Салауатты өмір салтын ұстануға баулу
«Шынықсаң шымыр боласың!» сайысына қош келдіңіздер
Бүгінгі көңілді эстафеталық жарысқа 2, 3, 4-сынып оқушылары қатысады. Ортаға сайыскерлерді шақырамыз!
Мақсаты
- Салауатты өмір салтын ұстануға баулу.
- Спортқа деген қызығушылықты арттыру.
Міндеттері
- Әртүрлі спорттық ойын түрлерімен танысып, тәсілдерін меңгеру.
- Оқушылардың икемділігі мен ептілігін, мергендігі мен шапшаңдығын дамыту.
Түрі
Эстафеталық ойын
Көрнекілігі
Түрлі-түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, ысқырық, уақыт өлшеуіш.
Қатысушылар мен бағалау
Бүгінгі сайысқа 4 топ қатысады. Әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысып алайық.
Бағалау жүйесі: 5 балдық. Әр кезең сайын әділқазылар өз бағасын береді.
Болашақ спортшылар ортаға шықты — салауатты өмір салтын берік ұстанған, ешқашан мойымайтын сайыскерлерді қол соғып қарсы алайық!
Сайыс кезеңдері
Шарттар түсінікті болса, сайысымызды бастаймыз. Сіздерге сәт сапар!
I кезең: Секіртпемен секіру
Ептілік пен төзімділікШарты: секіртпемен секіріп, тапсырманы орындау.
II кезең: «Аққала»
Жылдамдық пен үйлесімШарттары:
- 1 Үлкен резеңке доптың үстіне отырып, секіріп жарысу.
- 2 Допты жерге ұрып отырып жүгіру.
- 3 Футбол добын теуіп барып, межеге жету.
- 4 Допқа шелекті кигізу.
III кезең: «Туннель»
ҰйымшылдықШарты: әр топқа матадан жасалған туннель беріледі. Әр ойыншы туннельдің ішінен өтіп, белгіленген жерге дейін жүгіріп, қайта орнына келеді.
IV кезең: Дартс
Нысанаға дәлдікШарты: дротиктер лақтырылады. Тиген ұпайлар есептеліп, ұпайы көп топ осы кезеңнің жеңімпазы атанады.
V кезең: «Мергендер»
Шапшаңдық пен мергендікШарты: әр ойыншы үрленген шарды атады. Жарылған шар саны есептеледі.
Топ ұрандары
1-топ
Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас.
2-топ
Бәріміз — біріміз үшін, біріміз — бәріміз үшін.
3-топ
Салауатты өмір салтын сақтаймыз, жаттығудан ешқашан да қашпаймыз.
4-топ
Парасатты, айбынды — боламыз біз сегіз қырлы, бір сырлы.
Қорытынды және марапаттау
Балалар өз өнерін көрсетіп, сайысымыз да мәресіне таяды. Енді сайыс шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.
Спорт — өмірдің көркі, спорт — досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың, шынығып өсіп, толарсың.
Салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!