Киімнің бөлшектерін қатырмамен өңдеу

Сабақ туралы мәлімет

Мектеп

Қызылорда қаласы, №1 мектеп-гимназия

Пән

Технология

Мұғалім

Ешпанова Лиза Шынәліқызы

Сабақ тақырыбы

Киімнің бөлшектерін қатырмамен өңдеу

Сабақтың типі

Дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың мақсаттары

Сабақ мазмұны бөлшектерге арналған аралық төсем материалдарды тануға, дұрыс таңдауға және тәжірибеде қолдануға бағытталған.

Білімділік

Желімді аралық материалдардың түрлерін, артықшылықтарын және бұйымға сәйкестігін анықтау.

Дамытушылық

Дублирин мен флизелин түрлерін ажыратып, олардың қолданылу мақсатын түсіндіру.

Тәрбиелік

Киім тігуде бірізділік пен ұқыптылықты сақтауға үйрету.

Құрал-жабдықтар және ресурстар

  • Оқулық: Технология 9 (2013), §23, 86–90-беттер.
  • Интерактивті тақта, слайдтар, бейнематериал.
  • Үлгілер мен дайын бұйымдар.

Сабақтың құрылымы

  1. 1 Кіріспе: ұйымдастыру кезеңі, қауіпсіздік техникасын сақтау (ҚТЕ).
  2. 2 Өткенді пысықтау: ой шақыру.
  3. 3 Танымдық кезең: жаңа тақырып (слайд-шоу).
  4. 4 Іскерлік және дағды: топтық жұмыс (бейнематериал).
  5. 5 Сергіту сәті: жаттығу және мақал-мәтелді жалғастыру.
  6. 6 Бекіту: сұрақтар, үй тапсырмасы.

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Жұмыс парақтарын тарату.
  • Сыныпты екі топқа бөлу: «Ателье» және «Сәндер салоны».
  • Топтарды бағалау парағын тақтаға ілу.
Топтың аты Ой шақыру Іскерлік кезең Сергіту сәті Бекіту кезеңі Ұпай саны
Ателье
Сәндер салоны

Өткен тақырыпты пысықтау (ой шақыру)

Сұрақтар

  1. Шалбар қандай бұйымға жатады?
  2. Шалбардың қандай түрлері бар?
  3. Қолданылуына қарай қалай бөлінеді?
  4. Шалбар тігу үшін қандай өлшемдер алынады?
  5. Лекалоны матаға жайғанда негізгі жіп қалай жатады?
  6. Суретті немесе торкөз матаны қалай пішеді?

Шалбар тігу технологиясының кезеңдері

  1. Жобалау, эскиз жасау.
  2. Модельге лайықты мата таңдау.
  3. Сызба мен үлгі дайындау.
  4. Модельдеу және пішу.
  5. Шалбарды тігу, ЫЖӨ (ылғалды-жылумен өңдеу).
  6. Бөлшектерді өңдеу.
  7. Бұйымды аяқтау және сәндеу.

«Білгім келеді!»

Белдік бұйымдардың, сырт киімдердің және жейделердің кей бөліктері жұмсақ, ал кей бөліктері қатты болып тұрады. Неліктен? Жағалар, манжеттер, белдіктер, жакет пен костюмдер қағаз сияқты формасын сақтап тұруы үшін не қажет деп ойлайсыңдар?

Жаңа тақырып: желімді аралық материалдар

Желімді материалдар бөлшектерді немесе бұйым шеттерін бекітуге, сондай-ақ жұқа материалдардан тігілген киімдерді өз формасында ұстауға қажет. Желімді аралық төсемдердің бір бетінде балқымалы жабын болады.

Мұндай төсемдерді қолдану жеңіл: жұмыс уақытын қысқартып, қол еңбегін азайтады. Қазіргі кезде желімді төсемдердің түрі өте көп, сондықтан матаның түріне қарай дұрыс таңдау жасау маңызды.

Желімді материалдардың түсі, тығыздығы, қалыңдығы және ені әртүрлі болады. Олар мата және беймата негізінде шығарылады; дүкендерде жайма, тор, жіп, жолақ түрінде сатылады.

Дублирин

  • Көбіне әмбебап төсем ретінде қолданылады.
  • Көлемді, желімделуі қиын маталарды қатырмалауға тиімді.
  • Нүктелік әдіспен бір бетіне желім жағылған, экологиялық таза.
  • Бояуға төзімді, жиырылмайды және отырмайды.

Ескерту: бедерлі және сусымалы маталарға кейде толық жабыспауы мүмкін.

Флизелин

  • Беймата негізді материал.
  • Бір жағы тұтас желімді болуы мүмкін.
  • Көлденең бағытта созылатын синтетикалық түрлері кездеседі.

Дұрыс марканы таңдау матаның текстурасына және тығыздығына тікелей байланысты.

Аралық төсем маркасы Ұсынылатын маталар Үтікпен өңдеу ережесі
H 180 флизелин Жібек, вискоза, атлас Құрғақ, жай басу, «жібек» режимі
H 200 флизелин Тығыз жұқа маталар (твид) Құрғақ, жай басу, «жүн» режимі
H 250 флизелин Мақта, полиэфирлі маталар Құрғақ, жай басу, «жүн» режимі
H 315 флизелин Жүн маталар 10–12 с ылғалдап, қатты басу
H 410 флизелин Жеңіл, орташа жүн мата 10–12 с ылғалдап, қатты басу
Ғ 220 флизелин Қатаң, ыстыққа төзімді мата 8 с құрғақ, қатты басу
LE 420 флизелин Лайкра, мақпал, жасанды былғары, жылуға төзімді 8 с құрғақ, жай басу

Есіңде ұста

Жұмсақ маталарға H180, қаттылау маталарға H200 және H250 маркалы флизелин қолайлы. Костюмдік және пальтолық маталарға C405, H310 сияқты тығызырақ төсемдер қажет.

Практикалық бөлім: топтық жұмыс

Мақсат — мата бөлшегін қатырмалау (желімді аралық төсеммен өңдеу) жұмысын орындау.

«Ателье» тобы

Тапсырма: жағаны қатырмалау.

«Сәндер салоны» тобы

Тапсырма: қалтаны қатырмалау.

Жұмысқа нұсқау

  1. Мата бөлшегін үтікпен тегістеп алыңыз.
  2. Мата бөлшегінің өлшеміне дәл келетін флизелинді (немесе дублиринді) қиып дайындаңыз.
  3. Мата бетіне төсемді орналастырып, үстінен шыт матасын төсеп үтіктеңіз.
  4. Бөлшекті өлшеп, артық шеттерін қырқып, өңдеуді аяқтаңыз.

Сергіту сәті

Қысқа жаттығулар

  1. Терең дем алып, қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшына тұрыңыз. Қолды түсіріп, дем шығарыңыз.
  2. Оң қолды жоғары көтеріп, 2 секунд тұрыңыз. Одан кейін шашыңызды реттеп алыңыз.

Мақалды жалғастыр

  1. Еңбегі аздың — __________ аз.
  2. Еріншектің — __________ бітпес.
  3. Еңбектің __________ тәтті, жалқаудың __________ тәтті.
  4. Келген дәулет, кеткен — __________.
  5. Еңбек түбі — __________.
  6. Көз қорқақ, қол — __________.
  7. Ердің атын __________ шығарар.
  8. Өнерлінің қолы — __________.

Пайдалы кеңес

Күнделікті киім кейде шегеге немесе басқа затқа ілініп, жыртылып қалуы мүмкін. Осындай жерлерді бұйымның ішкі жағынан желімді аралық материалмен жапсырып, тез әрі ұқыпты түрде бекітуге болады.

Бекіту: сұрақтар және үй тапсырмасы

Бекіту сұрақтары

  1. Желімді аралық төсемдер не үшін пайдаланылады?
  2. Желімді маталардың қандай түрлерін білесіздер?
  3. Киім формасы мен көлемі сақталуы, жуылғанда бұзылмауы үшін қандай аралық төсемдер қолданылады?
  4. Дублирин дегеніміз не?
  5. Флизелин дегеніміз не?
  6. Перде ламбрекендері үшін қандай аралық төсем пайдаланған дұрыс?

Үй тапсырмасы

Белдікті пішіп, қатырмамен өңдеу.

Қорытынды

Матаның формасын сақтау, жаға, өңір, манжет сияқты маңызды бөлшектерге қажетті қаттылық беру үшін аралық төсем материалдары қолданылады. Оқушылардың жұмысы топтық бағалау парағы арқылы бағаланады.