Қарлы борау әдісі

Атырау қаласы

№11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қайрошева Гүлжихан ұсынған ашық сабақ жоспары (Қазақ тілі, 5-сынып).

Сабақтың тақырыбы

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

Қазақ тілі 5-сынып Ашық сабақ

Сабақ туралы қысқаша

Сабақтың типі
Білімді тексеру және есепке алу
Сабақтың түрі
Теориялық және практикалық жұмыстар
Сабақтың әдістері
«Қарлы боран», топтастыру

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

Оқушылардың грамматикадан меңгерген ережелерін тапсырмалар арқылы қайталап, бекіту.

2) Дамытушылық

  • Жауапты жылдам табуға үйретіп, тапқырлыққа дағдыландыру.
  • Жаттығу жұмыстары арқылы мағынаны таныту.
  • Есте сақтау мен ойлау қабілеттерін арттыру.

3) Тәрбиелік

Тіл дамыту жұмыстарын жүйелі әрі қызықты ұйымдастырудың тиімділігін сезіндіру.

Көрнекіліктер мен құралдар

  • Кеспе қағаздар
  • Плакат
  • Семантикалық карта
  • Маркер
  • Смайлик
  • Интербелсенді тақта

Негізгі идея

Сабақ барысында оқушылар буын үндестігі заңына бағынбайтын қосымшаларды мәтіннен табады, берілген сөздерге дұрыс жалғайды және семантикалық карта арқылы бекітеді.

Оқыту тәсілдері оқушының жылдам ойлауын, ережені қолдану дағдысын және топтық жұмыс мәдениетін дамытуға бағытталған.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Сыныпты үш топқа бөлу.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. «Қарлы боран» әдісі

«Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар» тақырыбын түсіндіру барысында оқушыларға сұрақтар құрастырып, өзара талдату.

III. Кітаппен жұмыс

317-жаттығу: Мәтіндегі қарамен жазылған сөйлемдерден буын үндестігі заңына бағынбайтын қосымшалар жалғанған сөздерді тауып, жазу.

IV. Практикалық тапсырма

Берілген сөздерге тиісті қосымшаларды жалғау (топтық жұмыс):

I топ

  • Әке
  • Қонақ
  • Бап
  • Сейфулл
  • Зиян

II топ

  • Апа
  • Ем
  • Сән
  • Жұмыс
  • Өсім

III топ

  • Дін
  • Аға
  • Жем
  • Күрек
  • Жансүгір

V. Бекіту: семантикалық карта

Қосымшалар

-хана -кер -бен -гер -тікі -кес

Тапсырма: сөздерге сәйкес қосымшаны таңдап, жұптастыру.

Сөздер

  • Ғарыш...
  • Самат...
  • Ас...
  • Зиян...
  • Қыз...
  • Сауда...