Семья сөзінің аудармасы
Сабақтың тақырыбы
Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан.
Эпиграф
«Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.» (мақал)
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Қазақстан мемлекеті туралы алған білімді жүйелеу, оқушылардың ой-өрісін кеңейту және білім деңгейін көтеру.
Дамытушылық
Танымдық белсенділікті арттыру, тіл байлығын дамыту, өз ойын нақты жеткізу және қазақ тілінде еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік
Отансүйгіштікке баулу, туған жерді сүюге, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, мемлекеттік тілді құрметтеуге және ел тарихын қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың форматы мен ресурстары
Түрі
Панорамалық сабақ.
Әдіс-тәсілдер
- Ойын элементтері
- Сын тұрғысынан ойлау
- Топтастыру (кластер) стратегиясы
- Деңгейлік тапсырмалар
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Слайдтар және презентация
- Кеспе қағаздар
Негізгі ой
Отан — адамның туып-өскен жері. Тәуелсіздік, тіл, рәміздер мен бірлік — елді ұйыстыратын құндылықтар.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақты ширақ бастап, оқушыны тақырыпқа жетелеу.
- 1 Сәлемдесу.
- 2 Кезекшімен қысқа сұхбат.
-
3
Сөзжұмбақ шешу. Дұрыс шешім шықса, тігінен бүгінгі сабаққа байланысты сөз пайда болады:
- «Семья» сөзінің аудармасы;
- Әкенің әкесі;
- «Старший брат» сөз тіркесінің аудармасы;
- «Шеше» сөзінің синонимі.
Нәтиже: Отан.
Сұрақ
«Отан» деген не?
Отан — адамның туып-өскен жері, кіндік қаны тамған мекені.
Мақал-мәтелдер
- Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
- Отан оттан да ыстық.
- Отан отбасынан басталады.
Тапсырма
Отан туралы 1–2 оқушы тақпақ оқиды.
II. Жаңа сабақ
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Мақалда айтылғандай, Отансыз адам болмайды. Біздің Отанымыз — Қазақстан.
Қазақстан — тәуелсіз мемлекет. Сабақтың тақырыбы: «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан».
Оқушылардың бастапқы жауаптары: Қазақстан тәуелсіз мемлекет; астанасы — Астана; тұңғыш президенті — Нұрсұлтан Назарбаев; табиғаты бай, жері кең.
Мәтінмен жұмыс
«Көп сөз білсең, көкжиегің кең болар.»
Жаңа сөздер
- рәміздер
- символы
- ұлт өкілдері
- представители национальностей
- тату
- дружные
- ұлттық
- национальные
- тағам
- блюдо, еда
- табиғат
- природа
- мақтан етеміз
- гордимся
Оқу алгоритмі
- 1Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқиды.
- 21-қатар хормен қайталайды.
- 32-қатардан бір оқушы оқиды.
- 43-қатардан бір оқушы оқиды.
- 51 минут есте сақтауға уақыт беріледі.
- 6Сөз тіркестерін құрастыру.
Мәтін
Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Ол – тәуелсіз мемлекет. Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы алды. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күні аталып өтеді. Оның өз рәміздері бар. Олар: ту, елтаңба, әнұран. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстанда көп ұлт өкілдері тұрады. Олар тату. Әр халықтың өз салт-дәстүрі, ұлттық тағамдары, ұлттық ойындары бар. Қазақстанның табиғаты әдемі. Біз Отанымызды мақтан етеміз.
Аудирование
Мәтін не туралы? Оқушылар түсінгенін орыс тілінде қысқаша айтып береді.
Оқу және аудару
Оқушылар мәтінді тізбектеп оқып, аударады.
III. Мәтінді пысықтау
«Ауырсыз жеңіл жоқ.»
А) Деңгейлік тапсырмалар
1-деңгей
Мәтіннен 5 жуан және 5 жіңішке сөзді теріп жазу.
2-деңгей
Мәтіннен «қандай?» сұрағына жауап беретін сөздерді табу.
3-деңгей
Қазақстан туралы шағын диалог құрастыру.
Ә) «Не артық?» тапсырмасы
Оқушылардың түсіну деңгейін анықтау: «Неге олай деп ойлайсың?» — «Өйткені…» құрылымын қолдана отырып дәлелдеу.
IV. Жаңа білімді бақылау
«Өзіңді тексер.»
Интеллектуалды ойын
Оқушылар тақтаға шығып, сұрақ белгісін таңдап, берілген сұраққа жауап береді.
V. Қорытынды
«Білгенім – көңілге түйгенім.»
Топтастыру (кластер) стратегиясы
«Қазақстан туралы бүгін не білдік?» сұрағына жауап ретінде кластер құрастыру (дәптерге жазу).
Тірек-сызба бойынша сөйлемдер
- Менің Отаным – Қазақстан.
- Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.
- Астанасы – Астана қаласы.
- Мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
- Қазақстанның өз рәміздері бар.
- Қазақстанның табиғаты әдемі.
VI. Үй тапсырмасы
«Алғаныңды тиянақты.»
- 1 Тірек-сызба бойынша әңгімелеу.
- 2 Мәтін бойынша бес сұрақ құрастыру.
VII. Бағалау
Оқушылардың белсенділігі, мәтінді түсінуі, тапсырмаларды орындау сапасы және ауызша сөйлеу дағдылары бойынша бағаланады.
Қорытынды ой: «Еңбек етсең, емерсің.»