Құраған сөйлемдеріңді көшіріп жаз
Сабақ барысы
Төмендегі жоспар сөйлем тақырыбын қайталауға арналған: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын тексеру, жаңа материалды еске түсіру және жаттығулар арқылы бекіту.
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындықӨлең жолдары:
Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым — дара тілім.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Өтілген тақырыптар бойынша сұрақ-жауап жүргізіледі, көмекші сұрақтар қойылады және шағын тест алынады.
Тест сұрақтары
-
1) Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
- A) 3
- Ә) 2
- Б) 4
-
2) Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
- A) 3
- Ә) 2
- Б) 4
-
3) Мәтін деген не?
- A) Ұзын бір сөйлем
- Ә) Екі не одан да көп сөйлем
- Б) Бір сөйлемге жинақталған сөз тізбегі
-
4) Мәтіннің неше түрі бар?
- A) 3
- Ә) 4
- Б) 2
-
5) Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап.
- A) су-рет
- Ә) ау-а
- Б) қау-ын
-
6) «Қияр» сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?
- A) 4 дыбыс, 4 әріп
- Ә) 5 дыбыс, 4 әріп
- Б) 6 дыбыс, 4 әріп
III. Жаңа сабақ
Ребус арқылы тақырыпқа шығу
«Көйлек» сөзіндегі алғашқы к әрпінің орнына с әрпін, соңғы к әрпінің орнына м әрпін қойсаң, қандай сөз шығады?
Сөйлем нені білдіреді?
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
Сөйлем неден құралады?
Сөйлем бір-бірінен бөлек жазылатын сөздерден құралады; сөздер мағыналық байланыста болады.
Маңызды ережелер
- Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.
- Сөйлем соңына нүкте (.), сұрау (?) немесе леп (!) белгісі қойылады.
- Сөздер мағынасы арқылы байланысады.
- Сөйлем аяқталған ой ретінде оқылады.
Жаттығулар (1–7)
1-жаттығу (ауызша)
Қайсысы сөйлем?Мысал: «Кітап — білім бұлағы.»
2-жаттығу
Сөздердің байланысыСөйлемде сөздер бір-бірімен қалай байланысады? Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз. Сөздер өзгеріске түсті ме? Құраған сөйлемдеріңді көшіріп жаз. Өзгеріске түскен сөздердің астын сыз.
- 1) Көптеген кітаптарды оқы.
- 2) Сендерге білімді болуға кітаптар көмектеседі.
3-жаттығу
Мәтінмен жұмысЖақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп, мәтінді көшіріп жаз.
Алматы хайуанаттар бағына келушілер тоғанда жүзіп жүрген ләйлекке қызыға қарайды. Ләйлекті сырттай көкқұтанға ұқсатады. Бірақ ләйлектің қауырсыны ашық болады. Әрі бойы да биік.
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыс4-жаттығу
Тыныс белгілеріЕртегіні оқы. Неше сөйлем бар екенін анықта. Сөйлемдерге тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жаз. Ертегіні жалғастыр.
Арыстан мен түлкі
Арыстан қартаяды. Ол бұрынғыдай аң аулай алмайтын халге жетеді. Енді аңдарды айламен аулағысы келеді.
5-жаттығу (ауызша)
Нүктенің қызметіӨлеңді оқы. Нүкте не үшін керек? Нүктеден басқа қандай тыныс белгілерін қояр едің?
7-жаттығу
Сөйлем түрлері6-жаттығудағы сөйлемдерді тиісті «үйге» орналастырып, себебін дәлелде.
- 1) Ат жарысы басталды.
- 2) Алда келе жатқан кім?
- 3) Болат, бас қамшыны, бас!
IV. Қорытынды
Сөйлемнің түрлері мен тыныс белгілерін бекіту үшін жұмбақтар ұсынылады. Оқушылар ойланып, жауабын табады.
1-қатар
Мен де сөзден тұрамын,
Сұраулы ойды құрамын.
2-қатар
Өзім сөзден тұрамын,
Хабар мен нүкте жинағым.
3-қатар
Қуану, ренжу, өкіну —
Мақсатым соны сездіру.
Ұранды да айтамын,
Қарқындап барып қайтамын.
V. Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың жұмысы бағаланады.
VI. Үй тапсырмасы
Мұғалім тапсырманы сынып деңгейіне сәйкес нақтылап береді (сөйлем түрлері мен тыныс белгілерін қайталау, жаттығуларды толықтыру).
Есте сақтауға арналған қысқа түйін
Сөйлем
Аяқталған ойды білдіреді.
Басталуы
Бірінші сөз бас әріппен жазылады.
Аяқталуы
Нүкте, сұрау немесе леп белгісі қойылады.