 = 11
35 + 20 = 55
24 + 18 = 42
79 − 19 = 60
36 + 12 = 48
82 + 13 = 95
50 + 23 = 73
28 − 16 = 12
Екінші кезең бойынша ұпайларды есепші хабарлайды. Ұпайы аз екі оқушымен қоштасамыз. «Шын ер жеңсе тасымас, жеңілсе жасымас» — ойынға қатысқандарыңызға рахмет!
3-тур — Жорға
Қатысушылар: 7
«Жорға-жорға жорғала, шапшаңдыққа таң қалма. Ойын деген арпалыс — жеңілемін деп ойлама!»
Ойын шарты
Берілген әріптерді дұрыс құрап, мүмкіндігінше жылдам жауап беріңіз. Әр дұрыс жауап — 5 ұпай.
Адасқан әріптер
Оызтғ
тоғыз
анқост
тоқсан
ықықр
қырық
гзсеі
сегіз
скесне
сексен
плыса
алпыс
иарыжм
жиырма
«Жеңсең де, жеңілсең де — жасып қалма!» Бұл кезеңнен кейін ұпайы аз екі оқушыны қошеметпен шығарып саламыз.
4-тур — Математикалық сандық
Қатысушылар: 5
«Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі» — IV бөлім «Математикалық сандық» деп аталады.
Ойын шарты
- Оқушы сандықшадан сұрақ деңгейін таңдайды.
- 20 балл — жеңіл, 30 балл — орташа, 40 балл — күрделі сұрақтар.
- Ойынды ұпайы аз ойыншы бастайды.
Сұрақтар
20 балл
-
Сол жақтағы 20
Үстелде үш стакан сүт бар. Алмас бір стакан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стакан бар?
Жауабы: 3
-
Ортадағы 20
Нанды 3 бөлікке бөлу үшін неше рет кесу керек?
Жауабы: 2 рет
-
Оң жақтағы 20
Екі қыз мектепке келе жатып, алдарынан мектептен келе жатқан үш қызды кездестірді. Мектепке неше қыз келе жатыр?
Жауабы: 2
30 балл
-
Сол жақтағы 30
Үш ағайындының ішінде Марат Асхаттан ұзын. Асхат Дәуреннен ұзын. Ең бойы ұзын кім?
Жауабы: Марат
-
Ортадағы 30
Қасқыр мен түлкі балық тауып алады. Қасқыр: «Математикадан нашармын, балықты сен бөл», — дейді. Түлкі бөліп береді: «саған біреу, маған екеу; саған екеу, маған үшеу; саған екеу, маған төртеу». Қасқыр неше балық алды?
Жауабы: 5
-
Оң жақтағы 30
Тосын сый: өз өнеріңді көрсет.
40 балл
-
Сол жақтағы 40 (өлең есеп)
Бес алманың үшеуін досың сұрап алады. Айтшы, сонда нешеуі өз қолыңда қалады?
Жауабы: 2
-
Ортадағы 40
Бір жұмыртқа 5 минутта піседі. Ал екі жұмыртқа неше минутта піседі?
Жауабы: 5 минут
-
Оң жақтағы 40
Бейнесұрақ.
Осы кезең бойынша ұпайлар жарияланады. Ұпайы аз екі оқушымен қоштасамыз. Белсенді қатысқандарыңызға үлкен рахмет!
5-тур — Дода
Қатысушылар: 3
«Мәңгі есте қалар ғажайып бір сайыс болсын. Білімдірек шәкірт озар, қиынырақ сұрақ болсын».
Ойын шарты
Әр ойыншы 30 секунд ішінде 5 сұраққа жауап береді. Әр дұрыс жауап — 1 ұпай.
1-нұсқа
- Үш сызықтан пайда болған фигура? (үшбұрыш)
- Мектепке баратын баланың жасы? (6)
- Қосудың компоненттерін ата. (I қосылғыш, II қосылғыш, қосынды)
- Теңсіздік таңбалары. (>, <)
- 5 санының көрші сандары. (4, 6)
2-нұсқа
- Азайтудың компоненттерін ата. (азайғыш, азайтқыш, айырма)
- 100 рет ондық. (мың)
- Нашар баға. (2)
- 6 санының көрші сандары. (5, 7)
- 8 дм неше см? (80 см)
3-нұсқа
- 5 + 4 = (9)
- Төрт сызықтан пайда болған фигура? (тіктөртбұрыш)
- 4 м неше см? (400 см)
- 8 санының көрші сандары. (7, 9)
- Сағат 22:00-де жаңбыр жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күн жарқырап тұруы мүмкін бе? (жоқ)
Осы кезең бойынша ұпайлар жарияланып, келесі кезеңге ойыншылар өтеді.
6-тур — Көшбасшы
Қатысушылар: 3
«Көшбасшы» деген сайысым басталады. Бұл сайыста озып шығар қайсысың?
Ойын шарты
- Экрандағы түрлі-түсті ұяшық таңдалады.
- Ұяшықта жасырылған сұраққа жауап беріледі.
- Ойлануға 30 секунд беріледі.
- Дұрыс жауап — 10 ұпай.
- Ойынды ұпайы аз оқушы бастайды.
Қызыл ұяшық
Мына фигуралардың ішінде неше шаршы бар?
Жауабы: 3
Көк ұяшық
Үшбұрыштарды сана.
Жауабы: 10
Сары ұяшық
Қандай фигура жоқ?
Жауабы: үшбұрыш
Көрермендерге арналған логикалық сұрақтар
- Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнады? (2 сағат)
- Талда 10 торғай отырды. Аңшы біреуін атып еді, талда неше торғай қалды? (ешқайсысы: барлығы ұшып кетті)
- Үстелде 2 әке, 2 бала отыр. Барлығы неше адам? (3)
- Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай? (соңғы бала дорбамен бірге алды)
III. Қорытынды. Жеңімпаздарды марапаттау
Сөз кезегін әділқазыларға береміз. Олар қорытынды жасап, жеңімпазды анықтайды.
Құрметті қауым! Міне, «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойыны арқылы жеңімпазымыз анықталды. Ойынға белсенді қатысқан барлық оқушыларға алғыс айтамыз!