Қазақта дастар
Сабақтың тақырыбы
Қазақтың ұлттық дастарханы.
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі
Модульдік технология.
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Суреттер
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
- Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын түсіндіру.
- Қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеуге баулу.
- Тағамдардың жасалу жолдары туралы түсінік беру.
- Оқушылардың тілін дамыту, тыңдай білуге және ой бөлісуге үйрету.
- Грамматиканы қайталау.
2) Дамытушылық
- Қисынды ойлау қабілетін дамыту.
- Салт-дәстүр арқылы қазақ тілін үйренуге тұрақты қызығушылық қалыптастыру.
- Шығармашылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту.
3) Тәрбиелік
- Ұлттық тағамдардың пайдасын түсіндіру, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
- Жанашырлыққа, әсемдікке, тіл мәдениетіне баулу.
- Қазіргі заман талаптарына сай тәрбие беру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу: «Сәлеметсіңдер ме? Отырыңдар.»
Әр өткен сабағымыз — қуаныш. Ал қуанышта халқымыз не істеген? Шашу шашқан.
Шашу — тілек пен берекенің нышаны. Береке тілеп, шашу шашайық.
Ескерту: Кәмпитті жеп қана қоймай, сұрақтарға жауап беріп отырыңдар.
- Сыныпта кім жоқ?
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
II. Жаңа сөздер
еда, пища
дәм
не попробовав
ауыз тимей
гость
қонақ
гостеприимство
қонақжайлылық
III. Сұрақ-жауап
-
1. Қазақтың ұлттық тағамдарын атаңдар.
Шұжық, бесбармақ, қазы, қарта және т.б.
-
2. Шұжық қандай еттен жасалады?
Қой, сиыр, түйе, жылқы етінен.
-
3. Сенің сүйікті тағамың қандай?
Оқушының жауабы.
-
4. Қазақтың басты ұлттық тағамы қандай?
Ет.
-
5. Қымыз қандай сүттен жасалады?
Бие сүтінен.
-
6. Сүт тағамдарын атаңдар.
Шұбат, айран, қымыз.
-
7. Айран қандай сүттен жасалады?
Сиыр сүтінен.
-
8. Қазы, қарта, жая қандай еттен дайындалады?
Жылқы етінен.
-
9. Бесбармаққа қандай ет салынады?
Жылқы, сиыр, қой, түйе еті.
-
10. Жылқы етінің ерекшелігі қандай?
Жылқы еті қатпайды, майы тез тоңбайды.
-
11. Құрт неден жасалады?
Сүттен.
IV. Аударма тапсырмасы
Орысшадан қазақшаға аудар:
Из мясо конины готовят казы, карта, жал.
Жылқы етінен қазы, қарта, жал дайындайды.
Мына сөйлемді аудар:
Творог, курт, масло молочные блюда.
Сүт тағамдары — ірімшік, құрт, май.
V. Сергіту сәті
Оқушыларды тұрғызып, қысқа сергіту жаттығуын жасаймыз.
VI. Мақал-мәтелдер
Аудармасын дұрыс айт:
Когда в семье лад, все вкусно подряд.
Тату үйдің тамағы тәтті.
Мақалды аяқта:
Ат — адамның қанаты, ...
Ас — адамның қуаты.
Негізгі ұғым:
Қазақтың ұлттық дастарқанында тағамдардың негізгі үш түрі бар: ет, сүт, нан тағамдары.
VII. Дыбыстарды толықтыр
Берілген сөйлемдердегі түсіп қалған дауысты және дауыссыз дыбыстарды толықтырып жаз.
1)
Қаза... та ұлт... ық та... амдар ал... ан түрлі.
2)
Дастар... андағы д... м, та... амнан а... ыз тимей кетуге болмайды.
3)
Тамақ ішуге шақыр... анда, тама... ты к... п күтт... руге болмайды.
4)
Қазақта дастар... аннан, д... мнен үлкен н... рсе жоқ.
VIII. Грамматика: тәуелдеу
Берілген сөздерді тәуелде: ұлт, тағам, дастарқан.
Үй жұмысы
«Қазақтың ұлттық тағамдары» тақырыбында диалог құру.
Қорытынды және рефлексия
Сабақты қорытындылау үшін сұрақтарға жауап беріңдер:
Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен белсенділігіне қарай тиісті бағаларын қою.