Түрін анықта

10-сыныпқа арналған қазақ тілі бақылау жұмысы (I нұсқа)

Бұл бақылау жұмысы үш бөлімнен тұрады: А — тілдік талдау тапсырмалары, Б — құрмалас сөйлемдерді толық талдау, С — өз пікіріңді дәлелдеп жазу.

А бөлімі — сөз таптары және шылаулар

1) Асты сызылған сөздер

  • Асты сызылған сөздерді көшіріп жаз.
  • Олардың сөз табын және мағыналық тобын анықта.

2) Көп нүктенің орнына қажетті шылауларды қой

  • Ауылдан бүгін Әсем келеді..., Кәкен келеді.
  • Әңгімені аудару маған қиын болды,... аудардым.
  • Күн кешкіріп кетсе.... амалсыз әрі қарай жүре бердік.
  • Күн бұлтты болды,... жаңбыр жаумады.
  • Су табиғатта кең тараған,.... бүкіл атмосфера судан тұрады.

3) Шылаулардың түрін ажырат

Жоғарыдағы сөйлемдердегі қолданылған шылаулардың түрін (жалғаулық, септеулік, демеулік) анықта.

Б бөлімі — құрмалас сөйлемдерді талдау

Төмендегі құрмалас сөйлемдерді толық сөйлем мүшелеріне талда және әр сөйлемге мінездеме жаз.

  • Раушанды көргеннен кейін, әңгімелерін тоқтата қойды.
  • Жасқа ұстаздық етсең, болашақтан тірек табарсың.
  • Үйлердің есіктері сықырлап ашылып, шамдары жанды.
  • Амантайды Балтабек танығанмен де, Ботагөз танымайтын.
  • Жұрт жиналып болған соң, Әлкен көрген-білгенін асықпай айтып берді.

С бөлімі — өз ойыңды білдір

1) Бюджетті жоспарлау керек пе?

Жауабыңды түсіндір, дәлел келтір.

2) Қонақжайлылықтың қандай шарттары бар?

Атап шық және қысқаша негізде.

10-сыныпқа арналған қазақ тілі бақылау жұмысы (II нұсқа)

Бұл нұсқада да тапсырмалар үш блокқа топтастырылған: А — құрмалас сөйлем құрастыру және түрін анықтау, Б — сөздермен жұмыс және мәтін бойынша талдау, С — диалог құрастыру.

А бөлімі — сөйлемді аяқтап, құрмаласқа айналдыр

Берілген сөйлемдерді аяқтап, құрмалас сөйлемдерге айналдыр және түрін анықта. (Барлығы: 12 ұпай)

  • Бірнеше археологиялық ескерткіштерді тауып....
  • Шоқан кішкентай кезінен....
  • Ғалымдар — данышпан адамдар....
  • Ғалымдар өз елін, жерін сүйген....
  • Ол кітапханаға бара жатса....
  • Көп кітап оқымай....

Б бөлімі — сөздермен жұмыс және мәтін талдауы

1) Асты сызылған сөздер

  • Асты сызылған сөздерді көшіріп жаз да, олардың сөз табын анықта.
  • Әр дұрыс жауап: 1 ұпай. Барлығы: 10 ұпай.

2) Мағыналық тобы мен құрамын анықтау

Осы сөздердің мағыналық тобын және құрамын анықта. Әр дұрыс жауап: 1 ұпай. Барлығы: 20 ұпай.

Мәтін (талдауға арналған үзінді)

Абайдың жасы он үшке келгенде, әкесі оны асығыс ауылға алдырды. Ол балаларының ішінен әзірге өзіне көмекші, кейін орнын басар мұрагер іздегенде, Абайға тоқтайды. «Әке — балаға сыншы» деген мақал бар. Оның үстіне Құнанбай сияқты көреген де дана әке қателеспейді. Он үш жасар балаға үлкендермен келелі істерді кеңесу оңай ма? Бірақ ақылды бала тез төселіп, ел басқару ісіне еркін араласып кетеді.

Ақынның өмірбаяны туралы алғаш жазған жақын туысы Кәкітай: «Он бес жаста балалық қылмай, үлкендермен білімі артып, жұртты өзіне қаратып, әкесіне үлкен көмегі тиген», — дейді. Жиырма жасында Абай халық ортасында бәрінен озық шешен болған.

С бөлімі — диалог құрастыру

Тақырып: «Қазақ халқының ғалымдары»

Кемінде 10 сөйлемнен тұратын диалог құрастыр. (10 ұпай)

5

45–52 ұпай

4

39–44 ұпай

3

26–38 ұпай

10-сыныпқа арналған қазақ тілі бақылау жұмысы (2-нұсқа)

Бұл нұсқада шылаулар, құрмалас сөйлемдер және пікір жазу тапсырмалары беріледі.

А бөлімі — сөз таптары және шылаулар

1) Асты сызылған сөздер

  • Асты сызылған сөздерді көшіріп жаз.
  • Олардың сөз табын және мағыналық тобын анықта.

2) Көп нүктенің орнына қажетті шылауларды қой

  • Қар жауды,....... мен жылы киіндім.
  • Оның қуанғаны....... бетімнен сүйіп алды.
  • Күн батқан......, қонақтар үйлеріне тарады.
  • Ресми әңгімені басынан бастау........ Омармен кездескен күнді есіне түсірді.
  • Қатты жаңбыр жауса......, біз орманға аттандық.

3) Шылаулардың түрін ажырат

Қойылған шылаулардың түрін анықта (жалғаулық, септеулік, демеулік).

Б бөлімі — құрмалас сөйлемдерді талдау

Құрмалас сөйлемдерді толық сөйлем мүшелеріне талда және әр сөйлемге мінездеме жаз.

  • Айқай ұзаққа созылды да, жиналған халық еш нәрсені түсінбей қалды.
  • Асқар тау биік дер едім, бірақ көрініп тұр төбесі.
  • Ата-аналар балаларын балабақшаға апарады, өйткені олар мектепте жұмыс істейді.
  • Ерте заманда халықты хан билепті, әрі халық ханнан зар илепті.
  • Партизандар ұзақ жорықтан шаршап келсе де, алған бағыттарына қарай аяқтарын тез басады.

С бөлімі — өз ойыңды білдір

Қонақжайлылықтың қандай шарттары бар?

Атап шық және қысқаша түсіндір.

Бағалау

  • А бөлімі: 1, 2, 3-тапсырмаларды толық орындаса — 3 ұпай.
  • Б бөлімі: 1, 2-тапсырмаларды толық орындаса — 4 ұпай.
  • С бөлімі: толық орындаса — 5 ұпай.

Мәлімет

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Майқайың кенті, №2 жалпы орта білім беру мектебі КММ.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Тонтаева Қарлығаш Қуанышевна.